Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Орталық сайлау комиссиясының мүшесімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында Қызылорда облысына келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловпен кездесті.
Кездесуде пилоттық негізде өткізілетін аудан әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы Мемлекет басшысының бастамаларын әрқашан қолдайтынын айтты. Асылбек Смағұлов сайлауды ашық әрі заң талаптарына сай өткізудің маңыздылығын атап өтіп, саяси науқан өңірде жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына сенім білдірді.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі сайлау өтетін екі аудандағы бірнеше сайлау учаскесін аралап, дайындық барысын көрді. Әрі қарай екі ауданда жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңеске қатысты.
Еске салсақ, 5 қараша күні Қызылорда облысының Сырдария және Шиелі аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтеді.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы