Лого

Меню

Страницы

Статья

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Смағұлов Қызылорда өңіріндегі пилоттық сайлау өтетін аудандарға инспекциялық сапармен келді

2-3 қазан аралығында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жөніндегі науқанды ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов инспекциялық сапармен Қызылорда облысына келді.

Инспекциялық сапардың негізгі мақсаты - алдағы әкімдерді тікелей сайлауды өткізетін аудандық сайлау комиссияларына баса назар аудара отырып, өңірлік сайлау органдарына әдістемелік көмек көрсету.

Айта кету керек, 5 қараша күні өтетін сайлау Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады.

Асылбек Смағұлов пилоттық сайлау өтетін екі ауданда орналасқан бірнеше сайлау учаскелерін аралап, іскерлік ойын тәжірибесін бақылап көрді. Онда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің дауыс беру күні тиісті іс-қимыл алгоритмінің жұмысы көрсетілді. Асылбек Айжарықұлы комиссия мүшелерімен пікірлесіп, сайлау өткізу бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, сайлауды ашық әрі заң талаптарына сай өткізу маңызды міндет екенін алға тартты.
Әрі қарай екі ауданда жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңес жұмысына қатысты. Семинар аясында аудан әкімінің аппарат басшылары сайлаушылар тізімін жасақтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын баяндаса, құқық қорғау органдарының өкілдері сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтаудың барлық алғышарттары жасалатынын мәлімдеді.

Жиында сайлау науқанының негізгі ерекшеліктері, сайлауды ұйымдастырудан бастап дауыс беру күніне дейінгі сайлау рәсімдері, әкімге кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, сайлау алдындағы үгіт жүргізу, учаскелік сайлау комиссияларының сайлауға дайындық кезеңінде және оны өткізу күніндегі қызметі түсіндірілді.

Іс-шараларға 250-ге жуық комиссия мүшесі қатысты.

 

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы