Лого

Меню

Страницы

Статья

Пилоттық сайлау өткізілетін елді мекендерде комиссия мүшелері оқытылды

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы пилоттық сайлау өтетін Сырдария және Шиелі аудандарының аумақтық және учаскелік комиссия мүшелеріне арнап оқыту семинарын өткізді.
Екі күндік оқу ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Аудандық прокуратура және полиция бөлімінің басшылары сайлау процесінің негізгі заңнама шеңберінде өтуіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Арнайы спикерлер сайлау заңнамасын сақтау, құжаттамаларды толтыру, үгіт кезеңінде заң бұзушылықтарды болдырмау, байқаушылар және сенім білдірген азаматтармен жұмыс жүргізу, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау тақырыптары аясында дәріс оқыды.
Семинар аясында төрағалар, орынбасарлар және комиссия хатшылары арнайы топтарға бөлініп оқытылып, өзекті сұрақтар аясында кері байланыс жасады.
Әрі қарай оқыту өзге де комиссия мүшелері үшін каскад әдісімен жалғасты. Семинардың офлайн және каскадтық әдісі аясында барлығы 388 мүше оқумен қамтылды.
Айта кетейік, аудан әкімдерінің сайлауы 5 қараша күні өтеді.
Бүгінгі күні Сырдария ауданында 18 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Мұнда 120 комиссия бар. Ал, Шиелі ауданында 40 сайлау учаскесінде 268 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Дата публикации
02 октября 2023
Дата обновления
02 октября 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы