Әлеуметтік нысандардың құрылысы
Мемлекет Басшысы Парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысында, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек деп, жауапты және шұғыл міндеттер мен тапсырмалар берген болатын.
2026 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 300,5 млрд. теңгеге жетіп, бірыңғай өсім динамикасы қалыптасуда.
Ал, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 684,7 мың шаршы метрге жетіп, көрсеткіш 101,1 пайызға орындалды.
Жалпы жыл соңына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2026 жылдың 9 айында құрылыс саласына 206,1 млрд. теңге бөлініп, 63 жобаның құрылысы жүзеге асуда. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласында – 4 нысан, спорт саласында – 8 нысан, мәдениет саласында – 3 нысан және жұмылдыру дайындығы бойынша – 2 нысан, инженерлік инфрақұрылым желілері (ИКИ) – 43 нысанның және Сол жағалаудан 7-қабатты 84-пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Биыл облыс орталығында Басқарманың тапсырыс беруімен құны 54,3 млрд. теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананы және 9,8 млрд. теңгеге Титов шағын ауданында 400 келушіге арналған №5 емхананы пайдалануға беру жоспарланған.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды ірі жобалардың қатарында, жабық олимпиадалық бассейн, 2000 орындық әмбебап зал, түрлі спорт секцияларымен қамтылған, әлемдік сайыстарды өткізуге бейімделген құны 20,5 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда Арена» кешенінің құрылысын да жыл соңына дейін толық аяқтап, ел игілігіне табысталатын болады.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында құны 52,7 млрд. теңгені құрайтын 200 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Сол жағалаудан 14,7 млрд. теңге қаржыға 500 келушіге арналған емхана құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Өңірімізде өткен Құрылтайдың V отырысында берген Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құны 34,4 млрд. теңгені құрайтын Қызылорда қаласында драма театр құрылысы және құны 20,0 млрд. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысы басталуда.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
«Қызылорда қаласында Әл-Фараби шағын ауданындағы инновациялық-шығармашылық орталығының құрылысы (толық бітіріп берілетін)» жобасына облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен жеңімпаз жобалаушы мекеме анықталды. Бүгінгі күнге жер телімінің құжаттары рәсімделуде, тиісті техникалық шарттары мен жоба алды құжаттары жинақталып, топографиялық түсірілім жасалуда.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан тез құрастырмалы өрт сөндіру депо құрылысы» жобасына облыстық бюджеттен 40,1 млн. теңге бөлініп, жобалаушы мекемемен келісім-шарт рәсімделді. Бүгінгі күнге тиісті техникалық шарттары мен жоба алды құжаттары жинақталып, топографиялық түсірілім жасалуда.
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша облыс аумағында 583 758 шаршы метрді құрайтын 2298 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 103,5%-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 569 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 487 эскиздік жобасы, сонымен қатар 583 758 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2026 жылы «Қызылорда облысы елді мекендердің (ауылдық елді мекендерді қоса алғанда) бас жоспарлары мен ЕТЖЖ әзірлеу мен бекітудің Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 45 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 5 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. Қазіргі таңда аталған жобалардың веторлық және расторлық схемалары «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның қарауына ұсынылды.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;
Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті;
2 және 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үй;
Облыс,аудан және ауылдардың кіреберіс тұсына қойылатын белгілердің эскиздік жобалары ұсынылды.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылдың қаңтар-тамыз Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 583,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (103,5%).
2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 80,5 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 33,8 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 46,7 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға:
Бағалы қағаздар шығару есебінен 3,5 млрд.теңге қаржыға Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 252 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын жаңа пәтерлер сатып алуға бюджеттен барлығы 77,0 млрд. теңге қаржы қаралды, оның ішінде облыстық бюджеттен 33,8 млрд. теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен 43,2 млрд. теңге. Бөлінген қаржыға тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың ішінен халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында арендалық 4652 дайын жаңа пәтер (Қызылорда қаласы – 4302 пәтер, Арал ауданы – 50, Қазалы ауданы - 50, Қармақшы ауданы - 50, Жалағаш ауданы – 50, Сырдария ауданы – 50, Шиелі ауданы – 50, Жаңақорған ауданы – 50 пәтер), Қызылорда қаласында әлеуметтік кредиттік 945 және апатты үйлер тұрғындарына 135 дайын жаңа пәтер сатып алу жоспарланған.
2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 43 жобасын (су -3, кәріз – 1, электр. - 26, жылу - 1, газ – 5, кешенді ики -7) жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 23,1 млрд.теңге (ОБ – 7,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,8 млрд.теңге).
қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 10 жоба;
- Арал ауданы – 7 жоба;
- Қазалы ауданы – 2 жоба;
- Қармақшы ауданы – 4 жоба;
- Жалағаш ауданы – 1 жоба;
- Сырдария ауданы – 4 жоба;
- Шиелі ауданы – 9 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 6 жоба.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тікелей тапсырыс беруімен 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша құрылыс саласына 31,1 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау – 2
Спорт – 2
Жұмылдыру дайындығы – 1
2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласының Сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін 3 үлкен нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, Титов мөлтек ауданында 400 орындық №5 емхана және көпфункционалды «Қызылорда Арена» кешені).
Сол жағалаудан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстары 2023 жылдан бері жүзеге асуда. Нысанның бас мердігері «Мелиоратор» ЖШС. Жоба құны 50,4 млрд. теңге. Жер телімі 6,8 га, ғимараттың жалпы ауданы 47995,28 шаршы метр құрайды. 3, 5, 7, 9 қабатты блоктардан құралған барлығы 10 блоктан тұрады. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 70% орындалған.
«Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың шілде айында басталды. Нысанның бас мердігері «ASPAN HOLDINGS» ЖШС. Жоба құны 20,0 млрд. теңге. Жер телімі 2,1 га, ғимараттың жалпы ауданы 25540,67 ш/м құрайды. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 65% орындалған.
Қызылорда қаласы Титов ш/а 400 келушіге арналған №5 емхананың құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталды. Нысанның бас мердігері «Отау-Строй» ЖШС. Жоба құны 9,3 млрд. теңге. Жер телімі 1,5 га, ғимараттың жалпы ауданы 8937,71 ш/м құрайды. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 35% орындалған.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
Қазіргі таңда Қызылорда қаласынан 2 жаңа ірі жобаның құрылысы басталуда: олар – 200 орындық перинаталдық орталығының құрылысы және Сол жағалаудан 500 келушіге арналған емхана құрылысы.
Сонымен қатар, биыл қаңтар айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласынан құны 20,0 млрд. теңгені құрайтын және тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңа кітапхана құрылысы және құны 20,0 млрд. теңгені құрайтын жаңа драма театр құрылысы басталды.
Жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша: «Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес, «Қызылорда қаласы Сол жағалау шағын ауданында тез құрастырмалы өрт сөндіру депо құрылысының» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 42 884,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2026 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша облыс аумағында 353 044 шаршы метрді құрайтын 1 310 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 100,7%-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 569 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 487 эскиздік жобасы, сонымен қатар 353 044 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2026 жылы «Қызылорда облысы елді мекендердің (ауылдық елді мекендерді қоса алғанда) бас жоспарлары мен ЕТЖЖ әзірлеу мен бекітудің Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 45 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 5 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. Қазіргі таңда аталған жобалардың веторлық және расторлық схемалары «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның қарауына ұсынылды.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;
Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті;
2 және 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үй;
Облыс,аудан және ауылдардың кіреберіс тұсына қойылатын белгілердің эскиздік жобалары ұсынылды.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
Тұрғын үй құрылысы және
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы
2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 249,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (101%).
2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 55,6 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 40,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға:
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 168 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2,5 млрд.теңге).
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматттарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын 2277 пәтер сатып алынады (53,1 млрд.теңге), оның ішінде 1332 арендалық (халықтың осал топтарына Қызылорда қаласы – 1292, Жаңақоран ауданы – 40 пәтер), Қызылорда қаласында 945 кредиттік пәтер.
2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 14 жобасын (электр. - 11, жылу - 1, кешенді ики -2) жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 5 жоба;
- Арал ауданы – 3 жоба;
- Қазалы ауданы – 1 жоба;
- Шиелі ауданы - 3 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 2 жоба.
Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында 2 жобаның құрылысы аяқталып, 1 жылу қазандығы, 52,8 км электр желілері пайдалануға берілді.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тікелей тапсырыс беруімен 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша құрылыс саласына 23,6 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау – 2
Спорт – 2
Жұмылдыру дайындығы – 1
2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласының Сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін 3 үлкен нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, Титов мөлтек ауданында 400 орындық №5 емхана және көпфункционалды «Қызылорда Арена» кешені).
Биыл қаңтар айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласынан тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңа кітапхана құрылысы және жаңа заманауи драма театр құрылысы бастау алатындығы хабарланды.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
Биыл 2026 жылы Басқарма тарапынан демеушілік есебінен 2 ірі жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Олар – 200 орындық облыстық перинаталдық орталығы және Жаңа драма театр құрылысы. Бүгінгі күнге бұл екі жобаның тиісті жер телімдері табысталып, жоба алды құжаттары толық рәсімделді. Жоба-сметалық құжаттамалар толық әзірленгеннен кейін, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылатын болады.
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша облыс аумағында 159 426 шаршы метрді құрайтын 585 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 102,2%-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 403 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 347 эскиздік жобасы, сонымен қатар 159 426 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, 3 жоба аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. 1 жоба бойынша аудандық мәслихатпен бекіту шаралары жүргізілуде.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;
Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 159,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (102,2%).
2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 55,6 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 40,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға:
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 168 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2,5 млрд.теңге).
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматттарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын 2232 пәтер сатып алынады (53,1 млрд.теңге), оның ішінде 1332 арендалық (халықтың осал топтарына Қызылорда қаласы – 1292, Жаңақоран ауданы – 40 пәтер), Қызылорда қаласында 900 кредиттік пәтер.
2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 13 жобасын (электр. - 10, жылу - 1, кешенді ики -2) жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 5 жоба;
- Арал ауданы – 3 жоба;
- Шиелі ауданы - 3 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 2 жоба.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
2025 жыл бойынша 12 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 6 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау саласы – 3 нысан;
Спорт саласы – 2 нысан;
Инженерлік желілер – 1нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Нысандар пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
1.Қызылорда қаласында С. Бейбарыс көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу;
2.Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатаханасы бар 400 орындық физика математика бағытындағы мектеп құрылысы;
3.Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп құрылысы. Түзету;
4.Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде "Руханият" орталығының құрылысы. Байланыстыру;
5.Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте
20 орындық спортзал мен асхана салу;
6.Шиелі ауданының Шиелі кентінде көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратын блок қосып сала отырып реконструкциялау;
7.Қызылорда қаласында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы;
8.Шиелі ауданы, Шиелі кенті Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшенің құрылысы;
9.Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Су қысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету;
10.Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындықөнер мектебін салу. Байланыстыру;
11.Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында музыкалық колледж құрылысы;
12.Қызылорда қаласында 11 мың орындық стадион құрылысы;
13.Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау;
14.Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы. (Байланыстыру);
15.Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж. Нұрмұхамедұлы көшесі, 181 мекен-жайы бойынша Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына 42 төсектік жапсарлас құрылысты реконструкциялау;
16.Арал ауданы Арал қаласында Арал аудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау;
17.Қызылорда қаласының Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан "Достық үйінің" құрылысы.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2025 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 14 өтпелі (жалпы құны 146 670,102 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау нысаны – 4 жоба:
«Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы»;
«Қызылорда қаласында 400 орындық емхана құрылысы».
«Қызылорда қаласындағы 500 орындық емхана құрылысы»;
«Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орнына арналған көп бейінді аурухана (онкологиялық бөлімшемен) салу» (алаңнан тыс электрмен жабдықтау желілерінсіз) ЖЖ Түзету»;
Спорт саласы – 5 жоба:
«Байқоныр қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу»;
«Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы»;
«Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту»;
«Қызылорда қаласында 7 мың орынға арналған стадион құрылысы. Сыйымдылығы 11 мың орынға дейін арттыру үшін түзету»;
«Қызылорда қаласының сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы».
Білім саласы – 2 жоба:
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы музыкалық колледж құрылысы. (нөлден жоғары). Абаттандыру. Сыртқы инженерлік желілер.Түзету»;
«Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы.Түзету».
-Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту - 1 жоба:
«Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы».
Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба:
«Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы».
-Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту – 1 жоба:
«Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Сабалақ» шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу)».
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша облыс аумағында 939 279 шаршы метрді құрайтын 4964 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 108,4 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 2680 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 2646 эскиздік жобасы, сонымен қатар 939 279 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 3 қала құрылыстық жобалар «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Аудан орталықтары мен ауылдық округтердің кіреберіс қақпалары;
Жаланаш ауылындағы 150 орындық мектеп;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Тұрғын үй құрылысы
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қорытындысымен 939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,4% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 36,0 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге,ОБ – 10,8 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 21,3 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 734 пәтерді құрайтын 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 7 қабатты 84-пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаржысы есебінен 1822 дайын жаңа пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласы - 1490, Арал ауданы – 60, Қазалы ауданы – 80, Қармақшы ауданы – 60, Шиелі ауданы – 52, Жаңақорған ауданы - 80).
Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 пәтер сатып алынды.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 34 жобасын (су және кәріз – 2, электр. - 20, жылу - 3, газ - 1, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -5) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 15,9 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,7 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 10,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
-Қызылорда қаласы – 12 жоба;
-Арал ауданы – 4 жоба;
-Қазалы ауданы – 1 жоба;
-Қармақшы ауданы – 2 жоба;
-Сырдария ауданы – 1 жоба;
-Шиелі ауданы - 4 жоба;
-Жаңақорған ауданы – 10 жоба.
Жыл қорытындысымен 16 жобаның құрылысы аяқталып, 270,2 км инженерлік желілер (су – 23,3 км, кәріз – 2,6 км, электр – 216,6 км, газ – 22,6 км, жылу – 5,1 км, бас жоспар абаттандыру – 4,2 га) пайдалануға берілді.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
2025 жыл бойынша 9 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 10 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 1 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 5 нысан;
Мәдениет саласы – 1 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды: Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
1. Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте 20 орындық спортзал мен асхана салу;
2. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде "Руханият" орталығының құрылысы. Байланыстыру;
3. Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп құрылысы. Түзету;
4. Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатаханасы бар 400 орындық физика математика бағытындағы мектеп құрылысы;
5. Қызылорда қаласында С. Бейбарыс көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу;
6. Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындықөнер мектебін салу. Байланыстыру;
7. Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында музыкалық колледж құрылысы;
8. Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Су қысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету;
9. Қызылорда қаласында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы;
10.Шиелі ауданының Шиелі кентінде көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратын блок қосып сала отырып реконструкциялау;
11.Шиелі ауданы, Шиелі кенті Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшенің құрылысы.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2025 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 11 өтпелі (жалпы құны 77 412,556 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
- Денсаулық сақтау нысаны – 2 жоба:
• «Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы»;
• «Қызылорда қаласында 400 орындық емхана құрылысы».
- Спорт саласы – 5 жоба:
• «Байқоныр қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу»;
• «Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы»;
• «Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту»;
• «Қызылорда қаласында 7 мың орынға арналған стадион құрылысы. Сыйымдылығы 11 мың орынға дейін арттыру үшін түзету»;
• «Қызылорда қаласының сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы».
- Білім саласы – 2 жоба:
• «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы музыкалық колледж құрылысы. (нөлден жоғары). Абаттандыру. Сыртқы инженерлік желілер.Түзету»;
• «Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы.Түзету».
- Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту - 1 жоба:
• «Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы».
- Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба:
• «Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы».
Сонымен қатар, 3 нысанның ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.
Оның ішінде:
Денсаулық сақтау нысандары 2 жоба:
• «Қызылорда қаласындағы 500 орындық емхана құрылысы»;
• «Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орнына арналған көп бейінді аурухана (онкологиялық бөлімшемен) салу» (алаңнан тыс электрмен жабдықтау желілерінсіз) ЖЖ Түзету»;
Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту -1 жоба
• «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Сабалақ» шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу)».
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша облыс аумағында 564 141 шаршы метрді құрайтын 2474 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 101,1 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 1561 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 1588 эскиздік жобасы, сонымен қатар 564 141 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 564,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 48,5 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ – 4,2 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 40,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үй,
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үй. Бүгінгі күнге 8 кредиттік тұрғын үйдің (320 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 292 пәтер , бағалы қағаздар шығару есебінен облыс бойынша 2688 пәтер сатып алу жоспарланған (Қызылорда қаласы -2238, Арал ауданы – 100, Қазалы ауданы – 100, Қармақшы ауданы – 50, Шиелі ауданы – 100, Жаңақорған ауданы - 100).
Облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 42 пәтер сатып алынатын болады.
Жыл басынан Қызылорда қаласында 345 пәтер сатып алынды. Қалған пәтерлер жыл аяғынан дейін сатып алынатын болады.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 57 жобасын (су – 6, электр. - 31, жылу - 2, газ - 9, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -6) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 35,5 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 30,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 12 жоба;
- Арал ауданы – 6 жоба;
- Қазалы ауданы – 7 жоба;
- Қармақшы ауданы – 2 жоба;
- Жалағаш ауданы – 1 жоба;
- Сырдария ауданы – 3 жоба;
- Шиелі ауданы - 9 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 17 жоба.
Бүгінгі күнге 5 жобаның (Қызылорда қ. – 1, Арал ауданы – 1, Қармақшы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы - 2) құрылысы аяқталып, 101,1 км инженерлік желілер (газ – 12,6 км, электр – 88,5 км) пайдалануға берілді.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
2025 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 72,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 6 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 7 нысан;
Мәдениет саласы – 3 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан;
Сыртқы инженерлік желілер – 1 нысан;
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 6 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 мектептің құрылыс жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
Білім беру саласы бойынша:
1. Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте 20 орындық спортзал мен асхана салу.
2. Қызылорда қаласында С.Бейбарыс көшесі мен Н.Назрбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу
3. «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат салу. Сыртқы инженерлік желілерсіз»
4. «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат салу. Түзету»
Мәдениет саласы бойынша:
1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі «Руханият» орталығының құрылысы.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2025 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 7 өтпелі (жалпы құны 45 630,9 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
- Денсаулық сақтау нысаны – 2 жоба (Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы, Қызылорда қаласында 400 орындық емхана құрылысы);
- Спорт саласы – 4 жоба (Байқоңыр қаласында, Қызылорда қаласы сол жағалауда дене-шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы, Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы, Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту);
- Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту – 1 жоба (Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы);
Сонымен қатар, 6 нысанның ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.
Оның ішінде:
- Денсаулық сақтау нысандары – 1 жоба (Қызылорда қаласындағы 500 орындық емхана құрылысы);
- Білім беру саласы – 1 жоба (Қызылорда қаласы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы.Түзету);
- Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту – 1 жоба (Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Сабалақ» шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу);
- Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба (Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы);
- Спорт саласы – 2 жоба (Қызылорда облысы Қызылорда қаласында 7 мың орынға арналған стадион құрылысы. Сыйымдылығы 11 мың орынға дейін арттыру үшін түзету, Қызылорда қаласы тұңғыш Президент саябығындағы көп салалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы).
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша облыс аумағында 247 282 шаршы метрді құрайтын 1 204 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 104,6 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 932 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 954 эскиздік жобасы, сонымен қатар 247 282 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 31,0 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ - 1,7 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 25,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген 0,5 млрд.теңге қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың ішінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаралған 3,8 млрд.теңгеге 292 пәтер, бағалы қағаздар шығару есебінен 25,0 млрд.теңгеге 1688 пәтер сатып алу жоспарланған.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд.теңгеге Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу қаралған.
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 247,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6% - ға жоғары. Есепті кезеңде жылдық жоспардың орындалуы 28,4% -. құрады.
2025 жылғы 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша факт статистикалық деректерді алғаннан кейін ұсынылатын болады.
Құрылыс аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 75 жобасын (су – 7, электр. - 48, жылу - 1, газ - 12, бас жоспар және телефон - 3, кешенді ики -4) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 35,4 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 1,9 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 30,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 11 жоба;
- Арал ауданы – 9 жоба;
- Қазалы ауданы – 9 жоба;
- Қармақшы ауданы – 5 жоба;
- Жалағаш ауданы – 3 жоба;
- Сырдария ауданы – 4 жоба;
- Шиелі ауданы -12 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 22 жоба.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
2025 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 72,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 12 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 4 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 4 нысан;
Мәдениет саласы – 2 нысан;
Спорт саласы – 1 нысан;
Сыртқы инженерлік желілер – 1 нысан;
"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды: Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
Білім беру саласы бойынша:
1. Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте
20 орындық спортзал мен асхана салу.
2. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде «Руханият» орталығының құрылысы. Байланыстыру.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2025 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 5 өтпелі (жалпы құны 14,4 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
-Денсаулық сақтау нысаны – 1 жоба (Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы);
- Спорт саласы – 3 жоба (Байқоңыр қаласында, Қызылорда қаласы сол жағалауда дене-шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы, Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы);
- Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту – 1 жоба (Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы);
Сонымен қатар, өтпелі 5 нысанның ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.
Оның ішінде: денсаулық сақтау нысандары – 2 жоба (Қызылорда қаласында 400 және 500 орындық емханалар құрылысы), спорт саласы – 2 жоба (Қызылорда - Арена құрылысы, Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту);
Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба (Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы).
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша облыс аумағында 110 974 шаршы метрді құрайтын 472 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 139,9 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 749 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 668 эскиздік жобасы, сонымен қатар 110 974 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Осы мақсатта ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға бюджеттен 5,5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,7 млрд.теңге.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 292 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге қаралды.
Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 156,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады.
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 14 жобасын (электр. - 10, жылу - 1, газ - 1, бас жоспар және телефон - 1, кешенді ики -1) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 4,9 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 1,4 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 7 жоба;
- Арал ауданы – 4 жоба;
- Шиелі ауданы – 1 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 2 жоба.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2024 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 53 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленуде.
Оның ішінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысан 31, демеушілер есебінен 22 нысанның ЖСҚ-ы әзірленуде.
Атап айтқанда:
- Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау – 4 жоба (4 балабақша)
- денсаулық сақтау нысандары – 3 жоба;
- Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салу– 1 жоба.
- Спорт саласы – 2 жоба.
Сараптама оң қорытындысы алынған ЖСҚ-лар:
Денсаулық сақтау нысандары – 31 жоба (10 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы, 9 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының сыртқы инженерлік құрылымдары, 3 – 25 және 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшелерінің құрылысы);
Білім беру нысандары – 7 жоба (1шығармашылық орталығы, Бекарыстан би 250 орындык мектеп, Муратбаев 250 орындық мектеп, Жолек 90 орындык балабақша, 2-муз колледж);
Мәдениет нысандары – 1 (1 – музей);
Әкімшілік ғимараттар – 2 (2 әкімшілік ғимарат);
Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салу – 2 жоба.
Әлеуметтік нысандардың құрылысы
2024 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 79,9 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 61 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 10 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 17 нысан;
Мәдениет саласы – 10 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан;
Сыртқы инженерлік желілер – 20 нысан;
Қоғамдық тәртіп – 1 нысан;
"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 24,5 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды: Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
Білім беру саласы бойынша:
1. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті Майбекет мөлтек ауданында 300 орындық мектеп құрылысы;
2. Қызылорда қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №4 мектептің авариялық спорт залы мен шеберханасын бұза отырып, мектепке жапсаржай салу (оқу корпусы және 100 орынға арналған асхана);
3. Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №284 мектеп лицей-интернат ғимаратына спорт залы құрылысы;
4. Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Сейфуллин көшесі № 4 бойында 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы. Байланыстыру;
5. Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы, Маханбет Кенебаев көшесі № 34 бойынша 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы. Байланыстыру;
6. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылындағы 150 орындық мектептің құрылысы.
7. Қызылорда қаласындағы оқушылар сарайы
Денсаулық сақтау саласы бойынша :
1. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сапақ ауылдық округі, Көктем елді мекенінде медициналық бекет құрылысы;
2. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Баймұрат ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы.
Мәдениет саласы бойынша:
1. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы көп функционалды кешен;
Қоғамдық тәртіп саласы бойынша:
1. Қызылорда қаласы "Байтерек-1" шағын ауданында учаскелік полиция бекетінің құрылысы.
Инженерлік желілер бойынша:
1. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр е.м, 300 орынға арналған №94 мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылымдар;
2. Қызылорда облысы, Арал қаласының Арай ш.а 300 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылымдар;
3. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде 300 оқушыға арналған мектеп салу. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылымдар;
4. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 600 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылымдар;
5. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданында 1500 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік жүйелер мен құрылымдар;
6. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Арай шағын ауданында 1500 орындық мектеп құрылыс. Сыртқы инженерлік жүйелер мен құрылымдар;
7. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңаарық ауылында 300 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік желілер мен құрылымдар;
8. Қызылорда қаласының сол жағалауында 900 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік жүйелер мен құрылымдар.
9. Қызылорда қаласының Ақмаржан ш.а (КБИ) 600 орындық мектеп құрылысы. Сыртқы инженерлік жүйелер мен құрылымдар.
Спорт саласы бойынша:
1. Қызылорда қаласы, Сырдария өзеніңің сол жағалауындағы үстел теннисі орталығының құрылысы. Сыртқы инженерлік желісіз. Байланастыру.
Құрылыс объектілерінің жоба-сметалық құжаттамасы
2024 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 53 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленуде. 31 жоба 2023 жылдан өтпелі, 22 жоба 2024 жылы басталып отыр.
Оның ішінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен нысан 31, демеушілер есебінен 22 нысанның ЖСҚ-ы әзірленуде.
Атап айтқанда:
- Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау – 4 жоба (4 балабақша)
- денсаулық сақтау нысандары – 4 жоба;
- Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салу – 3 жоба.
- Спорт саласы – 2 жоба.
Сараптама оң қорытындысы алынған ЖСҚ-лар:
- Денсаулық сақтау нысандары – 30 жоба (9 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы, 9 амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының сыртқы инженерлік құрылымдары, 3 – 25 және 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшелерінің құрылысы)
- Білім беру нысандары – 7 жоба (1 шығармашылық орталығы, Бекарыстан би 250 орындык мектеп, Муратбаев 250 орындық мектеп, Жолек 90 орындык балабақша, 2-муз колледж )
Мәдениет нысандары – 1 (1 – музей)
Әкімшілік ғимараттар – 2 (2 әкімшілік ғимарат).
Сәулет және қала құрылысын дамыту
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 1 өтініш түсіп, 1 қанағаттандырылды.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 16986,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 88,7% құрайды.
2024 жылға жоспарланған Жалағаш және Жосалы кенттерінің жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 82,4 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 айы бойынша облыс аумағында 558218 шаршы метрді құрайтын 2512 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
«Қызылорда облысы елді мекендерінің қала құрылысы жобаларын пысықтау, көшу кілттерін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қызылорда қаласы бойынша ретке келтірілген қызыл сызық пен функционалдық аймақтандыру, WGS-84 координаталық жүйеге байланыстырылған Қызылорда қаласының бас жоспары және бас жоспарға сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ тиісті схемалардың векторлық және расторлық форматтары, түсіндірме жазбалар мен қала құрылыстық құжаттарды бекіту туралы қаулылар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізілді.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныс берілді.
Атап айтқанда:
Мектеп;
Ауылдық клуб;
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
Екі пәтерлі тұрғын үйлер;
Руханият орталығының ішкі интерьеріне эскиздік жобасы әзірленіп ұсынылды.
Тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы
2024 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 37,1 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 4,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар есебінен 29,2 млрд.теңге (20,7 млрд.тг – Самұрық Қазына, 8,5 млрд. тг Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 1154 пәтерді құрайтын 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 7-қабатты 84-пәтерлі 6 тұрғын үйдің, №2 тұрғын ауданында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 296 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге, 1400 пәтер сатып алуға бағалы қағаздар шығару есебінен 20,7 млрд.теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 351 пәтер сатып алынды, оның ішінде Қызылорда қаласында 89 пәтер, Арал ауданында - 35 пәтер, Қазалы ауданында - 34 пәтер, Қармақшы ауданында 80 пәтер, Сырдария ауданында - 61 пәтер, Шиелі ауданында - 52 пәтер. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін алынатын болады.
Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 646,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,6% құрады.
2024 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 52 жобасын (су және кәріз - 6, электр. - 31, жылу - 2, газ - 7, жол - 2, бас жоспар және телефон - 3, газ+су - 1) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 11,7 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 8,6 млрд.теңге, РБ – 0,4 млрд.теңге, ОБ – 2,6 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде, Қызылорда қаласы – 19 жоба; Арал ауданы – 6 жоба; Қармақшы ауданы - 4 жоба; Жалағаш ауданы- 3 жоба; Сырдария ауданы -5 жоба; Шиелі ауданы -3 жоба; Жаңақорған ауданы – 12 жоба.
Қызылорда қаласында 10 жоба, Сырдария 2 жоба аяқталып, 49 км инженерлік желілер (су-6,1 км, электр-15,8 км, газ - 0,2 км 1 ГПРШ, телефон-5,0 км, жол-18,9 км) пайдалануға берілді.
2024 жылдың 6 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 34 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобалардың жалпы құны 32,1 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 11,5 млрд.теңгеге 16 нысан, демеушілер есебінен 20,6 млрд.теңгеге 18 нысанның ЖСҚ-ы әзірленді.
Атап айтқанда:
- білім беру нысандары – 5 жоба (2 мектеп,1 шығармашылық орталығы, 1 балабақша, 1 қосымша құрылыс), жалпы құны – 15,887млрд теңге;
- денсаулық сақтау нысандары – 27 жоба, жалпы құны - 10,811 млрд.теңге;
- мәдениет нысандары – 1 жоба 1,785 млрд.теңге;
- Арал, Қазалы аудандарында әкімшілік ғимарат құрылысы - 3,621 млрд.теңге.
2024 жылдың 3 айлық қорытындысы бойынша 12 нысанның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қортындысы алынды.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы - 1 нысан;
Денсаулық сақтау саласы - 11нысан;
25 нысанның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы - 6 нысан;
Денсаулық сақтау саласы - 15 нысан;
Мәдениет саласы – 3 нысан;
Мемлекеттік органдар - 1нысан.
2023 жылдың 12 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 36 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобалардың жалпы құны 60,460 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 34,077 млрд.теңгеге 16 нысан, демеушілер есебінен 26,383 млрд.теңгеге 20 нысанның ЖСҚ-ы әзірленді.
Атап айтқанда:
- білім беру нысандары – 21 жоба (1 мектеп,9 мектептің сыртқы инженерлік желілері, 2 оқушылар сарайы, 9 қосымша ғимарат), жалпы құны – 13,470млрд теңге;
- денсаулық сақтау нысандары– 1 жоба, жалпы құны - 2,659 млрд.теңге;
- спорт нысандары – 3 жоба,жалпықұны – 30,563 млрд теңге.
- көпфункционалдыкешенніңсыртқыинженерлікжелілері – 110,661 млн.теңге.
- солжағалаудағы автовокзал құрылысы – 1,015 млрд.теңге;
- темір жол әкімшілік ғимаратын жөндеу және Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында Руханият орталықтарының құрылысы - 12,641 млрд.теңге.
Оған қоса, өтпелі 19 (білім беру – 5, денсаулық сақтау – 14) жобаның ЖСҚ-ы әзірленіп сараптама қарауында.
Құрылыс объектілерінің жобалық-сметалық құжаттамасы
2023 жылдың 9 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 12 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындылары алынды. Жобалардың жалпы құны 35,585 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 8 жоба (7 мектеп, 1 оқушылар сарайы), жалпы құны – 6,662 млрд теңге;
- спорт нысандары – 2 жоба, жалпы құны – 27,979 млрд теңге.
- көп функционалды кешеннің сыртқы инженерлік желілері – 110,661 млн.теңге.
- сол жағалаудағы автовокзал құрылысы – 1,015 млрд.теңге.
Оған қоса, 31 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде (білім беру – 15, денсаулық сақтау – 14, мәдениет – 2). Оның ішінде 13 жоба сараптама қарауында, өтпелі нысандар саны-6.
2023 жылдың 6 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 8 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 13,703 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 5 жоба (4 мектеп,1 оқушылар сарайы), жалпы құны – 5,738 млрд теңге;
- спорт нысандары – 1 жоба (1 спорт кешені), жалпы құны – 6,839 млрд теңге.
- көп функционалды кешеннің сыртқы инженерлік желілері – 110,661 млн.теңге.
- сол жағалаудағы автовокзал құрылысы – 1,015 млрд.теңге.
Оған қоса, 37 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (білім беру – 19, денсаулық сақтау – 15, мәдениет – 2, спорт – 1. Оның ішінде 5 жоба сараптама қарауында.
ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ
2023 жылдың 3 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 5 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 10,205 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 4 жоба(4 мектеп), жалпы құны – 3,366 млрд теңге;
- спорт нысандары – 1 жоба(1спорт кешені), жалпы құны – 6,839 млрд теңге.
Оған қоса, 28 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (білім беру – 19, денсаулық сақтау – 4, мәдениет – 2, спорт – 2, қоғамдық тәртіп – 1). Оның ішінде 2 жоба сараптама қарауында.
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 4 өтініш түсіп, 2 қанағаттандырылды. Ал, 2 өтініші құжаттар топтамасындағы деректердің толық болмауына байланысты дәлелді бас тартылды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау туралы:
2023 жылдың 3 айында 143 534 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қабылданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға артып отыр.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
Сонымен қатар, облыс аумағында 102 629 шаршы метрді құрайтын 420 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Теміржол вокзалын қайта жаңғырту;
Орталық алаңды абаттандыру;
5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалаларды кешенді салу стандарттарына сәйкес Қызылорда қаласының дизайн-жобасы(коды) әзірленіп, ұсыным берілді.
ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ
2022 жылдың 12 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 53 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 71,9 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
білім беру нысандары – 6жоба(6 мектеп), жалпы құны – 11,0 млрд теңге;
денсаулық сақтау нысандары – 24 жоба(1 көпсалалы аурухана, 17 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 45,0 млрд теңге;
спорт нысандары – 4 жоба(4 спорт кешені), жалпы құны – 2,0 млрд теңге;
мәдениет нысандары – 3 жоба(3 клуб үйі), жалпы құны – 1,6 млрд теңге;
ауылшаруашылығы нысандары– 4 жоба(4 ветеринарлық пункт),
жалпы құны – 264,7 млн теңге;
қоғамдық тәртіп нысандары– 1 жоба(1 учаскелік полиция бекеті),
жалпы құны – 120,4 млн теңге;
жұмылдыру дайындығы нысандары– 3 жоба,
жалпы құны – 78,5 млн теңге;
Сондай-ақ, Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 189,2 млн. теңгеге 8 құрылыс нысанының (5 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны және сыртқы инженерлік желілері)жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді.8 нысанның жалпы сметалық құны 9,4 млрд теңгені құрайды.
Атап айтқанда:
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыру мақсатында облыстық бюджеттен 134,6 млн. теңге қаржыландырылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, облыс аумағында 604 022 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 584 387 шаршы метрді құрайтын 2 309 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Бұл аталған жұмыстардың 96 пайызын құрайды.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында салынуы жоспарланған 5-12 қабатты тұрғын үй(3-нұсқада);
Қызылорда облысының кіреберіс шекарасының паспорты (5-нұсқада);
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын а.о. салынуы жоспарланған 250 орындық №207 мектебі;
Көпсалалы кешен ғимараты;
Неке сарайы;
Орталық стадион;
Шиелі ауданы, Шиелі кенті, денешынықтыру – сауықтыру кешені.
Қала құрылысы құжаттамасы:
2022 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Е. Дауылбаевтың төрағалығымен өткізілген «Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету туралы» жиналыс хаттамасына сәйкес «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) жол картасы әзірленді.
№ |
Хабарландырудың атауы | Тапсырыс беруші | сілтеме |
| Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | |||
| 1 | "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін футбол, волейбол және баскетбол алаңдарына күрделі жөндеу. | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4248670?tab=documents |
| 2 | Текущий ремонт здания КГУ "ОСДЮШОР №6 " | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4257658?tab=documents |
| 3 | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "№2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі " КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4257020?tab=documents |
| 4 | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі КММ-нің ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4256907?tab=documents |
| 5 | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі КММ-сінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (инфақұрылымдық жоба) сатып алу | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4256558?tab=documents |
| 6 | №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің бу қазандығының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4254763?tab=documents |
| 7 | «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №1облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ-сінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары | Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4254682?tab=documents |
| Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | |||
| 8 | «Қызылорда облысы Қазалы ауданының «Әйтеке би - Қазалы» аудандық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау» | Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3821712?tab=documents |
| 9 | Қызылорда облысының Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент" 26+850 шақырым, 76+300 шақырым, 90+150 шақырым автомобиль жолдарының апаттық көпірлерді күрделі жөндеу" | Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4227607?tab=documents |
| 10 | Қызылорда облысы Қармақшы ауданы облыстық маңызы бар «Жалағаш-Жосалы» автокөлік жолының қираған учаскелерін күрделі жөндеу | Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3903258?tab=documents |
| 11 | Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында "Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 8,7 км-нде көпірді күрделі жөндеу | Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4243130? tab=documents |
| 12 | Қызылорда облысының Шиелі ауданында облыстық маңызы бар "Самара-Шымкент-Тартоғай" автомобиль жолының 7,4 шақырымын орташа жөндеу | Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы | https://www.goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4245057?tab=documents |
| Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | |||
| 13 | Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық мектеп құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/2351386?tab=documents |
| 14 | Жалағаш ауданы М.Шәменов атындағы ауылдық округінің 140 орындық №34 орта мектеп құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3143773?tab=documents |
| 15 | Қызылорда ОІІД-нің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу жаттығу полигон құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/1733202?tab=documents |
| 16 | Қызылорда қаласында темір жол тұйығының құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet/projects/details/1158?lang=kk |
| 17 | Қызылорда қаласындағы тенис орталығы құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/2878731?tab=documents |
| 18 | Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/2689182?tab=documents |
| 19 | Қазалы ауданы Ақсуат ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/2999475?tab=documents |
| 20 | Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3861577?tab=documents |
| 21 | Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде әкімшілік ғимараты құрылысын салу | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3823668?tab=documents |
| 22 | Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын уақытша ұстау бөлмелері үшін жапсаржай орналастыру үшін реконструкциялау | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4045079?tab=documents |
| 23 | Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын уақытша ұстау бөлмелері үшін жапсаржай орналастыру үшін реконструкциялау | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/4020734?tab=documents |
| 24 | Қызылорда қаласындағы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік ғимаратын уақытша ұстау бөлмелері үшін жапсаржай орналастыру үшін реконструкциялау | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3992901?tab=documents |
| 25 | Айдарлы ауылындағы ескі емхана ғимаратын бала бақша етіп реконструкциялау және кеңейту | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3888968?tab=documents |
| 26 | Қармақшы ауданы жаз-кыс мезгілдерінде балалар демалысы үшін 150 орындық лагерь құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/1740104?tab=documents |
| 27 | Қызылорда қаласы Есенов атындағы 150 орындық білім беру орталығы құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3001145?tab=documents |
| 28 | Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік ауылдық аурухана құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/2999928?tab=documents |
| 29 | Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 100 төсектік аудандық аурухана құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3261570?tab=documents |
| 30 | Арал ауданы Арал қаласынан оқушылар үйі ғимаратының құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3143755?tab=documents |
| 31 | Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 600 орындық мектеп құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | https://goszakup.gov.kz/kz/announce/index/3403737?tab=documents |
| 32 | Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы | Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы | |