Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мемлекеттік сатып алу саласын орталықтандыру бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен Басқармамен 347 547,08 млн.теңгеге барлығы 4 411 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды (с.і. 1061 конкурс қайта жарияланған). Конкурстар саны 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға ұлғайды.
4 511 конкурстың 3 364 (306 553,27 млн.тг) ашық конкурс, 14 (361,08 млн.тг) аукцион, 612 (38 926,70 млн.тг.) рейтингтік-балдық жүйе, негіздемелік келісім 8 (83,31 млн.тг.), 513 (1 622,71 млн.тг.) біліктілікті іріктеу арқылы өткізілуде.
Сонымен бірге, 4 511 конкурстың 1 157 тауарлар (24 158,67 млн.тг.), 1 867 жұмыстар (299 338,61 млн.тг.), 1 478 көрсетілетін қызмет (24 049,78 млн.тг.) түрлері бойынша өтуде.
Жарияланған 4 511 конкурстың 3 867 сатып алу аяқталған, оның ішінде 2 475 конкурстар (154 434,14 млн.тг) бойынша шарт жасасқан, 130 конкурс (22 981,77 млн.тг.) бойынша шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде, өтпеген деп танылған 1 146 (12 003,81 млн.тг.) сатып алу бойынша бір көзден алу немесе қайта жариялау жұмыстары жүргізілуде.
Шартқа отырған конкурстардан үнемделген қаржы 8 259,91 млн. теңге құрап отыр.
Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан тапсырыс берушілердің мамандары үшін жыл басынан 33 онлайн-конференция, 16 семинар-кеңес, 10 дәріс, 3 дөңгелек үстел, 1 брифинг және барлық аудандарда 7 көшпелі семинар, үкіметтік емес ұйым, азаматтық қоғам өкілдерімен 2 кездесу ұйымдастырылып, қызметкерлер арасында 27 құқықтық оқыту ұйымдастырылды.

Дата публикации
17 июля 2023
Дата обновления
20 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы