«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына сәйкес және Қазалы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 199/469 хатының негізінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Қазалы аудандық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Тулегенов Ержан Бохаевич тағайындалсын.
Осы қаулы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә.Ерсұлтанов
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2023 жылғы 3 шілде,
№ ОСК-245/522