Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қызылорда облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралары үнемі атқарылып келеді.

2023 жылдың 6 айының қорытындысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының жоспарлы екі  отырысы (31.03.2023 ж, 04.07.2023 ж. ) және Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың қатысуымен облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша жиын (27.04.2023 ж.) өткізіліп, күн тәртібінде 7 мәселе қаралды және сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.   

«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысын орындау шеңберінде, 2022 жылы ақпан айында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске қосылды.

Жобада мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Жобалық басқару аясында әкімдікте № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жоба іске асырылуда (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерін дамыту).

Сонымен қатар, 2023 жылы №4 ҮББ-да көзделген тапсырмаларды тиімді орындау мақсатында, жобаларды орындау бойынша нұсқаулық және орындауды бағалау әдістемесі әзірленіп, жұмыста қолдану үшін жолданды.

Осыған байланысты жобалық топ құрылып, олардың құрамы бекітілді, менеджерлер айқындалды және нақты іс-шараларды қамтитын көрсеткіштері бар іс-шаралар жоспары бекітілді.

Есепті мерзімде № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 1 және 2 жобалар тобы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою» бойынша барлығы 513 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

2022 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1147 қаулысымен «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Тиісінше Қызылорда облысының әкімдігімен «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы № 51 қаулысы қабылданып, атқаратын функционалдық бағыттарына қарай облыстық басқармалардың 2023 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралары белгіленді.

Аталған іс-шаралар жоспарын және № 4 үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» 3-жобалар тобын жүзеге асыру мақсатында есепті мерзімде аймақта халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында түрлі форматта 38 шара, ал жастар арасында 74 шара (дөңгелек үстел, форум және семинар) ұйымдастырылды.

Наурыз және сәуір айларында діни бірлестіктер арасында 2 кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні Достық үйінде этнос өкілдерімен және облыстың ассамблея белсенділерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа-жол жоқ!» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, ақпараттық жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық  «Қоғам ТВ» телеарналарында 25 сюжет, жергілікті баспа БАҚ-та 117 мақала және интернет-сайттарда 65-ке жуық материал жарияланды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 1 брифинг өткізіліп, 4 бейнеролик дайындалды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы 2 бейнеролик әр айдың соңғы аптасында күніне 2 реттен эфирден көрсетілуде. Жыл басынан бері 2 бейнеролик 112 рет көрсетілді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 127 қызметкер оқытылды.

Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен 18 іс-шара өткізілді.

4-жобалар тобы «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін дамыту» бойынша барлық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктеріне бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Дата публикации
01 июля 2023
Дата обновления
01 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы