Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы
29 қазан 1978 жылы дүниеге келген.
1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін “Экономист-маркетолог” мамандығын, 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығын бітірген.
Еңбек қызметі:
18.03.2000-02.04.2001 жж - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік басқармасының маманы, жетекші маманы;
04.04.2001-20.03.2003 жж - Қызылорда сот әкімшісінің бас маман-бухгалтері, атқарушылық іс және сот жасауылдарының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
20.03.2003-09.06.2004 жж - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
09.06.2004-19.05.2005 жж - Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы;
27.07.2005-23.08.2005 жж - Қызылорда облыстық сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің бөлім бастығы;
23.08.2005-01.07.2013 жж - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бас сарапшысы;
04.04.2014-13.10.2017 жж - Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі;
02.09.2015 жылдан бастап облыстық сайлау комиссиясының хатшысы;
13.10.2017-5.01.2019 жж - “ҚР Орталық сайлау комиссиясының инженерлік-техникалық орталығы” РМК Қызылорда облысы бойынша өкілі;
05.01.2019 бастап - “ҚР Орталық сайлау комиссиясының инженерлік-техникалық орталығы” РМК аумақтық сайлау комиссияларымен өзара іс-қимыл жөніндегі департаменті, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының хатшысы.