Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 1 маусымына Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы

Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 1 маусымына бюджет түсімдері 102,6 пайызға орындалды (болжам 242017,3 млн.теңге, нақты түскені 248242,8 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 118,8 пайызға орындалды (болжам 33371,9 млн.теңге, түскені  39634,1 млн.теңге), артық түскені 6225,5 млн.теңге.

Республикалық бюджеттен 205417,3 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 183955,0 млн.теңге (100 пайыз), ағымдағы нысаналы трансферттер – 185,7 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 21276,6 млн.теңге (100 пайыз).

2023 жылдың 1 маусымына Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,9 пайызға орындалды (жоспар 198391,7 млн.теңге, орындалғаны 198106,1 млн.теңге). Игерілмегені 285,6 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:

Арал ауданында – 99,7 % орындалып, 14,5 млн.теңге;

Қазалыда – 99,9 % орындалып, 1,9 млн.теңге;

Қармақшыда – 100 % орындалып, 0,9 млн.теңге;

Жалағашта – 100 % орындалып, 1,3 млн.теңге;

Сырдарияда – 100 % орындалып, 1,1 млн.теңге;

Шиеліде – 99 % орындалып, 34,5 млн.теңге;

Жаңақорғанда – 99,9 % орындалып, 4,1 млн.теңге;

Қызылорда қаласында – 99,9 пайызға орындалып, 25,0 млн.теңге игерілмеді.

Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,9 пайызды құрады, игерілмегені 202,3 млн.теңге.

Республикалық бюджет қаржысы жоспары 24065,5 млн.теңгенің
24048,4 млн.теңгесі немесе 99,9 пайызға игерілді, игерілмегені ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша 17,1 млн.теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты 99,7 пайызға игерілді, игерілмегені
38,4 млн.теңге соманы құрады.

Дата публикации
19 июня 2023
Дата обновления
19 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы