«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік
бөлігін қалпына келтіру»
Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз гранты есебінен (1,5 млн. АҚШ доллары) «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобаның ТЭН-і әзірленді.
Анықтама ретінде: Жобаға тапсырыс беруші - Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл жоба бойынша Су министрі өңірге бірнеше мәрте арнайы жұмыс сапармен келіп, іске асыру мәселелерін жергілікті халықпен пысықтады.
Анықтама ретінде: Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітовтың ағымдағы жылдың 9-10 қаңтарында Қызылорда және Арал қалаларында облыстың су шаруашылығы саласының бастамашыл топтарымен және аудан тұрғындарымен өткізілген кездесулерінде жобаны талқылау барысында бір деңгейлі нұсқаны қолдап, екі деңгейлі нұсқа тиімсіз екендігін білдірді.
Нәтижесінде, теңізді ұлғайтудың бір деңгейлі нұсқасы бойынша Көкарал бөгеті Балтық жүйесі 42 белгіден 44 белгіге биіктетілетін болды.
Анықтама ретінде: Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қайта әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Бұл нұсқа бойынша:
- теңіздегі судың көлемі 7 млрд.текше шақырымға көбейеді (27 млрд.текше метрден 34 млрд.текше метрге дейін);
- теңіздің кеуіп қалған табанының 762 шаршы шақырымы сумен жабылады (3151 шаршы шақырымнан 3913 шаршы шақырымға дейін);
- судың минералдануы 8,89 дан 7,28 грамм/литрге дейін төмендейді;
- жайылымдықтар мен шабындықтардың көлемі ұлғаяды.
Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандары халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Барлық нұсқада Аманөткел-2 су торабын салу қарастырылған. Бұл Ақшатау-Қамыстыбас көлдер жүйесіне тұрақты түрде су беруді қамтамасыз ететін болады. Құрылыстың жалпы болжамды құны
71,9 млрд.теңге.
САРАТС-2 жобасын жүзеге асыру туралы анықтама
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңінің компоненттерін іске асыру бойынша шаралар қабылдауға қатысты келесіні хабарлайды.
Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз гранты есебінен 2020 жылдан бастап «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары басталды.
Бұл ретте, облыс үшін маңызды саналатын Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бірнеше нұсқалары бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажет болатын.
Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нұржігітовтың төрағалығымен өткен кеңестер мен Арал өңірінің тұрғындарымен кездесудің нәтижесінде екі деңгейлі нұсқа қаралмайтындығын, ал бір деңгейлі нұсқа бойынша Көкарал бөгетін балтық жүйесі бойынша 48 метрге дейін емес, 43 немесе 44 метрге дейін биіктету мәселесін қарастыратынын атап өтті.
Бүгінгі таңда, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ТЭН әзірлеуді аяқтаудың және 2025 жылғы желтоқсан мерзімімен мемлекеттік органдардың сараптамаларының оң қорытындысын алудың нақты мерзімдерін көрсете отырып кесте әзірлеп, тиісті жұмыстар жүргізуде.
САРАТС жобасының ТЭН-ін дайындау аяқталғаннан кейін Министрлік заңнамаға сәйкес іске асыруға қаражат тарту бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөздер жүргізетін болады.
01.07.2025
Сырдария өзенінің арнасын реттеу және
Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау
Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру" жаңа жобасын дайындауда.
Жобаның алдын ала жалпы құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін ұлғайту;
- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;
- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;
- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің ұлтанынан тұзды шөгінділердің шығарылуын азайту;
- экологиялық туризмді дамыту.
2022 жылғы 30 сәуірде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.К. Мырзалиннің төрағалығымен осы жобаны іске асыруға қатысты кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиісті тапсырмалар берілді (2022 жылғы 30 сәуірдегі № 22-01-29.12).
2020 жылғы 15 шілдеде Халықаралық консультант «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды. Дүниежүзілік банкпен жобаның ТЭН-ін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлінді (гранттың жабылу мерзімі-17.07.2023ж).
2022 жылғы тамызда Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің отырысында Солтүстік Арал теңізін ұлғайтудың екі деңгейлі нұсқасын Тұщы көлі арқылы Сарышығанаққа су жеткізуді қарау ұсынылды.
Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Консультант Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Жобаның техника-экономикалық (ТЭН) әзірлеу бойынша жұмыстарын аяқтады.
Алайда, облыс әкімдігімен негізгі жобалық шешім ретінде Тұщы көлі арқылы су беру нұсқасын таңдау туралы ұстаным ұсынылды.
2022 жылғы желтоқсанда ТЭН құжаттары «Мемсараптама» РМК қарауына ұсынылды, ТЭН қарау қорытындысы бойынша мемсараптамамен қабылданған жобалық шешімдер бойынша жергілікті атқарушы органдардан келісімдердің болмауына байланысты ескертулер берілді.
2023 жылғы 5 мамырда Қызылорда қаласында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязовта Дүниежүзілік банктің,
Су ресурстары комитетінің, «Yekom Consulting Engineers» консультантының, «Казгипроводхоз» ЖШС-нің, мүдделі облыстық ұйымдардың қатысуымен ТЭН әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша, уақыттың тығыздылығын ескере отырып, жобаны іске асыру мақсатында кеңеске қатысушылар алдын-ала Консультанттың мемлекеттік сараптамадан өтуі үшін Қамыстыбас көлі арқылы екі деңгейлі су айдынын толтыру нұсқасын қалдыру, одан кейін жұмысты жобалау сатысында қажетті инженерлік іздестірулер жүргізе отырып, Тұщы көлінің жеткізуші арнасының нұсқасын қарауға оралу туралы ұсынысымен келісті.
Қазіргі уақытта Су шаруашылығы комитетімен жобаның ТЭН-ін «Мемлекеттік сараптама» РМК қайта қарауына енгізілді.
Бұдан әрі, құрылыс сараптамасын қарау қорытындысы бойынша ТЭН-нің қабылданған жобалық шешімдері бойынша сараптаманың
оң қорытындысы алынған жағдайда, ТЭН экологиялық және экономикалық сараптамалардың қарауына енгізілетін болады.
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2 кезеңін (САРАТС-2) іске асыру туралы
2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру" (бұдан әрі – ТЭН) жаңа жобасын дайындалды. Жобаның алдын ала жалпы құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;
- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;
- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;
- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;
- экологиялық туризмді дамыту.
2020 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды.
2022 жылдың тамыз айында Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің отырысында Солтүстік арал теңізін ұлғайтудың екі деңгейлі нұсқасын Тұщы көлі арқылы Сарышығанаққа су жеткізуді қарастыру ұсынылды.
Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-сі мемсараптамаға жолдау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын іске асыруға қатысты АҚПАРАТ
Арал теңізі бассейніндегі экологиялық көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру" (бұдан әрі – ТЭН) жаңа жобасын дайындауда. Жобаның алдын ала жалпы құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;
- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;
- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;
- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;
- экологиялық туризмді дамыту.
Жобаның ТЭН әзірлеу және Сырдария өзені бассейні мен Солтүстік Арал теңізі аймағында экологиялық және әлеуметтік әсерді бағалауды жүргізу үшін 2020 жылы Дүниежүзілік банк Халықаралық ұйымдармен бірлесіп 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр. Келісімге қол қойылды. Гранттың жабылу мерзімі 2023 жылдың сәуір айы.
Келісімге сәйкес "Yekom Consulting Engineers" халықаралық консультанттары іріктеліп, егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздеме дайындау және экологиялық және әлеуметтік әсерді бағалау үшін келісімшарттарға қол қойылды.
Бас жобалаушы келісімшартқа сәйкес Сырдария өзенінің қазақстандық бөлігіндегі су ресурстарын зерттеп, бағалады, барлық жобаға дейінгі ізденістер жүргізілді, маркетингтік бөлімдер мен негізгі индикаторлар әзірленді, Солтүстік Арал теңізінің деңгейін көтерудің барлық нұсқалары үшін техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсерлер бағаланды (бұдан әрі-CАТ), су шаруашылығының мүдделі ұйымдары, мекемелері мен кәсіпорындары, жергілікті атқарушы органдармен бірқатар кеңесшілер жүргізілді. Қорытындысы бойынша су ресурстарын тұрақтандыру бойынша САТ нұсқалар ұсынылды.
- Бір деңгейлі нұсқа-51 км3 дейінгі көлемде суды тұрақтандыру үшін қолданыстағы Көкарал көпірін нығайтуды және ұлғайтуды көздейді.
Екі деңгейлі нұсқа-Ақшатау және Қамыстыбас көлі жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Сырдария өзенінде су торабын салуды, суды 35 км3 дейін тұрақтандыру үшін САРЫШЫҒАНАҚ шығанағында көпір (бөгет) салуды көздейді.
Қазіргі уақытта жобаның ТЭН-сі ведомстводан тыс мемлекеттік сараптаманың және құрылыс сараптаманың қарауында. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу мерзімі 2023 жылғы сәуір.
ТЭН-ді аяқтау нәтижелері бойынша түпкілікті техникалық шешімдер және су деңгейін тұрақтандыру жөніндегі жобаны іске асыру схемасы қабылданатын болады.
2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Дүниежүзілік Банктің қарыз қаражатын тарту рәсімдері созылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметімен САРАТС-2 жобасының I кезеңіне енгізілген компоненттің 4-уін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыруды бастау жөнінде шешім қабылданды (Дүниежүзілік Банктің қарызынсыз).
САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» (әрі қарай – Жоба) жобасына өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынып отыр.
САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылатын болады. Жоба Дүниежізілік Банкпен қаржыландырылатын болады. Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Бүгінгі күнге, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;
- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;
- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;
- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;
- экологиялық туризмді дамыту.
2021 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды.
Бүгінге күнге, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жұмыстары аяқталып, мемдекеттік сараптаманың және Дүниежүзілік банктің қарауына және келісуіне жіберілді.
Жобаның әкімшісі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстар комитеті.
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2 кезеңін (САРАТС-2) іске асыру туралы
2019 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Үкіметке белгіленген тәртіппен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (бұдан әрі – САРАТС-2) жобасының екінші кезеңінің бөліктерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Дүниежүзілік Банктің қарыз қаражатын тарту рәсімдері созылуына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметімен САРАТС-2 жобасының I кезеңіне енгізілген компоненттің 4-уін республикалық бюджет есебінен жүзеге асыруды бастау жөнінде шешім қабылданды (Дүниежүзілік Банктің қарызынсыз).
САРАТС-2 жобасының бірінші кезеңіне енгізілген 6 компоненттің 4-і республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатындығына байланысты, Дүниежүзілік Банк САРАТС-2 жобасы бойынша өткізілген талқылаулар мен кеңестердің негізінде Сырдария өзенінің бассейніндегі кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып, САРАТС-2 жобасының атауын «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» (әрі қарай – Жоба) жобасына өзгертуді және Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған компоненттерін қосымша қосуды ұсынып отыр.
САРАТС жобасының екінші фазасы жаңа Жоба аясында іске асырылатын болады. Жоба Дүниежізілік Банкпен қаржыландырылатын болады. Жобаның болжамды құны 190 млн. АҚШ доллары шамасында.
Бүгінгі күнге, Дүниежүзілік банк Жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп отыр.
Жоба 3 компоненттен тұрады және келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған:
- Солтүстік Арал теңізінде судың жинақталу көлемі мен сапасын 40 км³ дейін жақсарту;
- балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қолдау жолымен балық шаруашылығын дамыту;
- Солтүстік Арал теңізінің экологиялық мониторингі мен су ресурстарын басқаруды жақсарту;
- қорғаныс орман жолақтарын орнату арқылы Арал теңізінің түбінен тұзды шөгінділердің шығарылуын төмендету;
- экологиялық туризмді дамыту.
2021 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен (әрі қарай – Консультант) жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды.
Қазіргі таңда, Консультант жобаның ТЭН-ің әзірлеу мақсатында қордағы құжаттарды жинақтау, талдау және іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте, жобаның ТЭН-ін әзірлеу барысында Солтүстік Арал теңізінің аумағын ұлғайтудың бірнеше нұсқалары бойынша түпкілікті шешім қабылданатын болады.

2021 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық консультанттық «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен (әрі қарай – Консультант) жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды. Гранттың жабылу мерзімі 2022 жылғы шілде.