Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 1 сәуіріне бюджет түсімдері 103,2 пайызға орындалды (болжам 132166,2 млн.теңге, нақты түскені 136417,3 млн.теңге), оның ішінде бюджеттің өз кірістері 122,7 пайызға орындалды (болжам 18125,8 млн.теңге, түскені 22231,8 млн.теңге), артық түскені 4251,1 млн.теңге.
Республикалық бюджеттен 112259.5 млн.теңге нысаналы трансферттер алынды (100 пайыз), оның ішінде субвенция – 98938,7 млн.теңге (100 пайыз), нысаналы даму трансферттері – 13320,8 млн.теңге (100 пайыз).
2023 жылдың 1 сәуіріне Қызылорда облысы бюджетінің шығындар жоспары 99,9 пайызға орындалды (жоспар 106746,2 млн.теңге, орындалғаны 106641,5 млн.теңге). Игерілмегені 104,7 млн.теңге, оның ішінде: аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша шығындар жоспарының атқарылуы төмендегідей болды:
Арал ауданында – 99,8 % орындалып, 4,5 млн.теңге;
Қазалыда – 100 % орындалып, 0,5 млн.теңге;
Қармақшыда – 100 % орындалып, 0,4 млн.теңге;
Жалағашта – 100 % орындалып, 0,7 млн.теңге;
Сырдарияда – 100 % орындалып, 0,3 млн.теңге;
Шиеліде – 99,9 % орындалып, 0,8 млн.теңге;
Жаңақорғанда – 99,9 % орындалып, 1,2 млн.теңге;
Қызылорда қаласында – 100 пайызға орындалып, 1,6 млн.теңге игерілмеді.
Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы 99,9 пайызды құрады, игерілмегені 94,7 млн.теңге.
Республикалық бюджет қаржысы жоспары 14582,8 млн.теңгенің 14582,8 млн.теңгесі немесе 100 пайызға.
Жергілікті бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілді, игерілмегені 104,7 млн.теңге соманы құрады.