Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы

2023 жылғы 23 сәуірде өткен Жалағаш ауданының Аққұм және Мырзабай ахун ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.  

Құрылған сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1691 адам енгізілген, оның ішінде Аққұм сайлау округінде 1023 адам, Мырзабай ахун сайлау округінде 668 адам.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 1331 адам, оның ішінде Аққұм сайлау округінде 815 адам, Мырзабай ахун сайлау округінде 516 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 16 адам, оның ішінде Аққұм сайлау округінде - 5, Мырзабай ахун сайлау округінде – 11. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 3, оның 2-і Аққұм округінде, 1-і Мырзабай ахун сайлау округінде.

Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 9 адам ұсынылып, 6-ы сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде Аққұм сайлау округі бойынша – 3, Мырзабай ахун сайлау округі бойынша – 3.

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

- Аққұм сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 813 адамның кандидат Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлына – 639, кандидат Костанбаев Нурлан Мирамбековичке – 98, Шынжыров Бауыржан Серікұлына - 76 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен дауыс бергендер жоқ.

Дауыс беру қорытындысымен Аққұм ауылдық округінің әкімі болып Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы сайланды.

1990 жылы туған, «Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі, ұлты қазақ, «Amanat» партиясының мүшесі, Жалағаш ауданының Аққұм ауылында тұрады.

- Мырзабай ахун сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 515 адамның кандидат Әбсаттаров Жомарт Серікбайұлына - 56, кандидат Мәлік Нұржан Дәулетбекұлына – 64, Тауыпбаев Галым Камидиновичке – 395 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен дауыс бергендер жоқ.

Дауыс беру қорытындысымен Мырзабай ахун ауылдық округінің әкімі болып Тауыпбаев Галым Камидинович сайланды.

1976 жылы туған, «Тауыпбаев Г» шаруа қожалығының төрағасы, ұлты қазақ, Жалағаш ауданының Мырзабай ахун ауылында тұрады.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Жалағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 

©Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
24 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы