
Smart Qyzylorda – қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін түрлі салалардағы қызметтер мен сервистер біріктірілген және жылдам алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
Мобильді қосымша 79 категориядан (сервистерден) тұрады:
Қалалық қызметтер: тұрғын үй және жер кезегінің нөмірі, салық берешегін тексеру, учаскелік инспекторды іздеу, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, көлік салығын есептеу, Komek109-ға өтінім беру;
Денсаулық сақтау: дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, емхананы іздеу, мед.сақтандыру, дәрі-дәрмек іздеу, менің емханам, аурухана парағын тексеру, дәрігерлерді бағалау;
Білім: университеттер, мектептер, балабақшалар, секциялар мен үйірмелер, ата-ана бақылауы;
Көлік: көліктің техникалық байқауы, қалалық автобустар, темір жол және автовокзал кестесі, әуежай, такси тұрақтары, аялдамалар таблосы, темір жол және әуе билеттерін сатып алу;
Коммерциялық қызметтер: қазпошта трекингін тексеру, жұмыс іздеу;
Ойын-сауық: іс-шаралар, кино билеттері, сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханалар, караоке барлар, қонақ үйлер, ойын-сауық, демалыс аймақтары, спорт. нысандар, тағамға тапсырыс беру, пайдалы сілтемелер;
Белсенді тұрғын: сауалнамалар және дауыс беру;
Жаңалықтар: іс-шаралар, Қаз Inform, намаз уақыты, қаладағы оқиғалар;
Туризм: қонақүй, жатақхана немесе пәтерлерді жалға алу, мұражайлар мен театрлар, кесенелер, ғимараттар, мұнара, діни ғимараттар;
Менің төлемдерім: коммуналдық қызметтерді төлеу, айыппұлдарды төлеу, Қазақтелеком төлемдері, есептегіштердің көрсеткіштері, Бірыңғай жиынтық төлем , салық төлеу;
Қауіпсіздік: эвакуациялау пункттері, шомылуға тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, қаладағы, аудандардағы құрама және қабылдау пункттері.
«Cyber City хикаялары» комикс кітабы бастауыш сынып оқушыларына, информатика пəнін оқытуда қосымша оқу кұралы ретінде ұсынылады.
Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ауқымды шаралар («Inno.Fest Qyzylorda», «Smart City Hackaton», «Pecha Kucha Night») туралы барлық ақпаратты мобильді қосымшадан көре аласыздар.
Қосымшаны Google Play және AppStore платформаларында жүктеп алуға болады.