Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен 2023 жылы I тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі ақпарат

Мемлекеттік сатып алу саласын орталықтандыру бірыңғай тәжірибені қолдану және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, облыс әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №687 қаулысының негізінде 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап барлық сатып алу конкурстары облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен (әрі қарай-Басқарма) өткізіліп келеді.

2023 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша  Басқармамен 166 467,4 млн.теңгеге барлығы 2 165 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды (с.і. 319-ы конкурс қайта жарияланған). Конкурстар саны 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 9 есеге (237-ден 2 165-ке) артты.

2 165 конкурстың 1 757 (162 647,8 млн.тг) ашық конкурс, 6 (60 млн.тг) аукцион, 193 (3 010,0 млн.тг.) рейтингтік-балдық жүйе, 209 (749,6 млн.тг.) біліктілікті іріктеу арқылы өткізілуде.

Сонымен бірге, 2 165 конкурстың 462 тауарлар (12 033,6 млн.тг.), 842 жұмыстар (133 669,9 млн.тг.), 861 көрсетілетін қызмет (20 763,9 млн.тг.) түрлері бойынша өтуде.

Жарияланған 2 165 конкурстың 1 644 сатып алу аяқталған, оның ішінде 803 конкурстар (79 533,5 млн.тг) бойынша   шарт жасасқан, 185 конкурс (22 249,7 млн.тг.) бойынша шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде, өтпеген деп танылған 656 (6 608,3 млн.тг.) сатып алу бойынша бір көзден алу немесе қайта жариялау жұмыстары жүргізілуде.

Шартқа отырған конкурстардан үнемделген қаржы 3 312,8 млн. теңге құрап отыр.

Бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында Басқарма тарапынан тапсырыс берушілердің мамандары үшін жыл басынан 3 дөңгелек үстел, 7 семинар ұйымдастырылды. Сондай ақ, 4 мемлекеттік сатып алу заңнамаларын түсіндіру бойынша Басқарманың фейсбук парақшасында бейнероликтер жарияланды. 2023 жылдың ІІ-тоқсанында 3 дөңгелек стол, 5 семинар ұйымдастыру жоспарлануда.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
10 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы