Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы

2023 жылғы 16 сәуірде өткен Қазалы ауданының Арықбалық, Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, қорытындыланды.  

Құрылған сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1853 адам енгізілген, оның ішінде Арықбалық сайлау округінде 973 адам, Ақтөбе сайлау округінде 880 адам.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1484 адам, оның ішінде Арықбалық сайлау округінде 820 адам, Ақтөбе сайлау округінде 664 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 43 адам, оның ішінде Арықбалық сайлау округінде - 18, Ақтөбе сайлау округінде – 25. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 17, оның 12-і Арықбалық округінде, 5-і Ақтөбе сайлау округінде.

Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 6 адам ұсынылып, 5-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде Арықбалық сайлау округі бойынша – 2, Ақтөбе сайлау округі бойынша – 3.

Дауыс беру қорытындысы:

- Арықбалық сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 820 адамның кандидат Жумабаева Мереке Болатовнаға – 48, кандидат Кайруллаев Маулен Минажадиновичке – 753 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен – 7 дауыс берілді.

Дауыс беру қорытындысымен Арықбалық ауылдық округінің әкімі болып Кайруллаев Маулен Минажадинович сайланды.

1981 жылы туған, ұлты қазақ, Арықбалық ауылдық округінің әкімі, Жанқожа батыр ауылында тұрады. «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған. «AMANAT» партиясының мүшесі.

- Ақтөбе сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 664 адамның кандидат Қанат Әбдіғаппарұлына - 404, кандидат Әлқуатов Жеткен Сабырұлына – 120, Еркебаев Ерлан Мырзабековичке – 103 дауыс берілді. Барлығына қарсы белгісімен – 32 дауыс берілді.

Дауыс беру қорытындысымен Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып Қанат Әбдіғаппарұлы сайланды.

1989 жылы туған, ұлты қазақ, «Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маманы, Ақтөбе ауылында тұрады, «Аманат» партиясының мүшесі, өзі-өзін ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қазалы, Қармақшы аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы