Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2023 жылдың І тоқсанындағы талдамалық анықтама

2023 жылдың І тоқсанының қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 11775 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (12077 - өтініш)
2,5 %-ға азайған. Оның ішінде:

1073 өтініш облыс әкімдігіне (2022 ж. І тоқсан бойынша – 1024);

2416 облыстық басқармаларға (2022 ж. І тоқсан бойынша – 1661);

8286 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2022 ж. І тоқсан бойынша – 9392).

Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2023 жылдың І тоқсан бойынша

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

2966 (25,2%)

2.

Әлеуметтік көмек

1593 (13,5%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

1942 (16,5%)

4.

Білім мәселесі

676 (5,7%)

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

748 (6,4%)

6.

Кәсіпкерлік

439 (3,7%)

7.

Мәдениет және спорт

209 (1,8 %)

8.

Құқықтық қорғау және сот

38 (0,3 %)

9.

Құрылыс

358 (3%)

10

Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

33 (0,3%)

11

Басқалары

2773 (23,5 %)

Барлығы

11775

 

2023 жылдың І тоқсанында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 11775 өтініштердің:

- 3289 немесе 27,9 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;

- 1912 немесе 16,2% ішінара немесе толық қанағаттандырылды;

- 162 немесе 1,4 % өтініш тоқтатылды;

- 3335 немесе 28,3 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;

-3077 немесе 26,1 % орындалу мерзімі бар.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен

қабылдау туралы

 

2023 жылдың І тоқсанда облыс әкімдігімен 117 жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 45-і облыс әкімінің, 72-і міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсыомалар берілген.

         Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2023 жылдың І тоқсан бойынша

1.

Пәтер мәселесі

35

2.

Жұмысқа орналасу

19

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

25

4.

Жер мәселесі

10

5.

Білім мәселесі

7

6.

Денсаулық сақтау мәселесі

7

7.

Мәдениет саласы

3

8.

Кәсіпкерлік

3

9.

Еңбек дауы мәселесі

3

10.

Басқа да мәселелер

5

Барлығы

117

 

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің бірінші басшылары – 534 тұрғынды, ал басқарма басшылары - 209 тұрғынды жеке қабылдаған.

 

Электронды өтініштермен жұмыс жасау бойынша

 

2023 жылдың І тоқсанындағыесептік кезеңде облыс әкімдігіне
41 электронды өтініштер келіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанды
26,3%-ға азайған. Оның ішінде:

Келу каналы

2023 жыл

2022 жыл

«Электронды Үкімет» порталы арқылы

24

81

Облыс әкімінің онлайн-порталы арқылы

15

51

«Ашық диалог» порталы арқылы

2

24

Барлығы

41

156

 

Электронды өтініштер санының артуынан жергілікті халықтың интернет ресурстармен жұмыс жасау сауаттылығының жоғарылағандығын және қолжетімділігінің артқандығын көруге болады.

Сауалдардың басым бөлігінде көтерілген мәселелер пәтер алу, жұмысқа орналасу, коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс мәселелері, білім алу, әлеуметтік көмек алу және денсаулық  сақтау мәселелеріне қатысты.

Барлық түскен 41 сауал зерттеліп, 41 жауаптары мерзімінде порталға орналастырылды.

Дата публикации
06 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы