Лого

Меню

Страницы

Статья

«Облыстағы этносаралық ахуалдың жай-күйін зерделеу».

Зерттеудің өзектілігі: ағымдағы жыл басынан бері елдегі болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты республиканың барлық аймақтарында сайлауалды  үгіт-насихат жұмыстарын үйлестіру аясында мемлекеттік органдардың қызметіне сыни көзқарастағы және билік өкілдерінің жұмысына теріс пікірдегі бірқатар азаматтар әлеуметтік желілердегі парақшаларда ауызбіршілігі мол халықтың арасына іріткі салу мақсатында мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қисынсыз сауалдар қойып, биліктің абыройын төмендетуге бағытталған бейнелердің таралуы жиілеп кетті. Әрине, аталғандай көріністердің барлығы халықтың билік органдарына деген сенімін жоғалтуға өз септігін тигізуі мүмкін.

Осыған орай, облыс тұрғындары арасында, оның ішінде өзге этнос өкілдері арасында туындап жатқан мәселелерге мониториг жасап, олармен сұхбаттасу және сауалнамалар алу арқылы, өзекті мәселелер тізбесін анықтап, құзыретті мекемелерге хабарлау үшін тоқсан сайынғы әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін облыс басшылығына жеткізіп келеміз.

Зерттеудің мақсаты:аймақ тұрғындарының түрлі этнос өкілдеріне көзқарастарынбілу жәнеоблысты мекен еткен өзге этностардың мемлекеттік саясатқа беруі, сондай-ақ олардың наразылық әлеуетін анықтау.

Зерттеудің нысаны: 18 жастан асқан облыс тұрғындары.

Зерттеудің пәні: Облыс тұрғындарының этносаралық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатқа баға беруі, түрлі этнос өкілдерінің билік органдарына сенім деңгейіжәне өзге этностардың әлеуметтік көңіл-күйі.

Зерттеудің міндеттері:

  • тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етуі мүмкін мәселелерді анықтау;
  • этностық белгісі бойынша дискриминация көріністерін айқындау;
  • дискриминация орын алатын салаларды анықтау;
  • өңірлер тұрғындары арасында толеранттылық немесе интолеранттылық деңгейін анықтау;
  • мемлекетіміздегі этносаралық келісімді сақтау жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдау деңгейін білу;
  • жергілікті жерлерде этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің тиімділігін бағалау;
  • көші-қон қатынастарын анықтау және респонденттердің көші-қон көңіл-күйлерінің себептерін айқындау.

Зерттеудің іріктемелі жиынтығы:

Іріктемелі жиынтықтың көлемі арнайы формуламен[1] есептеліп – n=1000 адамды құрады. Іріктемеде жас ерекшелігі бойынша 18 жасқа толған Қызылорда облысы тұрғындарының (N=499 500 адам) 0,003%-ы қамтылған. Іріктеме саны іріктемелі жиынтықтың сипаттамасы ретінде Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің облыстық департаментінің 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерегі бойынша (сұрау кезеңіндегі соңғы дерек көзі) есептелді.

Іріктеме жиынтығы:

 

Мақсатты топ

Мақсатты топтың пайыздық көрсеткіші

Мақсатты топтың іріктеме саны

Қала және аудан атауы

Қызылорда

38,0%

380

Арал

9,8%

98

Қазалы

9,9%

99

Байқоңыр

5,5%

55

Қармақшы

7,0%

70

Жалағаш

4,6%

46

Сырдария

5,0%

50

Шиелі

10,2%

102

Жаңақорған

10,0%

100

Барлығы:

100%

1 000

 

     ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ.

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨҢІЛ-КҮЙ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жолдаған әдістемелік нұсқаулығына сәйкес, этносаралық қатынастар саласындағы әлеуметтанулық зерттеу 2023 жылғы 6-17 ақпан күндері аралығында тиісті қағидаларға сәйкес кәмелет жасқа толған 1 000 адамның қатысуымен жастық және жыныстық ерекшелікгі сақтай отырып face to face әдісі арқылы сандық тәсілмен және этностық топтар шоғырланған елді мекендердегі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Респонденттердің 62,0% әйелдер, 38,0% ерлер болды. Олардың этникалық құрамына тоқталсақ, 82,1% қазақтар, 11,1% орыстар, кәрістер 2,6% шешендер 1,2% және түріктер 1,2% құрады.

Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде, респонденттердің 95,7% (өткен тоқсанда 92,6% болған) еліміздің азаматы ретінде өз өмірлеріне қанағаттанатыны (толықтай қанағаттанамын және қанағаттанатын сияқтымын жауаптарын қоса есептегенде) белгілі болды. Дей тұрғанмен, өз өмірлеріне қанағаттанбайтын (қанағаттанбайтын сияқтымын және мүлдем қанағаттанбаймын жауаптарын қоса есептегенде) респонденттердің бар екені айқындалды және олардың бөлігі               3,3% (өткен тоқсанда 6,0% болған) болып отыр.

Өздерінің өмірлеріне қанағаттанбайтын азаматтардың тұрғылықты жерлеріне жүргізілген кросс-талдаудың көрсеткіштеріне сүйенсек, Байқоңыр қаласындағы респонденттердің 30,9% (55 респонденттің 17-і) және Қармақшы ауданындағы азаматтардың 12,8% (70 респонденттің 9-ы) қанағаттанбайтындары белгілі болды.

Диаграмма – №1

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған.

Диаграмма – №2

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

 Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған.

Аталған әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының жауаптарына сәйкес, олардың бір отбасы мүшесіне шаққандағы табыс көлемінің деңгейі төмендегідей көрсеткіштерден тұратыны анықталды.

  • 70 мың теңгеге дейін - 39,3% (өткен тоқсанда 29,5% болған);
  • 70 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін - 32,4% (өткен тоқсанда 24,5% болған);
  • 100 мың теңгегеден 150 мың теңгеге дейін – 18,6% (өткен тоқсанда 21,9% болған);
  • Жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік төлем алатындары – 4,4% (өткен тоқсанда 5,0% болған).

Бір отбасы мүшесіне шаққанда 70 мың теңгеге дейін табыс табатын азаматтарды аудандар бөлінісінде талдайтын болсақ, олардың басым көпшілігі Арал ауданындағы респонденттердің 78,6% (98 респонденттің 77-і), Жалағаш ауданындағы тұрғындардың 76,1% (46 респонденттің 35-і), Шиелі ауданындағы азаматтардың 63,7% (102 респонденттің 65-і), Жаңақорған ауданындағы тұрғындардың 56,0% (100 респонденттің 56-ы) және Сырдария ауданындағы азаматтардың 50,0% (50 респонденттің 25-і) болып отыр.

Диаграмма – №3

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Диаграмма – №4

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

 Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындары төмендегідей пайыздық көрсеткіштерге сәйкес табыстарының бөлігін азық-түлікке жұмсайтынын атап өткен.

  • 25%-дан 50%-ға дейін - 42,9% (өткен тоқсанда 37,5% болған);
  • 15%-дан 25%-ға дейін - 26,5% (өткен тоқсанда 24,8% болған);
  • 50%-дан 75%-ға дейін - 22,9% (өткен тоқсанда 24,3% болған);
  • 15%-ға дейін - 4,5% (өткен тоқсанда 5,6% болған).
  • 75%-дан жоғары – 2,4% (өткен тоқсанда 7,8% болған)

Диаграмма – №5

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен бірге, әлеуметтанулық зерттеудің көрсеткіштеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілер арасында өзекті ең негізгі – 5 мәселені атап көрсететін болсақ, олар:

  • Бағалардың, тарифтердің өсуі,инфляция - 15,6% (өткен тоқсанда 14,9% болған);
  • Жұмыссыздық, жұмысқа орналасудағы қиындықтар - 15,3% (өткен тоқсанда 13,3% болған);
  • Төмен еңбекақы - 12,3% (өткен тоқсанда 11,7% болған);
  • Тұрғын үй мәселелері – 8,7% (өткен тоқсанда 9,4% болған).
  • Экологиялық мәселелер - 12,0%(өткен тоқсанда 12,0% болған);
  • Қарыздық міндеттемелер, оның ішінде несиелер, ипотекалық несиелер - 8,6% (өткен тоқсанда 9,4% болған).

Осы орайда, жоғарыда көрсетілген 5 мәселе ағымдағы жыл көлемінде өзектілігін жоймай келе жатқанын назарларыңызға саламыз.

Диаграмма – №6

Барлық респонденттер бойынша-%, n=3097

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын белгілеуге мүмкіндік берілген

 

Диаграмма – №7

Барлық респонденттер бойынша-%, n=2898

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын белгілеуге мүмкіндік берілген

 

 

ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚАҚТЫҒЫС ӘЛЕУЕТІ

Сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 98,0% (өткен тоқсанда 94,5%болған) аймақтағы түрлі этностар арасындағы қарым-қатынасты «бір қалыпты» (қолайлы және бір қалыпты жауап нұсқаларын қоса есептегенде) деп есептейді. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесіне сәйкес, шиеленісу қаупі бар  деген респонденттер аз болды және олардың үлесі 0,2% (өткен тоқсанда 3,2% болған) құраған.

Диаграмма – №8

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен қатар, респонденттердің 49,3% (өткен тоқсанда 46,6%болған) соңғы жарты жылда түрлі этнос өкілдері арасында қарым-қатынас (әлдеқайда және айтарлықтай жақсарды жауап нұсқаларын қоса есептегенде) жақсара түсті деп жауап берген.

Сондай-ақ, сауалнамаға жауап берушілердің 46,5% (өткен тоқсанда 45,5% болған) соңғы жарты жыл көлемінде этносаралық қатынас сол деңгейде тұрақты болып қалды деген көзқараста болып отыр.

Аталған пайыздық көрсеткіштер облыс бойынша этносаралық ахуалды оң деп бағалайтын азаматтардың бөлігі айтарлықтай басым екенін айғақтап беруде.

Дей тұрғанмен, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 2,0% (өткен тоқсанда 3,6% болған) этнос өкілдері арасындағы қатынастарды нашарлап (айтарлықтай нашарлады және мүлдем нашарлап кетті жауап нұсқаларын қоса есептегенде) кетті деген пікірде болып шықты.

Аталғандай теріс көзқарастағы респонденттердің жалпы саны 20 адамды (өткен тоқсанда 36 болған) құраса, оның 9-ы, яғни 45,0% Байқоңыр қаласынан екенін назарларыңызға саламыз.

Диаграмма – №9

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Диаграмма – №10

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен бірге, респонденттердің 90,4% (өткен тоқсанда 89,8%болған) басқа этнос өкілдеріне оң көзқараста (оң және жағымды жауап нұсқаларын қоса есептегенде) екенін атап өткен.

Алайда, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 5,1% (өткен тоқсанда 6,4%болған) өзге этнос өкілдеріне теріс (жағымсыз сияқты және теріс жауап нұсқаларын қоса алғанда) көзқараста екені белгілі болды.

Аталғандай теріс пікірдегі азаматтарды Шиелі ауданынан (19,6%) және Байқоңыр (18,2%) қаласынан жиі кездестіруге болатынын хабарлаймыз.

Диаграмма – №11

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Әлеуметтанулық зерттеу нәтижесінде, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 96,5% (өткен тоқсанда 90,1% болған) этностық белгілері бойынша азаматтардың құқықтарының бұзылуын байқамаған болып шықты.

Ал, түрлі этнос өкілдері құқықтарының бұзылуын байқадым деген респонденттер 1,4% (өткен тоқсанда 9,9%болған) болып отыр.

Диаграмма – №12

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сұрауға қатысқан респонденттердің көзқарастарына сәйкес, этностық белгілері бар азаматтардың құқықтары жиі бұзылатын негізгі 5 сала мен нысандарды атап көрсететін болсақ, олар:

  • Бейбіт митинг және демонстрациялар ұйымдастыру кезінде – 15,4%(өткен тоқсанда 4,7%болған);
  • Этномәдени бірлестіктердің болмауы және қол жетімсіздігі – 15,4%(өткен тоқсанда 4,3%болған);
  • Мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдау кезінде - 12,8%(өткен тоқсанда 9,8%болған);
  • Өз этикалық мәдениетін сақтауға құқықтың жеткіліксіздігі – 12,8%(өткен тоқсанда 3,0%болған);
  • Білім беру ұйымдарынат қабылдау кезінде (балабақша, мектеп, колледж, ЖОО) - 7,7%(өткен тоқсанда 6,4%болған).

Диаграмма-№13

Барлық респонденттер бойынша-%, n=39

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Келесі кезекте, аймақ тұрғындарының Ресей мен Украина арасындағы саяси жағдайларға көзқарастарын білуге сауал қойылды. Нәтижесінде, респонденттердің 30,2% өзі үшін және өз елі үшін қорқыныш, мазасыздық сезімі мазалап жүр деп жауап берген. Ал, респонденттердің 23,3% менде ешқандай сезім тудырмайды, маған олардың жағдайы қызық емес десе, 13,8% бұл жағдайларды қадағаламайтындарын жеткізген.

Сондай-ақ, Украинаға жанашырлық танытатындар 15,6% құраса, Ресейге қолдау білдіретіндер 2,8% құрап отыр.

Аталған теріс көзқарастағы респонденттерді аудандық бөліністерде талдайтын болсақ, елі үшін және өзі үшін қорқыныш, мазасыздық сезімдері мазалап жүр деген тұрғындардың басым бөлігі Байқоңыр қаласында (67,3%) және Қазалы ауданында (52,5%) тұратындары белгілі болды.

Украинаға жанашырлық танытамын деген респонденттерді Арал (31,6%), Сырдария (28,0%) және Шиелі (26,5%) аудандарынан жиі кездестірсек, Ресейге қолдау білдіретіндерді Шиелі (10,8%) және Арал (8,2%) аудандарынан кездестіруге болады.

Диаграмма-№14

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Диаграмма-№15

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Осы орайда, сауалнамаға жауап берген респонденттердің 39,0% Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай көшіп келуіне қарсы көзқараста екені белгілі болды. Ал, бейтарап көзқарастағы респонденттер 37,0% құраса, Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай көшіп келуіне оң көзқарас танытатындар 17,4% құрап отыр.

Кросс-талдау нәтижесінде анықталған көрсеткіштерді аудандық бөліністерде талдайтын болсақ, теріс көзқарастағы азаматтардың басым бөлігі Жаңақорған (81,0%), Қазалы (63,6%), Сырдария (62,0%) және Қармақшы (58,6%) аудандарында тұратындары анықталды.

Диаграмма-№16

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Диаграмма-№17

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 16,6% Ресей азаматтарының Қазақстанға жаппай көшіп келуі аумақтық тұтастыққа қауіп төндіреді деп жауап берген. Ал, 15,4% Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіреді десе, 11,7% еліміздегі жұмыссыздық мәселесін арттырады деген көзкөзқараста. Сондай-ақ, Қазақстанның болашақ дамуына қауіп төндіреді дегендер 11,6% құраса, елдегі этносаралық тұрақсыздыққа алып келеді дегендер де болды және олардың үлесі қалған 10,4% құрап отыр.

Диаграмма-№18

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1648

Ашық сұрақ, бес жауап нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілген

Әлеуметтанулық зерттеу нәтижесіне сәйкес, облыс тұрғындары көп жағдайда этносаралық қатынастарға байланысты мәселелермен (қақтығыстар, ұрыстар, қорлау сөздері және т.б.) кезікпейтінін атап өткен. Мәселен, респонденттердің 90,9% (өткен тоқсанда 92,6%болған) жұмыста, 90,5% (өткен тоқсанда 91,7%болған) мемлекеттік мекемелерде (әкімдіктер, полиция, соттар), 90,8% (өткен тоқсанда 85,4%болған) БАҚ тар мен әлеуметтік желілерде, 91,2% (өткен тоқсанда 90,2%болған) мектепте, ауруханада, емханада, банкте, ХҚКО-да этносаралық қатынастарға байланысты мәселелермен кезікпейміз деп жауап берген.

Дей тұрғанмен, этносаралық қатынастарға байланысты мәселелермен (қақтығыстар, ұрыстар, қорлау сөздері және т.б.) кезігетін респонденттердің бар екенін хабарлаймыз. Олар, этносаралық қатынастарға байланысты мәселелермен кей кездері дүкенде, кафеде, мейрамханада, кинотеатрда, дискотекада(10,2%) және көшеде, қоғамдық көлікте (9,8%) кезігеміз деп атап көрсеткен.

Диаграмма – №19

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, әр қатар бойынша бір жауап таңдалған

Келесі кезекте, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 40,0%(өткен тоқсанда 34,1%болған) адамның этностық ерекшелігіне кейде, нақты жағдай мен мақсатына қарай мән беремін деп жауап берген.

Ал, респонденттердің 20,3% (өткен тоқсанда 19,6%болған) басқа этнос өкілінің ерекшелігіне әрқашан мән беретінін және ескеретінін жеткізген.

Сонымен қатар, респонденттердің 19,8% (өткен тоқсанда 23,7% болған) адамның этностық ерекшелігіне назар аудармайтынын және танысу кезінде ескермейтінін атап өткен.

Сондай-ақ, сауалнамаға жауап берушілердің 17,9% (өткен тоқсанда 19,6% болған) адамның этностық ерекшелігіне механикалық түрде назар аударатынын, бірақ мән бермейтінін айтқан.

Диаграмма –№ 20

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 95,3% (өткен тоқсанда 90,2%болған) егер де басқа этностың өкілі болған жағдайда айналасындағы адамдардың өзіне деген жағымсыз қарым-қатынастарды сезінбедім деп жауап берген. Алайда, аталған жауаппен келіспейтін респонденттер де кездесуде және олардың бөлігі бар болғаны 1,4%(өткен тоқсанда 3,0%болған) құрап отыр.

Диаграмма – №21

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Осы орайда, аталған әлеуметтанулық зерттеуді жүргізу аясында теріс ниетті қарым-қатынасты сезінген респонденттерге, әртүрлі олқылықты жағдайлардың орын алу себептерін атап көрсетуге мүмкіндіктер қарастырылды. Нәтижесінде, 20 респондент өз ойларын төмендегідей мазмұнда жеткізді. Олардың әрқайсысына жеке-дара тоқтолатын болсақ:

  • Менсінбейтін қатынас, келемеждеу - 45,0%(өткен тоқсанда 30,4% болған);
  • Адамның ар-намасына нұқсан келтіретін өсек, жала тарату - 15,0% (өткен тоқсанда 23,9% болған);
  • Жұмыспен қамтамасыз етудегі, алға жылжу кезіндегі кедергілер - 15,0% (өткен тоқсанда 8,7%болған);
  • Бұзақылық әрекеттері, төбелес - 10,0% (өткен тоқсанда 19,5%болған);
  • Қорлау, тіл тигізу, дөрекілік - 10,0% (өткен тоқсанда 10,8%болған).

Диаграмма – №22

Барлық респонденттер бойынша-%, n=20

Жабық сұрақ, үш жауап нұсқасы таңдалған

Сондай-ақ, респонденттердің 97,5% (өткен тоқсанда 91,6%болған) тұрғылықты жерлерінде этносаралық қақтығыс болуы мүмкін емес (мүлдем мүмкін емес және негізі мүмкін емес жауап нұсқаларын қоса есептегенде) деп есептейді. Ал, тұратын жерлерінде (негізі мүмкін және иә мүмкін жауап нұсқаларын қоса есептегенде) этносаралық қақтығыстар болуы мүмкін деген респонденттер өте аз болды және олардың үлесі 0,8%(өткен тоқсанда 4,6%болған) құрады.

Осы орайда, этносаралық қақтығыстар болуы мүмкін деп есептейтін 8 респонденттің 5-і Қармақшы ауданында (9,1%) тұратыны белгілі болды.

Осы ретте, теріс көзқарастағы респондентердің ойынша кейбір өзге ұлт өкілдері өзге елде жүріп өз елінде жүргендей көкіректерін керіп, білгендерін істейді, осындай жағдайдан кейін қақтығыстар орын алады деп жазып қалдырған. Сондай-ақ, жұмысқа қабылдау кезіндегі бөліп жарушылық, өзге ұлттардан төмен көру, келемеждеу салдарынан қақтығыстар туындайтынын айтқан.

Диаграмма – №23

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Диаграмма – №24

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 20,4% (өткен тоқсанда 29,9%болған) тұрғылықты жерлерінде басқа этнос өкілдерінің қатысуымен этносаралық қақтығыстар туындаса, биліктен шаралар қабылдауды талап ететінін атап көрсеткен.

Сондай-ақ, респонденттердің 19,0% (өткен тоқсанда 23,2%болған) жоғарыда көрсетілгендей олқылықты жағдай орын алса құқық қорғау органдарынан көмек күтетінін айтқан.

Сонымен бірге, сауалнамаға жауап берушілердің 30,9%(өткен тоқсанда 21,9%болған) этносаралық қақтығыстарға мүлде араласпайтындарын жеткізген.

Бұдан басқа, респонденттердің 4,9% (өткен тоқсанда 10,1%болған) өзінің ұлтына қауіп төнгенін жеткізу үшін республикалық немесе шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына хабарласамын деп жауап берген.

Диаграмма – №25

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен қатар, сауалнамаға жауап берген тұрғындардың 46,0% (өткен тоқсанда 48,4% болған) басқа этнос өкілдерінің төлқұжатына «қазақ» деп жазылуына түбегейлі қарсы екендерін айтқан. Дей тұрғанмен, респонденттердің 17,3% (өткен тоқсанда 19,8% болған) олардың төлқұжатына «қазақ» деп жазуды қолдайтындарын білдірген.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 18,3% (өткен тоқсанда 9,2% болған) этносаралық некелер арқылы төлқұжатына «қазақ» деп жазуға болады деген көзқараста болып отыр.

Сонымен бірге, респонденттердің 9,2% (өткен тоқсанда 12,6% болған) тілді білу және Қазақстан Республикасында ұзақ тұру, төлқұжатқа «қазақ» деп жазуға негіз бола алады, осындай жағдайда қарастыруды дұрыс деп санайды.

Бұл сауалға жауап беруге респонденттердің 9,2% (өткен тоқсанда 10,0% болған) қиналған.

Диаграмма – №26

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Аталған әлеуметтанулық зерттеудің көрсеткіштеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 83,9% (өткен тоқсанда 67,4% болған) елдегі және аймақ бойынша этносаралық келісімді сақтау жөніндегі саясатты жеткілікті (толықтай жеткілікті және аймақтар да, елде де қалыпты жауап нұсқаларын қоса есептегенде)деңгейде деп ойлайды.

Алайда, респонденттердің 11,8% (өткен тоқсанда 18,9% болған) мемлекетіміздегі этносаралық келісімді сақтауға бағытталған саясатты жеткіліксіз деп есейтіні анықталды.

Сондай-ақ, сауалнамаға жауап берушілердің 1,8% (өткен тоқсанда 5,2% болған) аймақтарда этносаралық шиеленіс байқалады деп жауап берген.

Диаграмма – №27

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 92,3% (өткен тоқсанда 82,8% болған) мемлекеттік органдар мен институттардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі қызметтерінің тиімділігін оң бағалаған. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы ІV тоқсандағы жағдаймен салыстырғанда, мемлекеттік мекемелер мен институттардың қызметіне оң көзқарастағы респонденттердің үлесі орташа есеппен 10,0% артқанын аңғаруға болады.

Осы орайда, аталған ұйымдардың қызметін оң бағалау (толықтай тиімді және дұрысы тиімді жауап нұсқаларын қоса есептегенде) бойынша пайыздық көрсеткіштерге тоқталып өтетін болсақ. Олар:

  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – 93,8% (өткен тоқсанда - 83,4% болған);
  • Қоғамдық келісім -90,8% (өткен тоқсанда -81,7% болған);
  • Бұқаралық коммуникация құралдары (теледидар, баспа және интернет басылымдары және т.б.) - 90,7% (өткен тоқсанда – 82,2% болған);
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы - 90,5% (өткен тоқсанда – 80,3% болған);
  • Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) - 90,0% (өткен тоқсанда -82,3% болған);
  • Құқық қорғау органдары -89,7% (өткен тоқсанда -78,4% болған);
  • Этномәдени орталықтар -89,4%(өткен тоқсанда – 81,2% болған);
  • Медиация орталықтары -87,6% (өткен тоқсанда -80,2% болған).

Диаграмма – №28

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, әр қатар бойынша бір жауап нұсқасы таңдалған

Аталған әлеуметтанулық зерттеуге қатысқан облыс тұрғындары этносаралық қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттің жұмысына баға берді. Нәтижесінде, респонденттердің 73,6% (өткен тоқсанда 61,7% болған) Қазақстанда тұратын барлық этностардың құқықтары мен мүдделері ескерілген, жан-жақты ойластырылған және тепе-теңдік сақтайтын саясат іске асырылуда деп жауап берген.

Дегенмен де, сауалнамаға жауап берушілердің 4,5% (өткен тоқсанда 15,6% болған) аталған бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстар декларативті сипатта, кейбір салаларда тек титулды этностың пайдасына бұрмалау бар деп есейтіні белгілі болды.

Сондай-ақ, респонденттердің 3,0% (өткен тоқсанда 4,8% болған) бұл бағыттағы мемлекеттік саясат мүлдем тепе-тең емес, этностық фактор ескерілмейді деп санайды.

Бұл сауалға жауап беруге әрбір 5-ші респондент қиналған, яғни олардың үлесі 18,9% (өткен тоқсанда 23,2% болған) болып отыр.

Диаграмма – №29

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫН ОТАНДАСТАРМЕН ЖӘНЕ РЕПАТРИАНТТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ БАҒАЛАУ

Аталған әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының           93,1% (өткен тоқсанда 82,7% болған) елдегі этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатты қолдайтындарын (иә, толықтай қолдаймын және қолдаймын деуге болады жауап нұсқалары қоса есептегенде) айтқан. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген мазмұндағы мемлекеттік саясатты қолдамайтындар өте аз болды және олардың үлесі 1,7% (өткен тоқсанда 6,0% болған) құрап отыр.

Елдегі этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатқа қолдау білдірмеймін деген 17 респонденттің 10-ы Байқоңыр қаласында (18,2%), тұратыны анықталды.

Диаграмма – №30

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Диаграмма – №31

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Мемлекетіміздегі этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатты қолдамаймын дегендердің 16,1% (өткен тоқсанда 2,0% болған) Үкімет жергілікті халыққа қарағанда қандастарға көбірек қамқорлық білдіреді деген көзқарастарын білдірген.

Сондай-ақ, аталмыш теріс пікірдегі респонденттердің 16,1% (өткен тоқсанда 11,9% болған) қазақ тіліне этносаралық қатынас тілі мәртебесін беру туралы мезгілді пікірталастардың болуы этносаралық келісімді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатқа кері әсерін тигізуде деп есептейді.

Сонымен бірге, аталғандай теріс көзқарастағы азаматтардың 9,7% (өткен тоқсанда 17,8% болған) ана тілін үйренуде, этникалық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауда қиындықтар бар болғандықтан елдегі этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатты қолдамаймыз деп жауап берген.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған көзқарастағы респонденттердің 9,7% (өткен тоқсанда 10,9% болған) мемлекет басқа этнос өкілдерін шамадан тыс қамқорлыққа алатын болғандықтанелдегіэтносаралық келісімді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясат дұрыс жүзеге асырылмауда деп санайды.

Диаграмма – №32

Барлық респонденттер бойынша-%, n=31

Жабық сұрақ, үш жауап нұсқасы таңдалған

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 40,4% (өткен тоқсанда 25,1% болған) қоғамдық келісімді нығайтуда ең бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің рөлі маңызды деп жауап берген.

Диаграмма – №33

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір ғана жауап нұсқасы таңдалған

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші респондент, яғни олардың 25,7% (өткен тоқсанда 18,0% болған) жоғарыда аталғандай мазмұндағы жұмыстарды іске асыруда екінші кезекте Этномәдени орталықтардың рөлі маңызды деп санайды.

Диаграмма – №34

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, әр баған бойынша бір жауап нұсқасы таңдалған

Ал, сауалнамаға жауап берушілердің 18,9% (өткен тоқсанда 14,2% болған) қоғамдық келісімді нығайту барысында үшінші кезекте Қоғамдық келісім ұйымдарының қызметі маңыздылыққа ие екенін атап өткен.

Диаграмма – №35

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, әр баған бойынша бір жауап нұсқасы таңдалған

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨШІ-ҚОН КӨҢІЛ КҮЙІ

Сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 70,8% (өткен тоқсанда 54,3% болған) жақын арада түрғылықты жерлерін ешбір жағдайда өзгерткісі келмейтіндерін айтқан.

Сондай-ақ, сауалнамаға жауап берушілердің 10,1% (өткен тоқсанда 14,5% болған) қазіргі кездекөшу туралы ойлары жоқ екенін, бірақ алдағы уақытта өмірлік жағдайларына байланысты қоныс аударуы да, аудармауы дамүмкін екенін жеткізген.

Сонымен қатар, респонденттердің 8,6% (өткен тоқсанда 17,5% болған) қазіргі уақытта басқа жақа көшу жоспарда болмағанымен, болашақта басқа жерге қоныс аударатындарын атап көрсеткен. 

Ал, респонденттердің 2,2% (өткен тоқсанда 2,9% болған)жақын арада нақты көшетіндерін атап өткен.

Бұл сауалға жауап беруге респонденттердің 8,3% (өткен тоқсанда 10,8% болған) қиналған.

Диаграмма – №36

Барлық респонденттер бойынша-%, n=1000

Жабық сұрақ, бір жауап нұсқасы таңдалған

Ендігі жерде көші-қон белсенділігіне тоқталып өтетін болсақ, тұрғылықты жерлерінен көшуге ниетті респонденттердің 75,6% (209 респонденттің 158-і) Қазақстанның басқа облысына, сондай-ақ олардың 2,3% (209 респонденттің 23-і) облыс шегіндегі басқа қалаға немесе ауылға қоныс аударатындарын атап көрсеткен.

Ал, респонденттердің 1,3% (209 респонденттің 13-і) басқа елдерге көшетіндерін ашық айтқан.

Диаграмма –№37

Барлық респонденттер бойынша-%, n=349

Жабық сұрақ, бір жауап нұсқасы таңдалған

Осы орайда, еліміздің басқа облыстарына, облыстың басқа аумақтарына және шет елдерге қоныс аударуды жоспарлайтын 209 респонденттің 112-і, яғни 53,6% жұмыс іздеу, табыс табу, жалақысы жоғары жұмыс іздеу үшін, 14,3% (209 респонденттің 48-і) жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылыс, саяхаттау үшін, 11,9% (209 респонденттің 40-ы)болашаққа деген сенім жоқ, даму перспективаларын көрмеу, 11,0% (209 респонденттің 37-1) экологиялық ахуалдың нашарлығынан және олардың 8,7% (209 респонденттің 29-ы) отбасымен, туыстарымен табысу үшін қоныс аударуға дайын екендерін жеткізген.

Диаграмма –№38

Барлық респонденттер бойынша-%, n=335

Жабық сұрақ, үш жауап нұсқасы таңдалған

ҚОРЫТЫНДЫ

Қызылорда облысындағы этносаралық ахуалдың жай-күйіне аймақ тұрғындарының көзқарасын анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу 2023 жылғы 6-17 ақпан күндері аралығында тиісті қағидаларға сәйкес кәмелет жасқа толған 1 000 адамның қатысуымен жастық және жыныстық ерекшелікгі сақтай отырып face to face әдісі арқылы сандық тәсілмен және этностық топтар шоғырланған елді мекендердегі өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Респонденттердің 62,0% әйелдер, 38,0% ерлер болды. Олардың этникалық құрамына тоқталсақ, 82,1% қазақтар, 11,1% орыстар, кәрістер 2,6% шешендер 1,2% және түріктер 1,2% құрады.

Әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде, респонденттердің 95,7% (өткен тоқсанда 92,6% болған) еліміздің азаматы ретінде өз өмірлеріне қанағаттанатыны (толықтай қанағаттанамын және қанағаттанатын сияқтымын жауаптарын қоса есептегенде) белгілі болды. Дей тұрғанмен, өз өмірлеріне қанағаттанбайтын (қанағаттанбайтын сияқтымын және мүлдем қанағаттанбаймын жауаптарын қоса есептегенде) респонденттердің бар екені айқындалды және олардың бөлігі 3,3% (өткен тоқсанда 6,0% болған) болып отыр.                                       

Дата публикации
04 апреля 2023
Дата обновления
06 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы