Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылдың 21-22 желтоқсан Өзбекстанға барған мемлекеттік сапарының ресми делегациясының құрамында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев болды.
Екі күндік іс-сапар аясында облыс әкімі облыс кәсіпкерлерімен бірге Қазақстан-Өзбекстан өңіраралық бизнес форумына қатысты.
Бизнес форумға өңір атынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның басқарма төрағасы Самат Ерниязов, "Абзал және К" директоры Абзал Ералиев, "Дана" ЖШС директоры Мамадияр Қадырбеков, "CT Solutions" және «Frac Jet» компанияларының директоры Аслан Орынғалиев пен «Агрохимсервис» ЖШС Сергей Ким барды.
Форум аясында өңір кәсіпкерлері су үнемдеу технологияларын енгізу, минералды тыңайтқыштарды сатып алу және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құру, күріш өсіру және әртараптандыру бағытында бірлескен жұмыстарды пысықтады.
Жұмыс сапардың екінші күні Қазақстан Республикасының Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің алдында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Науаи облысының хокимі Нормат Тұрсунов екіжақты ынтымақтастықты дамытуды көздейтін арнайы Жол картаға қол қойды.
Аталған Жол карта екі өңір арасындағы әріптестік байланысты күшейтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға жол ашады. Өңірлердің инвестициялық және туристік әлеуетін көтеретін ортақ жобалар да Картада қамтылған.