Сайлаушылар тізімін өзектендіру және сәйкестендіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Сайлау науқанында азаматтар дауыс беру учаскесін нақтылау үшін 20 қаңтардан бастап «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі іске қосылып 109 call-орталығы өз жұмысын бастады.
Мұнан бөлек, telegram-бот және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндіктері қолжетімді.