ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлауын өткізуде Қызылорда өңірі бойынша 516 сайлау комиссиясы орналасқан. Барлық сайлау комиссияларында 3000-нан аса азамат жұмыс істейді.
Ақпан айының алғашқы аптасынан бастап аймақтағы сайлау комиссия мүшелеріне оқыту және әдістемелік бағыт-бағдар беру үшін арнайы оқыту-семиналары жүргізілді.
Облыстық сайлау комиссиясының Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалымен бірлескен оқыту жұмысына кәсіби лекторлар тартылып, түрлі тақырыпта дәріс берілді.
Алғашқы үш күн Қызылорда қаласында бастау алып, аудандарда көпшелі оқу семинарына ұласты.
Оқыту барысында учаскелік, округтік сайлау комиссиясының мүшелері сайлау туралы заңнамадағы өзгерістер, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, байқаушылармен жұмыс жасау, дауыс беру тәртібі, кандидаттармен жұмыс жүргізудің жолдары тақырыбында ақпараттар алып, өзара пікір алмасты.
Айта кетейік, оқыту семинарлары әрі қарай каскад әдісімен жүргізіледі, қосымша 1500 адам оқытылады. Мұнан бөлек сall орталық мамандары да оқытылды.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы