«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 39-бабының 1-1 тармағына сәйкес, дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс.
Конституциялық заңның 48-бабының 2-1 тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуге мiндеттi.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 27.01.2023 ж. №27/700 қаулысымен жергілікті атқарушы органдарға «Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Орталық сайлау комиссиясының 23.10.2012 ж. №21/183 және «Қазақстан Республикасында сайлау өткізу кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар туралы» 21.12.2018 ж. №24/217 қаулыларына сәйкес, сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, мүгедектігі бар адамдар болып табылатын сайлаушылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына жәрдем көрсету, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің сарапшы ретінде қатысуымен мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін учаскелердің қолжетімділігіне тексеру жүргізу, мүгедектігі бар (соқыр және нашар көретін, саңырау, соқыр-саңырау, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) сайлаушылардың дауыс беруге арналған учаскелерде ерекше жағдайларды қамтамасыз етудің қосымша шараларын көздеу тапсырылған.
Мүгедектігі бар сайлаушылар үшін дауыс беру күні жергілікті атқарушы органдардың тарапынан сурдоаудармашыларды тарту, инватакси және жеке көмекшілердің қызметі қамтамасыз етілетін болады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органның мәліметі бойынша биылғы жылдың 10 ақпанындағы жағдай бойынша облыс аумағында 9349 мүгедектігі бар сайлаушылар бар. Олардың ішінде, 1187-і кресло-арбалармен қозғалатындар, 1207-і көру қабілеті жойылғандар, 603-і есту және сөйлеу қабілеті жойылғандар.