1.1. БАҚ-тың құқықтары
‑ дауыс беру күні сайлау учаскелеріне қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл жіберуге (20 б. 8 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
-сайлау комиссиясының отырыстарына қызметтік куәлігі және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда өкілдерін жіберуге (20 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшін жауапты болмайды. (Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.) (27 б. 8 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға (32 б. 2 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
1.2. БАҚ-тың міндеттері
- барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетіндегі орны, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде таратуға міндетті (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- эфир мен баспа алаңын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде – Орталық сайлау комиссиясына, Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс. (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жері және таралымы), тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан ақысы төленгені туралы мәліметтер болуын қамтамасыз ету. Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады (28 б. 5 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi жазып-көрсетудi жүзеге асыруға (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ үміткерге саяси партияларға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғау үшiн баспа басылымының ең таяудағы нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге міндетті. Радио және телевизия арқылы терiске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, ал аталған теле- және радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда – оған тақырыптық бағыты сәйкес келетін өзге теле- және радиобағдарламада берілуге тиіс (Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі есе және одан үлкен болмауға тиіс) (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- тиiстi сайлау комиссияларына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда белгiленген сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды жариялау мүмкiндiгін дереу береді (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.(Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы) (28 б. 9 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
1.3. БАҚ-тар үшін шектеулер мен тыйымдар
- кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ (27 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға міндетті (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспа алаңын беру туралы шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар өкілдерінің телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні БАҚ-та жариялауға жол берілмейдi. (28 б. 9 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады (28 б. 9 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (32 б. 1 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (32 б. 2 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуына тыйым салынады (27 б. 4 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- құны кандидаттың не саяси партияның сайлау қорынан өзге қаражат есебінен төленген үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында шығаруға (эфирге шығуға) жариялауға жол берілмейді. (Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы 23 т. 2 б.);
- бұқаралық ақпарат құралының редакциясы сайлау алдындағы үгіт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргізеді. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда бұқаралық ақпарат құралының редакциясы, онлайн-платформаларды пайдаланушы сұрау салынған күннен бастап үш күндік мерзімде оған жазбаша ақпарат, ал қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшірмелерін ұсынады (Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы 34 т.).
2.1. Журналистің құқықтары
‑ ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 1)-тш);
‑ мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға; («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 2)-тш);
‑ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 3)-тш);
‑ журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге де нысандары кезінде болуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 4)- тш);
‑ құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 5)-тш);
‑ алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 6)- тш);
‑ алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 7)-тш);
‑ өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 8)-тш);
‑ материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 9)-тш);
‑ авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар («БАҚ туралы» ҚРЗ 20 б. 10)-тш).
2.2. Журналистің міндеттері
‑ Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 1)-тш);
‑ таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру жөніндегі шараларды қабылдауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 1-2)-тш);
- шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 2)-тш);
‑ ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 3)-тш);
‑ егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды таратуға келісімін алуға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 3-1)-тш);
‑ жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 4)-тш);
‑ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 5)-тш).
2.3. Журналистерге шектеулер мен тыйымдар
- шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға («БАҚ туралы» ҚРЗ 21 б. 2)-тш);
- кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ (27 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға міндетті (27 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнама нормаларын негізге ала отырып, онлайн-платформалар арқылы үгітке қойылатын талаптардың сақталуы тұрғысынан мониторингке жататын онлайн-платформаларды пайдаланушылар қатарына сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға ақы төлеу талаптары туралы мәліметтерді жариялаған және ОСК/АСК-на ұсынған және тиісінше үгітті ақылы шарт жасасу негізінде жүзеге асыратын пайдаланушылар ғана жатқызылатын болады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қаржыландыруды қажет етпейтін кедергісіз сайлауалды үгіт жүргізу құқығын сақтайды.
Әлеуметтік желілерде (онлайн-платформаларда) сайлауалды үгіт жүргізуге ниет білдірген онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау науқаны басталғанға дейін 5 күн бұрын төлем мөлшері, үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы ақпаратты жариялауға және оларды келесі мекемелерге беруі қажет:
1) ОСК-ға – біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға арналған партиялық тізімдер бойынша (онлайн-платформалардың осындай пайдаланушылары тізімі ОСК-ның интернет-ресурсында орналастырылады);
2) АСК-ға – бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін (сайлау туралы бөлім онлайн-платформалардың осындай пайдаланушылары тізімі әкімдіктердің (облыстық және республикалық маңызы бар қалалар) интернет-ресурстарында арнайы жарияланатын болады).
БАҚ (телеарналар, радиоарналар, мерзімді баспасөз басылымдары, интернет-ресурстар) сайлау қоры қаражаты есебінен дайындалған үгіт материалдарын интернет-алаңдарда өздерінің ресми шоттарында орналастыруды жоспарлаған кезде ақпаратты орналастыру шарттары туралы ақпаратты жариялауға және сайлау науқаны басталғанға дейін 5 күн бұрын келесі мекемелерге беруі қажет:
ОСК-ға – Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша біртұтас республикалық сайлау округінің аумағындағы партиялық тізімдер бойынша (ОСК-ның интернет-ресурсында жарияланады);
АСК-ға – бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар туралы (әкімдіктердің (облыстық және республикалық маңызы бар қалалар) интернет-ресурстарында сайлау туралы арнайы бөлімде жарияланады).
3.1. Онлайн платформаларды пайдаланушылардың міндеттері
- барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәліметтердің мазмұнын қамтамасыз етуі тиіс. (28 б. 5 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; аталған тұлғаларға өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндет (27 б. 7-1 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi (қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы) (28 б. 9 т. ҚР «Сайлау туралы заңы») (Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын 32 т.);
- сайлау алдындағы үгіт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргізу. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда, онлайн-платформаларды пайдаланушы сұрау салынған күннен бастап үш күндік мерзімде оған жазбаша ақпарат, ал қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшірмелерін ұсынады (Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы 34 т.).
3.2. Онлайн платформаларды пайдаланушылар үшін шектеулер мен тыйымдар [2]
- кандидаттардың және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын төлем мөлшері орналастыру шарттары туралы ақпарат жарияланғанға дейін тарата алмайды (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар үшін үгіт материалдарын орналастыруға келісім беруге тиіс, бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-платформаны пайдаланушының кандидаттардың біріне шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға келісім бергендіктен, кандидаттардың ешқайсысына үгіт материалдарын орналастырудан бас тарта алмайды (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қайсыбір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға міндетті (27 б. 7-1 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi (28 б. 9 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (32 б. 1 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау күні Интернет желісінде бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (32 б. 2 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады (28 б. 5 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- құны кандидаттың, саяси партияның сайлау қорынан басқа қаражат есебінен төленген үгіт материалдарын онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді (Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы 23 т. 2-б).;
- Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс (29 б. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
3.3. Онлайн платформаларды пайдаланушылардың құқықтары [3]
- шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, (партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде) Орталық сайлау комиссиясына, (бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын), және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- - тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін береді (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
‑ интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. (32 б. 2 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
4.1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары
- сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- жария мәлімдемелер жасауға (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар (20-2 б. 6 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
4.2. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің міндеттері
-жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
-сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
-сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
- сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
-алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»);
-Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті (20-2 б. 7 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы (20 б. 8 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
Президенттікке кандидаттар, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкім болуға кандидаттар сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.
Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және қайсыбір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бермеуге тиiс. (28 б. 3 т. ҚР «Сайлау туралы заңы»).
102-бап. Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу
Кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ республикалық референдум өткізілетін күні не оның қарсаңындағы күні үгіт жүргізу
- жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
104-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау
- жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу
– жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуы
-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
- жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату.
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауға (республикалық референдумға) дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде үгіт материалдарын шығарған ұйымдар (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жерi мен таралымы), тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ осындай материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерде дайындау, анонимдік үгіт материалдарын тарату
- жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу.
- жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
- жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу.
- жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. 150-бап.
Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау.
-бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
150-бап ҚРЗ 19.12.2020 № 384-VI 1-1 бөлікпен толықтырылды.
1-1. Сайлау комиссияларының немесе референдум комиссияларының жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тізімдерді тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерін айқындауға байланысты міндеттерді атқаруға кедергі жасау
- бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
1) параға сатып алумен, алдаумен, күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан;
2) адам өзiнiң лауазымдық жағдайын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) электрондық сайлау жүйесi жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған іс-әрекеттер
- төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
[1] Жеке беттерінде үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы ақпаратты ОСК және/немесе АСК-ға жариялаған және ұсынған пайдаланушыларға қолданылады.
[2] Жеке беттерінде үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы ақпаратты ОСК және/немесе АСК-ға жариялаған және ұсынған пайдаланушыларға қолданылады
[3] Жеке беттерінде үгіт материалдарын орналастыру шарттары туралы ақпаратты ОСК және/немесе АСК-ға жариялаған және ұсынған пайдаланушыларға қолданылады