2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында “Байтақ” партиясының партиялық тізімдерін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 16 ақпанда «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің 4 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінен Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидатты шығару туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған кандидаттың активтері мен міндеттемелері туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыстығында алшақтықтың анықталуы туралы хаттың негізінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 3 наурыздағы шешімімен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімінен Әкімбек Мұратбекұлы Әлібек шығарылды.