2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында “Қазақстан Халық партиясы” тізімдерін тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 15 ақпанда «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 4 адамды қамтитын партиялық тізімін мынадай құрамда тіркеді:
- Маханов Канатбек Мадиевич 1971 ж.т., "Қазақстан Халық партиясы" ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда қаласында тұрады
- Төлегенова Нұргүл Айтілеуқызы 1989 ж.т., "Ай-Қарақат", "Ақбота-Үміт" балабақшаларының және "Айым" шығармашылық мектебінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады
- Аблайханұлы Асылхан 1985 ж.т., "СЕНІМ" денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қызылорда қаласында тұрады
- Елеусін Анель Нұрболатқызы 1999 ж.т., "Адем Жан" ЖШС экономисті, Қызыорда қаласында тұрады