2023 жылғы 16 ақпанда сағат 18:00-де Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеу туралы.
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Respublika» партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеу туралы.
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы.
- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 1, Б-блогы, 337 кеңсе (3- қабат).
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 16 ақпан сағат 17.30 дейін келесі телефондар бойынша: 60-54-36, 60-55-78 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_kzl_obl@saylau.kz