2023 жылғы 15 ақпанда сағат 16:30-де Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі №6 облыстық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауында Шаймаганбетов Амирбек Бердибековичті, Райымбек Әнуарбек Кеңесбайұлын, Калиянов Бауыржан Тобаевичты №6 облыстық бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеу туралы.
Өтетін орны: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №32, Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты,телефон/факс:8(72431) 31-7-19,31-4-04, e-mail:jalsay2019@mail.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 15 ақпан сағат 15:30 дейін келесі телефон бойынша: 8(72431) 31-7-19келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: mail:jalsay2019@mail.kz.