«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді:
№1 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен:
Жумашев Мейрамбек Тогусович – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1978 жылы туған, қазақ, «Тоғыс - Аралотын» ЖШС директоры, Қызылорда облысы, Арал қаласында тұрады,"AMANAT" партиясының мүшесі.
Махатов Бауржан Ибрашович– 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1969 жылы туған, қазақ, Арал ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы, Қызылорда облысы, Арал қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Калиев Рахан Байтлесович – 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған,1981 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысының білім басқармасының «Қамбаш олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы» КМҚК директоры, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
№2 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен:
Тілеп Ібайдулла Тілепұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда"AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1959 жылы туған, қазақ, «Тілеп» ЖШС-нің директоры, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде тұрады,"AMANAT" партиясының мүшесі.
Адилбаев Талгатбек Каражанович – 2023 жылғы 7 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1960 жылы туған, қазақ, жеке кәсіпкер, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
№5 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен:
Төлепов Орынбасар Өтепұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1962 жылы туған, қазақ, «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Саметов Балтабай Мақсатұлы – 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1981 жылы туған,қазақ, «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас гидротехнигі, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
№7 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен:
Ембергенов Жұмабек Әшімұлы – 2023 жылғы 4 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1976 жылы туған, қазақ, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік коорпорациясы Сырдария аудандық бөлімінің басшысы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
№8 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен:
Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы ұсынған, 1962 жылы туған,қазақ, «Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы, Шиелі ауданында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Мұсаев Қанат Барлыбайұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1973 жылы туған, қазақ, «Ақмая» шаруа қожалығының бас есепшісі, Шиелі ауданында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Әлімбетов Ғани Құрбанбекұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1981 жылы туған, қазақ, «Ақмая» шаруа қожалығының есепшісі, Шиелі ауданында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
№9 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен:
Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы – 2023 жылғы 04 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1958 жылы туған, қазақ, «Ысқақ» жеке кәсіпкерлігінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
№11 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен:
Ниязов Мұхтар Мәуленұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1985 жылы туған, қазақ, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық театрының директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "AMANAT" партиясының мүшесі.
Асқаров Талғат Асқарұлы – 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1986 жылы туған, қазақ, "Қазақ жоба Құрылыс" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Козейбаев Сапар Алияскарович – 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1974 жылы туған, қазақ, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
№12 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 ақпандағы шешімімен:
Мұстафа Садық Шоңмұрынұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда "Ауыл" ХДПП қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы ұсынған, 1966 жылы туылған, қазақ, "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, "Ауыл" ХДПП мүшесі.
№13 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен:
Тайманов Сейілбек Абзалұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1978 жылы туған, қазақ, «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ жетекшісі, Қызылорда қаласында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі.
№13 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен:
Әбенов Сәкен Рахметұлы – 2023 жылғы 7 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1966 жылы туған, қазақ, уақытша жұмыссыз, Қызылорда қаласында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Сақтағанов Қанағат Жанайбекұлы – 2023 жылғы 3 ақпанда «Ауыл» ХДПП» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы ұсынған, 1966 жылы туған, қазақ, «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Қызылорда қаласында тұрады, «Ауыл» ХДПП мүшесі.
№15 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 14 ақпандағы шешімімен:
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы– 2023 жылғы 2 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1968 жылы туған, қазақ, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қызылорда қаласында тұрады,"AMANAT" партиясының мүшесі.
Оспанов Ерлик Ануарбекович– 2023 жылғы 4 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1982 жылы туған, қазақ, №178 орта мектеп директорының орынбасары, Қызылорда қаласы, Талсуат ауылында тұрады,"AMANAT" партиясының мүшесі.
Мамбетов Абилькасим Абильдаевич– 2023 жылғы 4 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1963 жылы туған,қазақ, жеке кәсіпкер, Қызылорда қаласында тұрады, AMANAT" партиясының мүшесі.
№16 округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 ақпандағы шешімімен:
Байкенжеев Танат Кожахметович – 2023 жылғы 3 ақпанда "AMANAT" партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1980 жылы туған, қазақ, «Даиана»жеке кәсіпкерінің директоры, Қызылорда қаласында тұрады,"AMANAT" партиясының мүшесі.
Файзуллаев Мәделхан Нышанбекұлы– 2023 жылғы 3 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1970 жылы туған, қазақ, "СК"метпроммонтаж" ЖШС басшысы, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Көлдеев Дархан Нұрмағанбетұлы – 2023 жылғы 6 ақпанда өзін-өзі ұсынған, 1985 жылы туған, қазақ, «Қызылорда» қоғамдық телерадиокомпаниясы» ЖШС аға монтажеры, Қызылорда қаласында тұрады, партия мүшелігінде жоқ.
Ерназаров Кайрат Шаршыбекович – 2023 жылғы 6 ақпанда "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы ұсынған, 1965 жылы туған, қазақ, "Бақ-береке 2030" ЖШС директоры, Қызылорда қаласында тұрады, Қазақстан Халық партиясының мүшесі.