«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 20209 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жоғары репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын сатып алуға қол жетімділігі артады, тұқым шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы нығаяды.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14398987
Ескертпе:
Мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін жібергенге дейін мемлекеттік әзірлеуші орган өзінің интернет-ресурсында және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы баспасөз релизін ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталына сілтемемен бірге орналастырады.
Баспасөз релизі қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Әзірлеуші мемлекеттік орган әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы ақпаратқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында баспасөз релизін өз бастамасымен ағылшын тілінде орналастыруы мүмкін.