Лого

Меню

Страницы

Статья

Ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстар

2026 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6244,7 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 4613,5 мың доза (73,9%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.
Қазіргі күні, 9 айлық жоспарға сәйкес 4466,6 мың доза алдын ала егіліп, іс-шара толық орындалды.
Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы 1278,0 мың бас жануарлар (496,0 мың бас МІҚ, 782,0 мың бас уақ мал) диагностикалық тексерілді. Нәтижесінде 43 бас МІҚ, 10 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылға 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алуға облыстық бюджеттен 332,6 млн. теңгеге 809,9 мың доза алынды.
Қазіргі күні, 9 айлық жоспарға сәйкес 615,1 мың доза препарат алдын ала егіліп, іс-шара 100% орындалды.
Бірдейлендіру. Жыл басынан 368,4 мың бас (86,0 мың бас МІҚ, 234,9 мың бас уақ мал, 37,6 мың бас жылқы, 9,6 мың бас түйе, 0,3 мың бас шошқа) бірдейлендірілді.
2026 жылдың 1 қазанына ақпараттық жүйеде 1550,3 мың бас (418,5 мың бас МІҚ, 775,3 мың бас уақ мал, 285,7 мың бас жылқы, 70,1 мың бас түйе, 0,7 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Үстіміздегі жылы бірдейлендіруге қажетті 459,1 мың дана (124,6 мың дана МІҚ, 322,1 мың дана уақ мал, 12,4 мың дана түйе) құлақ жапсырмаларын алуға облыстық бюджеттен 56,0 млн. теңгеге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу өткізіліп, қажетті құлақ жапсырмалары аудандарға таратылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.


2026 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті
13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6244,7 доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 4004,3 мың доза (64,1%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.
Қазіргі күні, 6 айлық жоспарға сәйкес 3153,9 мың доза алдын ала егіліп, іс-шара толық орындалды.
Ветеринария саласында ауқымды атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 22 мамырда Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) 93-ші Бас сессиясында Қазақстанға вакцинация жүргізілетін аусылдан таза аймақ мәртебесі ресми түрде берілді. Қазақстан бүгінде Шығыс және Орталық Азиядағы вакцинация жүргізілетін аусылдан таза аймақ мәртебесі халықаралық деңгейде танылған жалғыз мемлекетке айналды.
Бұл мәртебе ветеринария саласында қызмет атқаратын мамандардың еңбектерінің нәтижесі.
Сібір жарасы көміндісі туралы. Облыс көлеміндегі барлық 57 сібір жарасының көміндісі талапқа сәйкес толық бетонмен қоршалып, қауіпсіздік белгілері қойылып, мемлекеттік жер Кадастрлық нөмірлері алынған және санитарлық қорғаныш аймағы белгіленген.
Орны анықталмаған 7 көміндіні анықтауға жұмыс тобы (облыстық ветеринария басқармасы, аумақтық инспекция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және тиісті мекемелер) құрылып, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС ғалымдарымен бірге тиісті жұмыстар (мұрағат қорынан, эпизоотиялық деректерден, елді мекендердегі көне көз қариялар (байырғы тұрғындар) мен ветеринария саласының ардагерлері) жүргізілді. Нәтижесімен координаттары нақтыланбай, расталмағандығы туралы қорытынды акті жасалып, реестрден алуға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілді.
Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы 864,5 мың бас жануарлар (302,7 мың бас МІҚ, 533,2 мың бас уақ мал, 27,6 мың бас түйе, 0,05 мың бас шошқа, 0,9 мың бас ет қоректілер) диагностикалық тексерілді. Нәтижесінде 37 бас МІҚ, 9 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылға 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алуға облыстық бюджеттен 332,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні, қажетті препараттар аудандарға таратылып,
6 айлық жоспарға сәйкес 411,5 мың бас алдын ала егілді.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Бірдейлендіру. 2026 жылдың 1 шілдесіне ақпараттық жүйеде 1538,3 мың бас (410,5 мың бас МІҚ, 777,7 мың бас уақ мал, 281,2 мың бас жылқы, 68,2 мың бас түйе, 0,7 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Қазіргі күні барлығы 316,7 мың бас (72,3 мың бас МІҚ, 214,3 мың бас уақ мал, 21,0 мың бас жылқы, 8,8 мың бас түйе, 0,3 мың бас шошқа) бірдейлендірілді.
Үстіміздегі жылы бірдейлендіруге қажетті 459,1 мың дана (124,6 мың дана МІҚ, 322,1 мың дана уақ мал, 12,4 мың дана түйе) құлақ жапсырмаларын алуға облыстық бюджеттен 56,0 млн. теңгеге бөлінді. Қазіргі күні мемлекеттік сатып алу өткізіліп, келісім-шарт жасалды.
«TortTulik» мобильды қосымшасы және оның тиімділігін жетілдіру мақсатында мал иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша «TortTulik» мобильды қосымшасына тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің саны 39552 (Арал 6611, Қазалы 5863, Қармақшы 4363, Жалағаш 4104, Сырдария 4130, Шиелі 6434, Жаңақорған 5778, Қызылорда 2269), яғни 105,3% құрап отыр.
Ветеринариялық анықтама беру. 2026 жылғы ІІ тоқсанда «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын және олардан алынатын тамақ өнімдері мен шикізат өнімдерін тасымалдау үшін 24656 ветеринариялық анықтамалар ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» веб-порталы арқылы ресімділеп берілді.
Ветеринариялық паспорт беру. 2026 жылғы ІІ тоқсанда «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын дерекқор жүйесінен 38242 ветеринариялық паспорт рәсімделіп берілді.
Жалпы сипаттағы трансферт туралы. Қызылорда облысы көлемінде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында
2026-2027 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферт арқылы бөлінген 3,5 млрд. теңгеге 145 бірлік (2026 жылы 73 бірлік, 2027 жылы 72 бірлік) типтік жобадағы мал қорымын сатып алу жоспарлануда.


2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6244,7 доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 2951,9 мың доза (47,3%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.
Қазіргі күні, 3 айлық жоспарға сәйкес алдын ала егілуі қажет 1130,1 мың доза препараттың 1 227,7 мың дозасы егіліп, іс-шара 108,6% орындалды.
Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы 275,5 мың бас жануарлар (148,1 мың бас МІҚ, 127,4 мың бас уақ мал) диагностикалық тексерілді. Нәтижесінде 12 бас МІҚ ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылға 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алуға облыстық бюджеттен 332,6 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу өткізіліп, жеңімпаздармен келісім-шарт жасалды. Қазіргі күні МІҚ тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофиллез ауруларына қажетті препарат аудандарға толық таратылды.
Бірдейлендіру. 2026 жылдың 1 сәуіріне ақпараттық жүйеде 1402,4 мың бас (389,2 мың бас МІҚ, 676,6 мың бас уақ мал, 273,2 мың бас жылқы, 62,8 мың бас түйе, 0,6 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Қазіргі күні барлығы 64,4 мың бас (22,6 мың бас МІҚ, 36,0 мың бас уақ мал, 5,4 мың бас жылқы, 0,2 мың бас түйе, 0,2 мың бас шошқа) бірдейлендірілді.
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар одан әрі жалғасуда.
Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.


Облыстық ветеринария басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы анықтама

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2025 жылы аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен бөлінген 6277,9 мың доза ветеринариялық препарат облысқа уақытылы тасымалданып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша сібір жарасы ауруының 57 көміндісі бар. Осы көмінділердің 27-сі металл қоршаумен қоршалған болатын. Өткен жылы барлығы толық бетон қоршауға ауыстырылды.
Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. 2025 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препараттар толық алынып, алдын ала егу жұмыстары толық жүргізілді.
Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған 1654,2 мың қан үлгісі (586,5 мың бас МІҚ, 1067,7 мың бас уақ мал) диагностикалық зерттелді. Нәтижесінде 42 бас МІҚ, 32 бас уақ мал ауру болып анықталып, талапқа сәйкес уақытылы сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес барлығы 428,1 мың бас (110,7 мың бас МІҚ, 251,1 мың бас уақ мал, 56,2 мың бас жылқы, 9,8 мың бас түйе, 0,3 мың бас шошқа) бірдейлендіріліп, жоспар 112,9% орындалды.
2026 жылдың 1 қаңтарына ақпараттық жүйеде 1334,0 мың бас (370,2 мың бас МІҚ, 627,3 мың бас уақ мал, 272,7 мың бас жылқы, 63,2 мың бас түйе, 0,6 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті 449,4 мың дана (126,2 мың дана МІҚ, 312,0 мың дана уақ мал, 11,2 мың дана түйе) құлақ жапсырмасы алынды.
Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 947,7 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен 100% қамтылса, 98 арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіліп 71%-ға жаңартылды. (2025 жылы 27 автокөлік)
Ғимарат. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру жөніндегі Жол картасына сәйкес Жетісу облысының тәжірибесі негізінде 2024 жылы 3 бірлік, 2025 жылы 5 бірлік барлығы 8 бірлік блоктық-модульдік ғимарат сатып алынып, пайдалануға берілді.
Мал сою пункті. 2025 жылы облыс бойынша ветеринариялық талаптарға сәйкес келетін мал сою алаңын мал сою пункттеріне ауыстыру жұмыстары ұйымдастырылып, 14 мал сою пункті пайдаланылуға берілді. Оның ішінде, 2 жаңадан соғылып, 12 мал сою алаңына реконструкция жүргізілді.
Мал қорымы. Облыс көлемінде аса қауіпті аурулардың алдын алу, болдырмау, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында ауылдық округтерді мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын типтік жобадағы мал қорымдарымен толық қамтамасыз етілуі қажет.
Облыс бойынша мал өлекселерін тастайтын 146 мал қорымы бар. Оның 89-ы типтік жобада, 57-сі қарапайым шұңқырлар. Осыған байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс беріліп, нәтижесінде 2026-2027 жылдарға 145 типтік жобадағы мал қорымын (2026 жылы 73, 2027 жылы 72) салуға қажетті 3,5 млрд. теңге қаржы бөлінді.


Облыстық ветеринария басқармасының
2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы
АНЫҚТАМА

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында үстіміздегі жылы аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6277,9 мың доза ветеринариялық препарат қаралып отыр. Бүгінгі таңда облысқа бөлінген 5292,8 мың доза (84,3%) тасымалданып, аудандарға таратылды. Қазіргі күні,
9 айлық жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары толық жүргізілді.
Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препараттар толық алынды. Қазіргі күні, 9 айлық жоспарға сәйкес 595,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары алдын ала егіліп, іс-шара 100% орындалды.
Диагностикалық зерттеу. Жоспарға сәйкес бруцеллез ауруына 1187,7 мың бас (439,6 мың бас МІҚ, 714,3 мың бас уақ мал, 32,3 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 1,4 мың бас ит) жануарларға диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42 бас МІҚ, 31 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
Бекітілген 9 айлық жоспар 335,0 мың бас болса, жыл басынан барлығы 375,7 мың бас (93,0 мың бас МІҚ, 235,0 мың бас уақ мал, 39,5 мың бас жылқы, 7,9 мың бас түйе, 0,3 мың бас шошқа) бірдейлендіріліп, жоспар 112,1% орындалды.
2025 жылдың 1 қазанына ақпараттық жүйеде 1521,0 мың бас
(411,1 мың бас МІҚ, 770,5 мың бас уақ мал, 272,4 мың бас жылқы, 66,3 мың бас түйе, 0,7 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті 449,4 мың дана
(126,2 мың дана МІҚ, 312,0 мың дана уақ мал, 11,2 мың дана түйе) құлақ жапсырмасы алынды.
Ветеринар мамандардың айлық жалақысын көтеру. Президент тапсырмасына сәйкес 2022 жылы облыс әкімінің қолдауымен 723,5 млн. теңге бөлініп, ветеринар мамандардың айлық жалақылары 40%-ға көтерілді.
Сонымен қатар «Биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына сәйкес І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жасауды жүзеге асыратын ветеринар мамандардың лауазымдық айлық жалақыларына жүргізген жұмыстарының зияндылығына (за вредность) алғаш рет 2023 жылы республикалық бюджеттен 455,3 млн. теңге бөлініп,
3 жылға 1,4 млрд теңге бөлініп, лауазымдық айлық жалақылары 50% үстем ақы қосылып көтерілді.
Өз кезегінде мемлекеттік қолдау аясында ветеринар мамандардың жалақы мөлшері артып, кадрлық мәселелер тұрақталды. Сонымен қатар жастардың салаға қызығушылығы жоғарылап, ауылдық елді мекендерге қызмет етуге баруда.
Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық
іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 947,7 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен 100% қамтылса, 98 арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіліп 71%-ға жаңартылды. (2025 жылы 27 автокөлік)


Облыстық ветеринария басқармасының
2025 жылы I жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы
мәлімет

1. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 13 түрлі (құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирусты диарея) жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6277,9 мың доза ветеринариялық препарат қаралып отыр. Бүгінгі таңда облысқа бөлінген 3602,7 мың доза (57,4%) тасымалданып, аудандарға таратылды. Бекітілген 6 айлық жоспарға сәйкес 3268,1 мың доза алдын ала егіліп, жоспар толық орындалды.
2. Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препараттар алынды. Бекітілген 6 айлық жоспарға сәйкес 418,6 мың доза алдын ала егіліп, жоспар толық орындалды.
3. Диагностикалық тексеру. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы зерттеуге алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар ветеринариялық зертханаларда зерттеледі.
Үстіміздегі жылдың 6 айында жоспарланған 859,2 мың бас (295,1 мың бас МІҚ, 536,6 мың бас уақ мал, 26,5 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 0,9 мың бас ит) жануарларға диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде
39 бас МІҚ, 24 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
Бекітілген 6-айлық жоспарға сәйкес бірдейлендірілуі қажет 294,5 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары 316,2 мың басқа (68,8 мың бас МІҚ, 217,1 мың бас уақ мал, 6,5 мың бас түйе, 23,6 мың бас жылқы, шошқа 0,2 мың бас) немесе жоспар 107,4% орындалып, ақпараттық жүйеге енгізілді.
2025 жылдың 1 шілдесіне ақпараттық жүйеде 1575,0 мың бас (409,0 мың бас МІҚ, 831,7 мың бас уақ мал, 268,7 мың бас жылқы, 65,6 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізіліп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті 449,4 мың дана (126,2 мың дана МІҚ, 312,0 мың дана уақ мал, 11,2 мың дана түйе) құлақ жапсырмалары уақытылы алынды.
5. Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық
іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда
682,3 млн. теңге бөлінді. Осы қаржыға 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен 100% қамтылса, 71 арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіліп 52%-ға жаңартылды.
Үстіміздегі жылы бөлінген 264,4 млн. теңгеге сатып алынған 27 автокөлік ветеринариялық ұйымдарға табысталатын болады. Бүгінгі таңда осы мақсатқа 946,7 млн. теңге бөлініп отыр.
6. Индикативтер бойынша. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру жөніндегі Жол картамен бекітілген индикаторларды орындау мақсатында ҚР АШМ-нің ұсынысы бойынша Жетісу облысының тәжірибесі негізінде 2024 жылы 50,7 млн. теңгеге 3 бірлік, үстіміздегі жылы 59,0 млн. теңгеге 4 бірлік, барлығы 7 бірлік блоктық-модульдік ғимарат салынды. Жыл соңына дейін тағы 6 бірлік салу жоспарланып отыр.

 


2025 жылы, облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6277,8 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 3430,9 мың доза (54,7%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.
Бекітілген 1-тоқсан жоспарына сәйкес 996,4 мың бас алдын ала егіліп, іс-шара 100% орындалды.
Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы 130,6 мың бас МІҚ, 120,1 мың бас уақ мал диагностикалық зерттелді. Нәтижесінде 16 бас МІҚ, 8 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңгеге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алынып, аудандарға (қала) толық жеткізілді. Алдын ала егу жұмыстары толық жүргізілді.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
Үстіміздегі жылы барлығы 85,6 мың бас (21,6 мың бас МІҚ, 56,8 мың бас уақ мал, 0,2 мың бас түйе, 7,0 мың бас жылқы) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.
2025 жылдың 1 сәуіріне ақпараттық жүйеде 1395,6 мың бас (378,2 мың бас МІҚ, 698,1 мың бас уақ мал, 259,6 мың бас жылқы, 59,7 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті 449,4 мың дана (126,2 мың дана МІҚ, 312,0 мың дана уақ мал, 11,2 мың дана түйе) құлақ жапсырмаларын сатып алу республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, жеңімпаз болып «ZTOWN Development» ЖШС анықталып, келісім-шарт жасалды.


2024 жылы атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

1. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. 2024 жылы облыс көлемінде аурудың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен бөлінген 7468,5 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып, аудандарға таратылды. Жоспарға сәйкес алдын алу жұмыстары толық 100% орындалды.
Облыс бойынша сібір жарасы ауруының 57 ошағының 1000 метр санитарлық қорғаныш аймағын белгілеу мақсатында облыстық бюджеттен 26,1 млн. теңге бөлінді. Тиісті жұмыстар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ облыс бойынша филиалы тарапынан толық жүргізілді.
Сонымен қатар ветеринариялық ұйымдар тарапынан үнемделген қаржы есебінен 12,2 млн. теңгеге сібір жарасы ауруы ошақтарының көмінділерін ветеринариялық талаптарға сәйкес қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Өңірімізде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арқылы облысымызға аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесі берілді. Бұл өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мол септігін тигізеді.
2. Диагностикалық зерттеу. Бруцеллез ауруына қарсы 2024 жылы 1933,0 мың бас (642,2 мың бас МІҚ, 1238,9 мың бас уақ мал, 50,2 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 1,6 мың бас ет қоректілер) жануарлар диагностикалық зерттелді. Нәтижесінде 10 бас МІҚ, 286 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды. Мал иелеріне 2880,3 мың теңге өтемақы төленді.
3. Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Облыстық бюджеттен 2024 жылы 284,5 млн. теңге бөлініп, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алынды. Бекітілген жоспарға сәйкес 758,1 мың бас алдын ала егіліп, жылдық іс-шара 100% орындалды.
4. Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
2025 жылдың 1 қаңтарына ақпараттық жүйеде 1336,8 мың бас (364,8 мың бас МІҚ, 652,9 мың бас уақ мал, 258,7 мың бас жылқы, 60,4 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
2024 жылға жоспарланған 398,1 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары 432,2 мың басқа (102,3 мың бас МІҚ, 264,7 мың бас уақ мал, 10,2 мың бас түйе, 54,6 мың бас жылқы, 0,4 мың бас шошқа) орындалды.
Облыс бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына 407,3 мың дана (402,2 мың дана уақ мал, 2,3 мың дана түйе, 2,8 мың дана шошқа) құлақ жапсырмасы бар.
Облыста ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталды.
5. Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Өңірімізде ветеринария саласына аса мән беріліп, жұмыстарын ілгерілету, материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында арнайы «Жол картасы» бекітілген. Облыстық бюджеттен соңғы 3 жылда 682,3 млн. теңге бөлініп, ветеринариялық ұйымдар 71 арнайы автокөлік, 163 дана компьютер, 163 дана термочемоданмен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда ветеринариялық ұйымдардың автокөлік базасы 52% жаңартылды.
Сонымен қатар 101,4 млн. теңгеге 6 бірлік блоктық-модульдік ветеринариялық пункт ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күні 2 бірліктің орналастыру жұмыстары толық аяқталып, 4 бірліктің жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар биылда жалғасын табатын болады.


2024 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

анықтама

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде аурудың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 7468,5 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 7279,2 мың доза (97,5%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды. Тиісті жұмыстар 9 айлық жоспарға сәйкес 5471,5 мың доза алдын ала егіліп, толық орындалды.
Облыс бойынша бұрын белгісіз болып келген сібір жарасы ауруының 56 ошағы 2015-2016 жылдары нақтыланған. Облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, талапқа сай қоршалып, қауіпсіздік белгілері қойылып, мемлекеттік жер Кадастрлық нөмірлері алынған. Осы ошақтардың 1000 метр санитарлық қорғаныш аймағын белгілеу мақсатында облыстық бюджеттен 32,2 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ облыс бойынша филиалымен келісім шарт жасалды. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Өңірімізде сапалы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арқылы облысымызға аусыл ауруынан таза аймақ мәртебесі берілді. Бұл өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мол септігін тигізеді.
Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 284,5 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ-ның тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) ауруларға қажетті препараттар алынды. Бекітілген 9 айлық жоспарға сәйкес 545,9 мың бас алдын ала егіліп, іс-шара 100% жүргізілді.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
2024 жылдың 1 қазанына ақпараттық жүйеде 1563,7 мың бас (419,2 мың бас МІҚ, 830,0 мың бас уақ мал, 249,9 мың бас жылқы, 64,6 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді.
Үстіміздегі жылдың 9 айында 367,8 мың бас (83,8 мың бас МІҚ, 248,4 мың бас уақ мал, 7,8 мың бас түйе, 27,5 мың бас жылқы, 0,3 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.
Қазіргі күні облыс бойынша 70,0 мың дана (7,3 мың дана МІҚ, 55,3 мың дана уақ мал, 4,6 мың дана түйе, 2,8 мың дана шошқа) құлақ жапсырмасы бар.
«Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2024 жылдан бастап құлақ жапсырмаларын сатып алу жергілікті атқарушы органға берілді. Қазіргі күні, республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге барлығы 498,3 мың дана (107,7 мың бас МІҚ, 377,6 мың бас уақ мал, 13,0 мың бас түйе) құлақ жапсырмаларын сатып алуға конкурс ұйымдастырылуда.
Облыста аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталды.
Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы мықты болуы қажет. Осыған байланысты өңірімізде ветеринария саласындағы жұмыстарды ілгерілету үшін арнайы «Жол картасы» бекітілді. Облыстық бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, 2022-2024 жылдар аралығында 73 автокөлік, 163 дана компьютер, 163 дана термочемодан алынды.
Анықтама ретінде: 2022 жылы 184,0 млн. теңгеге 15 дана УАЗ автокөлігі, 140 дана компьютер мен 140 дана термочемодан;
2023 жылы 260,4 млн. теңгеге 31 қызметтік автокөлік, 23 дана компьютер мен 23 дана термочемодан;
2024 жылы 258,0 млн. теңгеге 31 қызметтік автокөлік.


2-тоқсан

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында үстіміздегі жылы аса қауіпті 14 түрлі (құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирусты диарея, құс тұмауы) жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен бөлінетін 7468,5 мың доза ветеринариялық препараттардың 3773,6 мың дозасы (50,5%) тасымалданып, аудандарға таратылды.
Бекітілген 6 айлық жоспарға сәйкес 3715,7 мың доза алдын ала егіліп, жоспар 100% орындалды.
Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылға 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алуға облыстық бюджеттен 284,5 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі күні МІҚ-ның тейлериоз, пироплазмоз, жылқының сақау, гастрофилез ауруларына қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізілді. Жоспарға сәйкес 193,8 мың доза алдын ала егіліп, 6 айдың жұмыстары 100% орындалды.
Уақ малдың фасциолез, түйенің трипанасомоз ауруларына қажетті препараттар енді жеткізіледі.
Диагностикалық тексеру. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылы бекітілген жоспарға сәйкес 1956,5 мың бас (644,8 мың бас МІҚ, 1259,8 мың бас уақ мал, 50,2 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 1,6 мың бас ит) жануарлардан қан сынамаларын алып зерттеу жоспарланған.
Үстіміздегі жылдың 6 айға жоспарланған 675,6 мың бас (325,9 мың бас МІҚ, 633,4 мың бас уақ мал, 29,5 мың бас түйе, 0,9 мың бас ит) жануарларға диагностикалық тексеру жұмыстары 100% орындалды. Нәтижесінде 3 бас МІҚ (Сырдария: А.Тоқмағанбетов 2; Шиелі: Сұлутөбе 1), 25 бас уақ мал (Арал: Сазды 2, Атанши 1; Қармақшы: Ақжар 13, Алдашбай ахун 5; Шиелі: Иіркөл 4) ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.
2024 жылдың 1 шілдесіне ақпараттық жүйеде 1627,6 мың бас
(425,1 мың бас МІҚ, 891,9 мың бас уақ мал, 245,6 мың бас жылқы, 65,0 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы мал саны 1,4%-ға өсіп отыр.
Үстіміздегі жылдың 6 айында барлығы 341,9 мың бас (74,0 мың бас МІҚ, 243,7 мың бас уақ мал, 7,3 мың бас түйе, 16,7 мың бас жылқы, 0,2 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.
Қазіргі күні облыс бойынша 86,0 мың дана (18,0 мың дана МІҚ, 59,9 мың дана уақ мал, 5,2 мың дана түйе, 2,9 мың дана шошқа) құлақ жапсырмасы бар.
«Ветеринария туралы» ҚР Заңына сәйкес, 2024 жылдан бастап құлақ жапсырмаларын сатып алу жергілікті атқарушы органға берілді. Қазіргі күні, республикалық бюджеттен бөлінген 42,3 млн. теңгеге барлығы 498,3 мың дана (107,7 мың бас МІҚ, 377,6 мың бас уақ мал, 13,0 мың бас түйе) құлақ жапсырмаларын сатып алуға конкурс ұйымдастырылуда.
«TortTulik» мобильды қосымшасы және оның тиімділігін жетілдіру мақсатында мал иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша «TortTulik» мобильды қосымшасына тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің саны 14166 (Арал 3072, Қазалы 1669, Қармақшы 331, Жалағаш 2474, Сырдария 314, Шиелі 2183, Жаңақорған 4035, Қызылорда 88), яғни 34,2% құрап отыр. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Мемлекеттік қызмет көрсету. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» веб-порталы (БАБЖ) арқылы тегін көрсетіледі. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 17711 (1-үлгі 17219, 2-үлгі 490, 3-үлгі 2) ветеринариялық анықтама рәсімделді.
Қазіргі таңда эпизоотиялық ахуал тұрақты сақталып отыр.


2023 жылы атқарған жұмыстары туралы

АНЫҚТАМА

Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы аса қауіпті 14 түрлі (құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, сібір жарасы, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирусты диарея, құс тұмауы) жұқпалы ауруларға 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып жеткізілді. Алдын ала егу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес толық орындалды.
Жергілікті жерлерде жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы облысымызға берілген вакцина қолданылатын аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін 2023 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы қайта растады.
Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 272,3 млн. теңгеге 6 түрлі (МІҚ-ның тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) энзоотиялық ауруларға қажетті 707,4 мың доза ветеринариялық препараттар алынды. (2022 жылы 248,3 млн. теңгеге 667,5 мың доза)
Бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары толық жүргізіліп, жоспар 100% атқарылды.
Диагностикалық тексеру. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы зерттеуге алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар ветеринариялық зертханаларда зерттеледі. Оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында 2023 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 2016,5 мың бас (660,4 мың бас МІҚ, 1301,3 мың бас уақ мал, 52,0 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 2,7 мың бас ит) жануарлардан қан сынамалары алынып зерттелді.
Сонымен қатар, шектеу қойылған ошақтарда сауықтыру жұмыстары «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесімен бірге жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде 33 бас МІҚ, 615 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды.
Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.
Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға берілген тапсырысқа сәйкес 463,8 мың дана (132,0 мың дана МІҚ, 318,2 мың дана уақ мал, 13,6 мың дана түйе) құлақ жапсырмасы облысқа жеткізілді.
2023 жылы барлығы 452,4 мың бас (110,8 мың бас МІҚ, 286,8 мың бас уақ мал, 9,2, мың бас түйе, 45,1 мың бас жылқы, 0,5 шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.
Облыс бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға барлығы 1410,2 мың бас тіркелді. Оның ішінде: МІҚ 388,5 мың бас, уақ мал 717,8 мың бас, жылқы 242,2 мың бас, түйе 61,0 мың бас, шошқа 0,7 мың бас.
Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық ұйымдардың базасын жаңарту мақсатында 2021 жылдан бері облыстық бюджеттен қаржы бөлініп келеді.
2023 жылы облыстық бюджеттен 249,8 млн. теңге бөлініп, 30 дана арнайы автокөлік, 23 дана термочемодан, 23 компьютер жиынтығы сатып алынды.


Облыстық ветеринария басқармасының 2023 жылы атқарып жатқан жұмыстары туралы анықтама

Жыл сайынғы ветеринария саласындағы ауқымды шаралар жалғасуда. Тамақ өнімдері мен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылатын тиісті ветеринариялық іс-шаралар басқарма тарапынан уақытылы ұйымдастырылып келеді.

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, жануарлар мен адамға ортақ соңы (уақытылы ем жүргізілмесе) өлім жағдайымен аяқталатын құтыру, сібір жарасы, оба, сонымен қатар аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін сақтау мақсатында және басқа да (лептоспироз, листериоз, пастереллез, нодулярлы дерматиткүл, эхинококкоз, қарасан, туберкулез, вирусты диарея, құс тұмауы) жұқпалы аурулардың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау үшін республикалық бюджет есебінен 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр.

Облысқа бөлінген 6105,6 мың доза (87,6%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды. Бекітілген 9 айлық жоспарға сәйкес жануарларға 5256,4 мың доза алдын ала егіліп, жоспар 100% орындалды.

Жергілікті жерлерде аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу, диагностикалалық тексеру жұмыстарының жылда тұрақты, сапалы, уақытылы жүргізілуінің нәтижесінде 2017 жылы (Париж қаласында өткен Халықаралық эпизоотиялық бюросының Бас Ассамблеясының 85-ші сессиясында 183 мүше ел дауыс беру арқылы) облысымызға берілген вакцина қолданылатын аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы үстіміздегі жылдың наурыз айында қайта растады.

Осының нәтижесінде вакцина қолданылатын аусыл бойынша таза Оңтүстік-шығыс аймақтардан яғни, бізден жануарларды Солтүстік-батыс және Орталық облыстарға тасымалдауға рұқсат берілді. Бұған дейін тек мал өнімдері ғана тасымалданып келді. (тек жылқы тасымалданды)

Энзоотиялық (жұқпалы емес) аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен бөлінген 272,3 млн. теңгеге 6 түрлі (МІҚ-ның тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипанасомоз) энзоотиялық ауруларға қажетті 707,4 мың доза ветеринариялық препараттар алынды. Бекітілген 9 айлық жоспарға сәйкес жануарларға 584,4 мың доза препарат алдын ала егіліп, жоспар 100% атқарылды.

Диагностикалық тексеру. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы зерттеуге алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар ветеринариялық зертханаларда зерттеледі. Оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында үстіміздегі жылы бекітілген жоспарға сәйкес 2183,5 мың бас (695,8 мың бас МІҚ, 1432,9 мың бас уақ мал, 52,0 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 1,3 мың бас ит) жануарлардан қан сынамаларын алып зерттеу жоспарланған.
(2022 ж. 1441,2 мың бас тексерілді)

Қазіргі күні, жоспарға сәйкес 498,7 мың бас МІҚ, 997,0 мың бас уақ мал диагностикалық тексерілді. (35,3 мың бас түйе, 1,8 мың бас ит, 0,1 мың бас шошқа)

Тексеру нәтижесінде 22 бас МІҚ (Қармақшы: Қармақшы 8 бас, Ақжар 1 бас; Сырдария: Шаған 2 бас, А.Тоқмағанбетов 6 бас, Қалжан ахун 1 бас; Шиелі: Жиделіарық 4 бас), 153 бас уақ мал (Арал: Қамыстыбас 1, Жіңішкеқұм 1; Қармақшы: Ақжар 74 бас, Ақтөбе
19 бас; Жалағаш: Таң 2 бас; Сырдария: Тереңөзек 1 бас, Айдарлы 33 бас; Шиелі: кент 1 бас; Жаңақорған: кент 2 бас, Нәлібаев 10 бас, Сүттіқұдық 5 бас; Қызылорда: қала 3 бас, Тасбөгет
1 бас)
ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды.

Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда.

Бірдейлендіру. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр.

Облыс бойынша 1 қыркүйекке тіркелген мал саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы 4,1%-ға (барлығы 1652,5 мың бас: 436,4 мың бас МІҚ (4,7%), 920,1 мың бас уақ мал (2,4%), 230,8 мың бас жылқы (10,2%), 64,1 мың бас түйе (3,2%), 1,1 мың бас шошқа (18,5%)) өскен.

Үстіміздегі жылы барлығы 375,1 мың бас (88,8 мың бас МІҚ, 260,3 мың бас уақ мал, 6,6 мың бас түйе, 18,9 мың бас жылқы, 0,5 шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға берілген тапсырысқа сәйкес 463,8 мың дана (132,0 мың дана МІҚ, 318,2 мың дана уақ мал, 13,6 мың дана түйе) құлақ жапсырмасы облысқа жеткізілді.

Ветеринария саласын реформалау. Мемлекет басшысының 2021 жылғы халыққа Жолдауында ветеринария саласын реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Жолдауды іске асыру жөнінде ветеринария жүйесін реформалау бойынша 28 тармақтан тұратын ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) бекітілді. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар 3 тармақ, уәкілетті органдар 25 тармақ бойынша жауапты.

Басқарма тарапынан ветеринария саласындағы заңнамалық актілерге орталық пен өңірлер арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, ветеринария саласында кадрлар даярлау және мамандардың жалақысын арттыру жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды.

  1. Ветеринар мамандардың айлық жалақысын көтеру. Президент тапсырмасына сәйкес 2022 жылы облыс бойынша эпизоотияға қарсы
    іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1140,0 млн. теңге қаржыға аймақ басшысының қолдауымен қосымша 723,8 млн. теңге бөлініп, ветеринар мамандардың айлық жалақылары 40%-ға көтерілді. (ветпункт менгерушісі 110/120 мыңнан 180/190 мың теңгеге, ветдәрігер 100/105 мыңнан 140/150 мың теңгеге, ветфельдшер 95/100 мыңнан 120/130 мың теңгеге, ветсанитар 60 мыңнан 100 мың теңгеге)

Үстіміздегі жылы «Биологиялық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына сәйкес облыс көлемінде ветеринариялық ұйымдарда І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс жасауды жүзеге асыратын ветеринар мамандардың лауазымдық айлық жалақыларына жүргізген жұмыстарының зияндылығына (за вредность) қаржы төлену керектігі дәлелденіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілді.

Осыған байланысты алғаш рет республикалық бюджетен 2023 жылға 635 ветеринар маманға зияндылығы үшін республикалық бюджеттен 455,3 млн. теңге бөлініп, лауазымдық айлық жалақыларына 50% үстем ақы қосылып көтерілді.

Өз кезегінде ветеринар мамандардың жалақы аздығынан басқа жұмысқа ауысуы тоқтап, кадрлық тұрақтылық сақталды.

  1. Материалдық-техникалық базасын жаңарту. Ветеринариялық ұйымдардың базасын жаңарту мақсатында 2021 жылдан бері облыстық бюджеттен қаржы бөлініп келеді.

Үстіміздегі жылы 249,8 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні 23 дана термочемодан, 23 компьютер жиынтығы сатып алынды. Ал 30 дана арнайы автокөлік сатып алу конкурстары жүргізілуде.

Анықтама ретінде: 2021 жылы 111,0 млн. теңгеге 15 дана УАЗ автокөлігі, 2022 жылы 73,0 млн. теңгеге 140 дана термочемодан, 140 компьютер жиынтығы алынды.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу.

Облыста арнайы қаулымен «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспар» бекітілген.

Жалпы, ауыл шаруашылығы жануарлары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауырмайды.

2023 жылға қолайсыз болып анықталған 106 елді мекенде (Арал 18, Қазалы 13, Қармақшы 11, Жалағаш 12, Сырдария 9, Шиелі 17, Жаңақорған 15, Қызылорда 11) тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының саны (барлығы 556,0 мың бас, оның ішінде: МІҚ 196,2 мың бас, уақ мал 332,9 мың бас, түйе 26,5 мың бас, шошқа 0,4 мың бас), қора, суат пен шаңлақтардың көлемі (2335850 ш. м) мен залалсыздандыру жұмыстарына жұмсалатын препараттың ("Креолин Х") жобалық есебі нақтыланып, басқарма тарапынан облыс әкімі аппаратының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөліміне ұсынылды.

Күзгі залалсыздандыру жұмыстары барлық аудандарда (қала) жүргізілуде.

Залалсыздандыру жұмыстарына қосымша 2023 жылы 194,4 мың бас төрт түлік мал (МІҚ 76,4 мың бас, Уақ мал 101,0 мың бас, Түйе 3,6 мың бас, Жылқы 13,4 мың бас) ветеринариялық препараттармен (ивен, ивермек т.б.) алдын ала егілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. (2022 жылы 177,4 мың бас егілді)

Көктемгі маусымда 21,2 мың бас, (Қазалы 3,0, Сырдария 16,5, Шиелі 1,7) уақ мал тоғытылды. (2022 жылы облыс бойынша 36,3 мың бас уақ мал тоғытылды)

Айта кету қажет, облыстық, қалалық және аудандық баспасөз құралдарында және әлеуметтік желілерге материалдар жарияланып, КҚГҚ ауруының клиникасы, емдеу, алдын алу, кенеден сақтану шаралары, аурудың зардаптары туралы халық арасында кеңінен насихаттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Мал қорымдары. Облыс бойынша мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 мал қорымы бар. Оның ішінде, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 90 типтік жобадағы, қалған 56-сы қарапайым шұқырлар.

2022 жылы 3 типтік жобадағы мал қорымын салуға (Қазалы: Өркендеу, Майдакөл, Майлыбас) сметалық құжаттар тапсырылды. Құрылысына қажетті
60,2 млн.
теңге үстіміздегі жылы да облыстық бюджеттен бөлінетін болады.

Сонымен қатар, облыс бойынша 139 ветеринариялық пункт ғимаратының отыздан астамы апаттық жағдайда. Қазіргі таңда 4-ін (Арал: Жақсықылыш кенті, Қазалы: Мұратбаев, Өркендеу а/о, Жалағаш: Жаңадария а/о) қайта салу үшін ЖСҚ әзірленді. Ғимарат құрылысын салуға 256,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді. 2023 жылы бөлінуі қажет.

Жануарларды аулау жұмыстарын ұйымдастыру. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына байланысты бекітілген «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру», «Үй жануарларын ұстау және серуендету» қағидаларына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

ҚР Қаржы министрінің №527 бұйрығымен бюджеттік бағдарламалар айқындалған. Оның ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне «Жануарларға арналған панажайлар, уақытша ұстау пункттерін салу», «Үй жануарларына арналған панажайларды, уақытша ұстау пункттерін ұстау» жұмыстарын ұйымдастыру құзыреттіліктері берілген.

Қазіргі күні, облыс көлемінде уақытша ұстау орындары мен панажайлар салуға 4,4 га көлемде 7 жер телімі нақтыланды. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу және инвесторлар тарту мәселелері қаралуда.

Қаңғыбас иттердің санын реттеуді қамтамасыз ету мақсатында Call-центр жұмыс жасап, арнайы бригада адамдар көп шоғырланатын жерлерде және мектеп аумақтарында бақылау жүргізіп, иесіз, топтасқан иттер мен тұрғындардың шағымы негізінде аулау жұмыстарын атқаруда.

Әлеуметтік желілерде қараусыз және қаңғыбас иттерге байланысты жарияланымдар бойынша уақытында кері байланыс орнатылып, өтініш түскен аумақтарда арнайы қызмет тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын (ит, мысық) міндетті тіркеу басталды. Осыған байланысты,үй жануарларын есепке алу бойынша ветеринариялық ұйымдар арнайы ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіліп, тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындардың үй жануарларын есепке алу үшін қазіргі таңда 743 230 теңге бөлінді.

Заңның маңыздылығын ескере отырып, тұрғындар арасында кездесулер, интернет-ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.Үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен кездесулер, арнайы кеңестер ұйымдастырылып, әлеуметтік желіде кеңінен насихатталуда.


Облыстық ветеринария басқармасының

2023 жылы атқарып жатқан жұмыстары туралы АНЫҚТАМА

Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы, облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 3438,3 мың доза (49,3%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.

Қазіргі күні, 2023 жылға ветеринариялық іс-шаралардың 3 айлық жоспары толық орындалды. Алдын ала 854,6 мың доза егілді.

Диагностикалық тексеру. Бруцеллез ауруына қарсы жоспарлы және шектеу қойылған Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округінде, Сырдария ауданы Тереңөзек кенті мен Айдарлы ауылдық округінде уақ мал арасында сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан 142,0 мың бас МІҚ, 203,2 мың бас уақ мал диагностикалық тексеріліп, 4 бас МІҚ (Шиелі: Жиделіарық 4 бас), 108 бас уақ мал (Қармақшы: Ақжар 74 бас; Сырдария: Тереңөзек 1 бас, Айдарлы 31 бас; Жаңақорған: кент 2 бас) ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қажетті препараттар алуға мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Жеңімпаздар анықталып, МІҚ-ның пироплазмоз, жылқының сақау, гастрофиллез, түйенің трипанасомоз ауруларына қажетті препараттар аудандарға жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

Бірдейлендіру. 2023 жылдың 1 сәуіріне ақпараттық жүйеде 1423,1 мың бас (400,6 мың бас МІҚ, 739,4 мың бас уақ мал, 223,7 мың бас жылқы, 59,4 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы мал саны 3,6%-ға өскен.

Үстіміздегі жылы барлығы 49,1 мың бас (23,0 мың бас МІҚ, 20,9 мың бас уақ мал, 4,7 мың бас жылқы, 0,5 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.

Қазіргі күні облыста құлақ жапсырмасы жеткілікті көлемде 307,7 мың дана (47,4 мың дана МІҚ, 249,4 мың дана уақ мал, 7,3 мың дана түйе, 3,6 мың дана шошқа) бар.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2023 жылға 463,8 мың дана (132,0 мың дана МІҚ, 318,2 мың дана уақ мал, 13,6 мың дана түйе) құлақ жапсырмасына тапсырыс берілді.

Қазіргі күні, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты.


Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмыстары. Тамақ өнімдері мен ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2022 жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5955,8 мың доза ветеринариялық препарат облысқа толық жеткізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары толық орындалды.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу. Облыстық бюджеттен бөлінген 248,3 млн. теңгеге 6 түрлі энзоотиялық (МІҚ тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипаносомоз) ауруларға 667,5 мың доза ветеринариялық препараттар сатып алынды. Бекітілген жоспарға сәйкес тиісті алдын ала егу жұмыстары толық орындалды.

Диагностикалық тексеру. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес барлығы 1441,6 мың бас (513,0 мың бас МІҚ, 884,8 мың бас уақ мал, 43,2 мың бас түйе, 0,1 мың бас шошқа, 0,5 мың бас етқоректілер) жануарлардан қан үлгісі алынып, ветеринариялық зертханада зерттелді. Нәтижесінде, 101 бас (40 бас МІҚ, 61 бас уақ мал) бруцеллез ауруы болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 66,3%-ға азайған. 2021 жылы барлығы 300 бас (48 бас МІҚ, 252 бас уақ мал). Мал иелеріне 3199,5 мың теңге өтемақы төленді.

Осы ауқымды атқарылған шаралардың нәтижесінде өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмей эпизоотиялық тұрақтылық сақталып, мал басының өсімі артып отыр.

Бірдейлендіру. Бірдейлендіру ақпараттық жүйесіне енгізілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін (1 ақпан мен 31 мамыр) ашылған «Жасыл дәліз–3» арқылы облыс бойынша 70,5 мың бас (26,3 мың бас МІҚ, 19,8 мың бас уақ мал, 2,3 мың бас түйе, 22,0 мың бас жылқы, 0,1 мың бас шошқа) ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.

2022 жылы 730,3 мың дана (196,9 мың дана МІҚ, 513,8 мың дана уақ мал, 18,5 мың дана түйе, 1,1 мың дана шошқа) құлақ жапсырмалары бөлініп, аудандарға (қала) таратылды. Бекітілген жоспарға сәйкес бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың 1 қаңтарына ақпараттық жүйеде 1402,8 мың бас (387,1 мың бас МІҚ, 734,9 мың бас уақ мал, 221,4 мың бас жылқы, 59,4 мың бас түйе) ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп отыр. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал саны 7,0%-ға өскен. (МІҚ 8,0%, уақ мал 4,4%, жылқы 17,1%, түйе 9,1%).

Ветеринариялық ұйым мамандарының жалақыларын көтеру. Президент тапсырмасына сәйкес ветеринария саласын реформалауда сала мамандарының айлық жалақыларын көтеру міндеттелді. Облыс бойынша эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге бөлінген 1 140,0 млн. теңге қаржыға қосымша 723,8 млн. теңге бөлініп, ветеринар мамандардың айлық жалақылары сәуір айынан бастап 40 пайызға көтерілді.

Ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту. 2022 жылы да облыстық бюджеттен 73,0 млн. теңге бөлініп, 140 термочемодан және 140 компьютер жиынтығы сатып алынды.

2023 жылы 30 дана арнайы автокөлік, 23 дана термочемодан, 23 дана компьютер жиынтығын сатып алуға 249,8 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Мал қорымдары. Облыс бойынша мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 мал қорымы бар. Оның ішінде, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес 90 типтік жобадағы, қалған 56-сы қарапайым шұқырлар.

Жануарларды аулау жұмыстарын ұйымдастыру. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заң күшіне енгенше (наурызға дейін) Қызылорда қаласында 1300 бас қаңғыбас иттер ауланып жойылды.

Осы Заңға байланысты облыстық мәслихаттың 2022 жылғы
12 қазандағы 20 сессиясында «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру», «Үй жануарларын ұстау және серуендету» қағидалары бекітілді.

Қазіргі күні басқарма тарапынан ұсынылған бюджеттік өтінімге сәйкес қажетті қаржы бөлінді.

Ал аудан (қала) әкімдері панажайлар мен уақытша ұстау пункттерін салуға жер телімдерін әзірлеп, қажетті қаржы көлемін есептеп, ЖСҚ әзірленуде.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) ауруының алдын алу. 2022 жылы қолайсыз 116 елді мекенде (Арал 25, Қазалы 14, Қармақшы 11, Жалағаш 12, Сырдария 8, Шиелі 16, Жаңақорған 19, Қызылорда 11) толық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен мал тоғыту ванналарында 2022 жылы 36,3 мың бас уақ мал (Арал 0,4 мың бас, Қазалы 17,9 мың бас, Сырдария 13,8 мың бас, Шиелі 4,2 мың бас) кенеге қарсы тоғытылды.

Кенеге қарсы ветпрепараттармен егу экто паразиттермен қоса эндо паразиттерді де жойып, әр түрлі паразитарлы аурулардың алдын алады. Малды тоғытқанға қарағанда, ветпрепараттармен егу әлдеқайда тиімді екенін айта кету қажет. 2022 жылы облыс бойынша ветеринар мамандар мал иелері қаражаты есебінен 177,4 мың бас (МІҚ 73,8 мың бас, уақ мал 86,7 мың бас, түйе 4,4 мың бас, жылқы 12,5 мың бас) төрт түлік малға кенеге қарсы алдын ала егу жұмыстарын жүргізді.

2023 жылға 106 елді мекен (Арал 18, Қазалы 13, Қармақшы 11, Жалағаш 12, Сырдария 9, Шиелі 17, Жаңақорған 15, Қызылорда 11) анықталған. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда Аралда 7, Қазалыда 1, Жаңақорғанда 4 елді мекенге азайса, Сырдарияда 1, Шиеліде 1 елді мекен қосылған, ал Қармақшы, Жалағаш, Қызылорда бір деңгейде қалып отыр.

Қолайсыз 106 елді мекенде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының (барлығы 556,0 мың бас, оның ішінде: МІҚ 196,2 мың бас, уақ мал 332,9 мың бас, түйе 26,5 мың бас, шошқа 0,4 мың бас) саны мен қора, суат, шаңлақтардың (2335,9 мың шаршы метр) көлемі және залалсыздандыру жұмыстарына жұмсалатын «Креолин Х» препараты нақтыланып, облыс әкімі аппаратының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөліміне ұсынылды.

 

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы