Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Қызылорда облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралары үнемі атқарылып келеді.

2022 жылдың қорытындысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 4 отырысы және кезектен тыс 1 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 13 мәселе қаралды және сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді (6.04.2022 г., 15.06.2022 г., 29.07.2022 г., 19.10.2022 г., 7.12.2022 г.).   

Сонымен қатар, 2021 жылғы 31 мамырда ҚР Үкіметінің қаулысымен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітіліп, облыстық әкімдікте жобалық басқару әдісі енгізілді.

Жобада мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Жобалық басқару аясында әкімдікте № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жоба іске асырылуда (сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерін дамыту).

Осыған байланысты жобалық топ құрылды, олардың құрамы бекітілді, менеджерлер айқындалды және нақты іс-шараларды қамтитын көрсеткіштері бар  іс-шаралар жоспары бекітілді.

№ 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 1 және 2 жобалар тобы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою» бойынша барлығы 350 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды жою бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолданды.

3-жобалар тобы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында жыл басынан бері аймақта халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында барлығы 25 шара ұйымдастырылды.

Мұнан бөлек, діни бірлестіктер және өзге де этнос өкілдерімен 6 шара, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі форматтағы 24 шара (дөңкелек үстелдер, форумдар, семинарлар) және мемлекеттік қызметшілердің зиялы қауым өкілдерімен 4 кездесуі өткізілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 7 бейнеролик пен 2 бейнедәріс (Қ. Мұхамеджанов, Ә. Нұрпейісов) әзірленіп жергілікті «Qyzylorda», «Қоғам ТВ» телеарналардан көрсетілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер (12 рет) ай-сайын жергілікті телеарналардан көрсетілді.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында облыс әкімдігінен 24 мемлекеттік қызметкерлер оқытылды. Бұл облыс әкімдігінде жалпы мемлекеттік қызметкерлердің 5% қамтылды.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен 11 іс-шара өткізілді.

4-жобалар тобы «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін дамыту» бойынша барлық басқармаларға бағынысты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізілді.

 

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип

Сейчас читают

24 октября 2026
ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ.
Пайдалы ақпарат
24 октября 2026
Қызылорда телеарнасы
24 октября 2026
Баспа БАҚ

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы