Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 29 қаңтарда өткен ауыл әкімдері сайлауының қорытындысы

2023 жылғы 29 қаңтарда өткен Қазалы ауданының Ақжона, Жалағаш ауданының Жаңадария, Сырдария ауданының Ақжарма, Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жарамды болып танылды. 

Құрылған сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 3511 адам енгізілген, оның ішінде Ақжона сайлау округінде 328 адам, Жанадария сайлау округінде  320 адам, Ақжарма сайлау округінде 1456 адам, Жаңарык сайлау округінде 1107 адам.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 2597 адам, оның ішінде Ақжона сайлау округінде 489 адам, Жаңадария сайлау округінде 271 адам, Акжарма сайлау округінде 1036, Жаңарық сайлау округінде 801 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер – 0, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 81 адам, оның ішінде Ақжона сайлау округінде - 23, Жаңадария сайлау округінде - 8, Ақжарма сайлау округінде - 32, Жаңарық сайлау округінде - 18.

Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 15 адам ұсынылып, 10-ы сайлау бюллетеньдеріне енгізілді, оның ішінде Ақжона сайлау округі бойынша – 2, Жаңадария сайлау округі бойынша – 2, Ақжарма сайлау округі бойынша – 3, Жаңарық сайлау округі бойынша - 3.

Дауыс беру қорытындысы:

- Ақжона сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 489 адамның кандидат  Ж.Б.Ерниязға - 452, кандидат К. А. Қожаназаровқа – 37 дауыс берген, «Барлығына қарсы» – 0, жарамсыз бюллетеньдер – 0. Дауыс беру қорытындысымен Ақжона ауылдық округінің әкімі болып Жаңарыс Бұрханұлы Ернияз сайланды, 1967 жылы туылған. «Дамир» ЖК есепшісі, Қазалы ауданының Ақжона ауылында тұрғылықты тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ;

- Жаңадария сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 271 сайлаушының кандидат Р. С. Ақпанбетовке - 241, кандидат Е.Ж.Нұрмахановқа – 25 дауыс берген, «Барлығына қарсы» – 0, жарамсыз бюллтеньдер - 5. Дауыс беру қорытындысымен Жаңадария ауылдық округінің әкімі болып Рауан Сауранбекұлы Ақпанбетов сайланды, 1983 ж.т., «БЗЖҚ» АҚ Аумақтық филиалының Жалағаш бөлімшесінің маманы, Жалағаш ауданының Жаңадария ауылында тұрғылықты тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты- қазақ;

-  Ақжарма сайлау округінде дауыс беруге қатысқан 1036 адамның кандидат  М. У.Қалиевке - 338, кандидат Р. С. Баекееваға – 4, кандидат Е. К. Ешмұратовқа Е. К. – 666 дауыс берген. «Барлығына қарсы» – 2, жарамсыз бюллетеньдер саны - 26. Дауыс беру қорытындысымен Ақжарма ауылдық округінің әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Ешмұратов сайланды, 1977 ж.т., Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округінің әкімі, Сырдария ауданының Акжарма ауылында тұрғылықты тұрады, «АMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ;

- Жаңарық сайлау округінде дауыс берген 801 сайлаушының кандидат Н.Т.  Бектібаевқа - 64, кандидат А. Қ. Әбішевке – 112, кандидат С. С. Құлатаевқа – 591 дауыс берген. «Барлығына қарсы» – 34, жарамсыз бюллетеньдер саны - 0. Дауыс беру қорытындысымен Жаңарык ауылдық округінің әкімі болып Серикбай Садвакасович Кулатаев сайланды, 1963 ж.т., «Жаңарық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Жаңақорға ауданының Жаңарық ауылында тұрады, «АMANAT» партиясынан ұсынылған, ұлты қазақ.

Жоғарыда көрсетілген әкімдер сайлауының нәтижелері туралы ақпарат Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

©️Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы