Лого

Меню

Страницы

Статья

Саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) тиісті өкілеттігі жарғыда көзделген жағдайда, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде тапсырылатын құжаттар тізімі

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органының шешімі - яғни, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірме (қоғамдық бірлестіктің жоғары басшы органы мүшелерінің және кандидатты ұсынуды қолдайтын дауыстардың жалпы саны көрсетіледі)

құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме,

азаматтың осы сайлау округі бойынша өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші;

кандидат туралы өмірбаяндық мәліметтер;

адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжаты (саяси партия ұсынған кезде);

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде саяси партияны, қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы құжаттың көшірмелері,

аумақтық әділет органдарында құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) есептік тіркелгені туралы мәліметтер;

кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

*тіркеу кезінде: 

кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды 2023 жылғы 1 қаңтарға тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (350 000 теңге, 5 ЕТЖ = 70 000*5).

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестікке мүше болып табылмайтын адамдарды кандидаттар етіп ұсынуға құқылы. 

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.

Құжаттар тиісті округтік сайлау  комиссиясына ұсынылады 

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы