Лого

Меню

Страницы

Статья

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезінде ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Саяси партияның жоғары органының шешімі - саяси партияның жоғары органы мүшелерінің және партиялық тізімге енгізу үшін берілген дауыстардың жалпы санын көрсете отырып, партиялық тізімді ұсыну туралы саяси партияның жоғары органының хаттамасынан үзінді;

2) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

3) партиялық тізім (электрондық (Excel форматында) және қағаз тасымалдағыштарда);

4) азаматтардың партиялық тізімге енгізілуге келісімі туралы өтініші;

5) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

7) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын кандидаттар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.

тіркеу кезінде

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) 2023 жылғы 1 қаңтарға активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

9) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (1 050 000 теңге, 15 ЕТЖ = 70 000*15)

Партиялық тізімді Орталық сайлау комиссиясына өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталған саяси партияның өкілі ұсынады.

Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.

Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды.

Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.

Құжаттар ҚР ОСК ұсынылады

 

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы