«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 14, 22 - баптарына сәйкес және Қызылорда облыстық
мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10, №11 округтік сайлау
комиссияларының 2023 жылғы 21 қаңтардағы №1 хаттарын негізге алып,
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық
мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру
туралы» қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
№ 10 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
мынадай редакцияда жазылсын: Жаңақорған ауданының Жаңақорған кенті,
М.Көкенов көшесі, №4, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимараты;
№ 11 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
мынадай редакцияда жазылсын: Қызылорда қаласы, Б.Момышұлы көшесі, №78
«А», «Қызылорда облысының білім басқармасы Қызылорда каласы бойынша білім
бөлімінің № 253 орта мектебі» КММ ғимараты.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатының аппаратына, тиісті округтік
сайлау комиссияларына жолдансын және Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Накипов
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2023 жылғы 23 қаңтар
№ОСК-209/470