«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына
сәйкес және Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі
№ 16 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының 2023 жылғы 23 қаңтардағы
№1 хатының негізінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен
сайланғанға дейін Қызылорда облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі
№ 16 сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің
орнына Жарқын Нұрланұлы Қазтай тағайындалсын.
2. Осы қаулы Қызылорда облыстық мәслихатының аппаратына, № 16 округтік
сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә.Ерсұлтанов
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2023 жылғы 24 қаңтардағы
№ ОСК-210/472