Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы әкімдігінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша 2019 жыл қорытындысымен бағалау нәтижесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2019 жылдың нәтижесі бойынша Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесінің (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағытына сәйкес Қызылорда облысы жергілікті атқарушы органдарының қызмет тиімділігіне операциялық бағалау жүргізді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын операциялық бағалау «Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттандырылуы» және «Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету» өлшемдері бойынша жүргізілді.
«Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қанағаттандырылуы» өлшемі "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттандырылу деңгейі" және "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану" көрсеткіштерімен бағаланды.
Аталған өлшем бойынша Қызылорда облысы әкімдігі 39,22 баллға бағаланды (макс. 40 баллдан).
Көрсеткіштер бойынша бөлінісі келесідей:
- "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттандырылу деңгейі" – 20 балл (максималды 20 баллдан);
- "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану"– 19,22 балл (максималды 20 баллдан).
"Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету" өлшемі бойынша операциялық бағалау "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерін сақтау", "Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту", "Құжаттардың толық емес жиынтығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету" және "Мемлекеттік қызметтер стандартымен ескерілмеген құжаттарды талап ету" көрсеткіштері бойынша жүргізілді.
Өлшемнің бағаланған мәні – 7,23 балл (макс. 60 баллдан).
Көрсеткіштері бойынша бөлінісі келесідей:
- "Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерін сақтау"– 0 балл (макималды 30 баллдан);
- "Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тарту"– 7,23 балл (максималды 10 баллдан);
- "Құжаттардың толық емес жиынтығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету" - 0 балл (макималды 10 баллдан);
- "Мемлекеттік қызметтер стандартымен ескерілмеген құжаттарды талап ету" - 0 балл (макималды 10 баллдан).
Сонымен қатар, Әдістеменің 20-тармағына сәйкес бағыт бойынша қорытынды бағадан 5 айыппұл балы шегерілді.
Нәтижесінде «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау» әдістемесінің "Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы" бағыты бойынша операциялық бағалауға сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің қызмет тиімділігі – 41,15 баллға (максималды 100 баллдан) бағаланды, яғни 2018 жылдың бағалау көрсеткішімен салыстырғанда (2018 жылдың бағалау көрсеткіші - 77,58 балл) 36,08 баллға кеміген.

Дата публикации
18 мая 2020
Дата обновления
18 мая 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы