Лого

Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының                             2), 8) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 18/671 «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №207 хаттамасын негізге алып,  Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған үлгі күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қызылорда облысы бойынша аумақтық, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.  
  3. 3. Осы қаулы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

Комиссия төрағасы                                         Ғ.Баймырзаев   

Комиссия хатшысы                                        А.Сырлыбаева

Қызылорда қаласы

2023 жылғы 20 қаңтар

№ОСК-207/462

Дата публикации
20 января 2023
Дата обновления
20 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Баспа БАҚ
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама
Ақпарат
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы