2023 жылғы 23 қаңтарда сағат 18:00-де Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының төрағасын сайлау туралы;
- Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына тағайындау туралы.
- Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының қосымшасына өзгерістер енгізу туралы.
- ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу куәліктерін дайындау туралы.
- ҚР Парламенті Мәжілісінің және Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтерінің орталықтары үшін маңдайшалар дайындау туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 1, Б-блогы, 337 кеңсе (3- қабат).
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 23 қаңтар сағат 17.30 дейін келесі телефондар бойынша: 60-54-36, 60-55-78 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_kzl_obl@saylau.kz