«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 6 тармағы
2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және А.Жанибековтің 2022 жылғы
28 қарашадағы өтінішінің негізінде, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақылбек Жанибеков Жаңақорған аудандық сайлау комиссиясы мүшесінің
міндеттерінен босатылсын.
2. Осы қаулы Жаңақорған аудандық мәслихатына, Жаңақорған аудандық
сайлау комиссиясына жолдансын және Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева