2022 жылы облыста жоспарланған 3018 (167 млрд. 658 млн.) конкурстың барлығы жарияланды .
Нәтижесімен, өткен жылмен салыстырғанда сатып алулар сомасы 80,1 млрд. теңгеге (2021 ж.: 3224 – 87,5 млрд.) артты.
Аяқталған 2874 (121 млрд. 827 млн.) (2021 ж.: 3120 – 85 млрд.) сатып алудың қорытындысымен 392 млн. теңге үнемделген.
Оның ішінде: республикалық бюджеттен 224 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 168 млн. теңге.
Уәкілетті органмен берілген камералдық хабарламалар саны 609-дан 420-ға азайып, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге азаю динамикасын көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, күші жойылған конкурстар саны да 120-дан 146-ға артқан.
Алайда, барлық сатып алу тәсілдерін қоса есептегенде сатып алулардың күші жойылу көрсеткіші 227-ден 312-ге, яғни 27 процентке көбейген.
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен бірыңғай ұйымдастырушы ретінде 551 сатып алу (140,5 млрд.) жарияланып, оның 485-і (95,2 млрд.) толық аяқталды.
Бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында басқарма тарапынан тапсырыс берушілердің мамандары үшін жыл басынан бері жалпы 28 дәріс,
14 онлайн-семинар, 13 дөңгелек үстел, 10 көшпелі семинар-кеңес, 3 интернет конференция және 3 телебағдарламаға сұхбат ұйымдастырылды.
Өз кезегінде, аудандық/қалалық бірыңғай ұйымдастырушылармен 1242 сатып алу (22,4 млрд.) жарияланса, 1169 конкурс (21,8 млрд.) бойынша процедуралар толық аяқталған.
Бұдан бөлек, жыл басынан бері тапсырыс берушілермен дербес түрде жарияланған 1225 сатып алудың (4,8 млрд.), 1220-і (4,7 млрд.) аяқталған.