Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың Ташкент қаласында бизнес-форумда сөйлейтін сөзінің тезисі, 21 желтоқсан 2022 жыл

Құрметті Серік Мақашұлы!

Құрметті Жамшид Абдухакимович!

Құрметті форумға қатысушылар!

Ең алдымен, көршілес Сыр елі жұртшылығының ыстық лебізін білдіруге рұқсат етіңіздер!

Шекаралас орналасқан Қызылорда облысы – инвесторлар және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін тартымды өңір болып табылады. Бізге, екіжақты іскерлік қатынастарды тереңдетуге және кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер бар.

Өңірдің басты артықшылықтарының бірі – тиімді географиялық орналасуы. Облыс аумағы арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстаратын ең тез әрі тиімді жол -
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің үштен бір бөлігі өтеді (812 км.).

Осы көлік инфрақұрылымының бойында өңір халқының 93%-дан, елді мекендердің 85%-дан астамы орналасқан. Бүгінгі күні, облыс халқының саны 800 мыңнан асады.

Сонымен қатар, өңіріміз дамыған ауыл шаруашылығы саласымен ерекшеленеді. Облыста негізінен күріш дақылы егіліп, барлық қазақстандық күріштің 90% өндіріледі. Осылайша, жергілікті күріш өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие.

Қызылорда облысының Өзбекстан Республикасымен
700 шақырым ортақ шекарасы бар (Қарақалпақстан - 350 км, Науаи-350 км).

Бізде өзбек тарапымен тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен әлеуетіміз де, мүмкіндіктеріміз де, жеткілікті.

Бүгінгі таңда, Өзбекстан - су ресурстарын үнемді пайдалану технологияларын енгізуді жүйелі түрде қолға алуда, бұл барлық Орта Азия өңірлерінің тұрақты дамуы үшін үлкен қажеттілікке ие.

Анықтама ретінде: 2022 жылғы 1 наурызда «Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізуді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына қол қойылды. Мәселен, 2022 жылдың басынан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру кезінде су үнемдеу технологияларын енгізуді мемлекеттік қолдау тәртібі белгіленді, ол субсидиялар беруді көздейді және ауыл шаруашылығында су үнемдеуді ынталандырудың тиімді құралына айналды.

Осыған байланысты, өзбек әріптестеріміздің үлкен тәжірибесін ескере отырып, облыстың ауыл шаруашылығы саласында су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге қызығушылық танытамыз.

Екіншіден: Бұдан бұрын атап өткендей, Қызылорда облысы – еліміздің басты күріш егетін өңірі. Облыста жыл сайын шамамен 50-60 мың тонна минералды тыңайтқыштар қолданылады.

Осыған байланысты, біз Өзбекстаннан минералды тыңайтқыштарды жүйелі түрде сатып алуды ұсынамыз.

Үшіншіден: Ауыл шаруашылығы саласындағы арнайы техникаға жоғары қажеттілікті ескере отырып, Қызылорда қаласында Чирчик ауыл шаруашылығы техникасы зауытымен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша бірлескен өндіріс құруға аса қызығушылық танытамыз.

Жоғарыда аталған әлеутті жобаларды іске асыру үшін облыс бойынша индустриялық аймақтар құрылып, қажетті инженерлік-инфрақұрылымдық желілер толығымен жеткізілген. Бүгінгі таңда 300 гектардан астам бос жер учаскелері және бірқатар дайын өндірістік нысандар бар.

Қазіргі уақытта мемлекет ауқымды инвестициялық преференциялар ұсынуда: кедендік баждардан босату, салықтар бойынша преференциялар, инвестициялық субсидиялар, заттай гранттар және т. б.

Сол себебті бірігіп тиімді жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған.

Қорытындылай келе, қызығушылық танытқан жағдайда облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетіндігін  жеткіземіз.

Мемлекет басшылары бастаған Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытын жалғастыратынымызға сенімдімін.

Бауырлас Өзбекстан халқына бейбітшілік, амандық және одан әрі өркендеуді тілеймін.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
12 января 2023
Дата обновления
12 января 2023
Тип

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы