Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2022 жылдың талдамалық анықтамасы

2022 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 52303 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (48554 - өтініш) 9,2 %-ға артқан.

Оның ішінде:

4812-і өтініш облыс әкімдігіне (2021 ж. бойынша – 3243);

10751-і облыстық басқармаларға (2021 ж. бойынша – 9104);

37969-ы аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2021ж. бойынша – 36207);.

Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

№

Өтініште көтерілген салалары

2022 жыл

1.

Жер мәселесі

13006 (24,8 %)

2.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

6104 (11,6 %)

3.

Әлеуметтік көмек

6013 (11,5 %)

4.

Білім мәселесі

4753 (9,1 %)

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

2215 (4,2 %)

6.

Кәсіпкерлік

1158 (2,2 %)

7.

Мәдениет және спорт

894 (1,7 %)

8.

Құрылыс

870 (1,6 %)

9.

Ауыл шаруашылығы

605 (1,1 %)

10.

Құқықтық қорғау және сот

244 (0,4 %)

11

Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

120 (0,2 %)

12

Басқалары

16321 (31,2 %)

Барлығы

52303

2022 жылдың статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 52303  өтініштердің:

- 23669 немесе 45,2 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;

- 14637 немесе 27,9 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;

- 874 немесе 1,6 % өтініш тоқтатылды;

- 12123 немесе 23,1 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;

- 42 немесе 0,08 % өтініш қараудан бас тартылды.

- 958 немесе 1,8 % орындалу мерзімі бар.

ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі арқылы облыс әкімі аппаратына жолданған өтініш саны –88. Барлық өтініштер бақылауға алынып, уақытылы орындалуда.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен

қабылдау туралы

 2022 жылы 3019 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері облыс басшылығының жеке қабылдауына кіруге ниет білдірген. 

Нәтижесінде барлығы, облыс әкімдігімен 1667 (55,2 %) жеке және заңды  тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 1062-і облыс әкімінің, 605-і міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті жауаптар берілген.

         Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2022 жыл

1.

Пәтер мәселесі

484

2.

Жұмысқа орналасу

246

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

322

4.

Денсаулық сақтау мәселесі

130

5.

Жер мәселесі

102

6.

Білім мәселесі

105

7.

Кәсіпкерлік

42

8.

Мәдениет саласы

21

9

Ономастика мәселесі

15

10

Еңбек дауы мәселесі

24

11

Басқа да мәселелер

176

Барлығы

1667

 

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді.

Есепті мерзімде аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан 7265 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қабылданған. Оның ішінде 2754-і (37,9 %) бірінші басшылардың, 3758-і (51,7 %) орынбасарлардың қабылдауы. Облыстық басқарма басшылары тарапынан 753 (10,3 %) қабылдау жүргізілді.

Электронды өтініштермен жұмыс жасау бойынша

2022 жыл бойынша есептік кезеңде облыс әкімдігіне
573 электронды өтініштер келіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанды
28,2  %-ға кеміген. Оның ішінде:

Келу каналы

2022 жыл

2021 жыл

Салыстырма

«Электронды Үкімет» порталы арқылы

271

540

-49,8

Облыс әкімінің онлайн-порталы арқылы

129

53

+58,9

«Ашық диалог» порталы арқылы

173

205

-15,6

Барлығы

573

798

- 225 (28,2 %)

 

Сауалдардың басым бөлігінде көтерілген мәселелер пәтер алу, жұмысқа орналасу, коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс мәселелері, білім алу, әлеуметтік көмек алу және денсаулық  сақтау мәселелеріне қатысты.

Барлық түскен 573 сауал зерттеліп, 573 жауаптары мерзімінде порталға орналастырылды.

Дата публикации
11 января 2023
Дата обновления
11 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы