«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 24 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы №128/622 «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындау туралы» қаулысына сәйкес, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 5 қаңтардағы №197 хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдері) саны, Қызылорда облысының таңдаушыларының санына сәйкес таңдаушылардың жалпы санының 1 проценті резервін қоса, 148 (жүз қырық сегіз) дананы құрайтын болып белгіленсін.
- Сайлау бюллетенінің мәтіні осы қаулыға 1-қосымшаға сай бекітілсін.
- Сайлау бюллетеньдерін олардың қорғалу дәрежесіне сәйкес дайындау үшін Шүкіров көшесі, 62 мекенжайы бойынша Қызылорда қаласында орналасқан «Қызылорда қанағаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспаханасы айқындалсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының хатшысы А.М.Сырлыбаеваға жүктелсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, «Қызылорда қанағаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жолдансын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Баймырзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2023 жылғы 05 қаңтар
№ОСК-197/449