«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5), 12) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 128/623 қаулысын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Таңдаушыларды электрондық тіркеуді жүзеге асыруға және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруға арналған
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Интернет-ресурсының функционалының пайдаланушылары болып Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының сарапшылары Н.Молдашев, Ж.Қарабала тағайындалсын.
- Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Интернет-ресурсының функционалымен жұмыс істейтін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Парламенті депутатын сайлау бойынша дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда болуға рұқсат берілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік техникалық орталығы» РМК-на жіберілсін және Облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясы төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 29 желтоқсан
№ОСК-193/442