«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №ОСК-193/444 «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының негізінде Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Арал ауданындағы № 1 сайлау округінің;
Қазалы ауданындағы №2, №3 сайлау округтерінің;
Байқоңыр қаласындағы №4 сайлау округінің;
Қармақшы ауданындағы №5 сайлау округінің;
Шиелі ауданындағы №8 сайлау округінің;
Жаңақорған ауданындағы №9, №10 сайлау округтерінің;
Қызылорда қаласындағы № 11, №12, №13, №14, №15, №16 сайлау округтерінің округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
Жалағаш ауданындағы №6 сайлау округінің;
Сырдария ауданындағы № 7 сайлау округінің округтік сайлау комиссиялары өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асыратын болып белгіленсін.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 29 желтоқсан
№ОСК-193/445