2022 жылғы 29 желтоқсанда сағат 11:00-де Қызылорда облысы аумақтық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
1) Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау жөніндегі дауыс берудің уақытын белгілеу туралы;
2) Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлауда дауыс беруге шақыру қағаздарын дайындау туралы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде ҚР ОСК интернет-ресурсы функционалының пайдаланушыларын тағайындау туралы.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі, 1, Б-блогы, 337 кеңсе (3- қабат).
Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу а.ж. 29 желтоқсан сағат 10.30 дейін келесі телефондар бойынша: 60-54-36, 60-55-78 және келесі электрондық мекенжай бойынша жүргізіледі: tic_kzl_obl@saylau.kz