Лого

Меню

Страницы

Статья

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Қызылорда облысынан Сенат депутаттығына 8 кандидат ұсынылды.

Түрлі себептермен  5  кандидат шығып қалды, соның ішінде:

Жеңісбек Төлепбергенұлы Бердешов Конституция мен Cайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмеді; Науырзбай Сейткалиевич Байқадамов тіркеу үшін көзделген құжаттардың барлық тізбесін ұсынбады; Нұрғали Рахымшаұлы Қордабай таңдаушылар дауыстарының қажетті санына ие болмады; Мұрат Жолкелдіұлы Тлеумбетов және Жасұлан Бақытұлы Жарасбаев жеке өтініштері бойынша өз кандидатураларын алып тастады.

Кандидаттарды тіркеу мерізімінің аяқталу сәті - 24 желтоқсан күнгі сағат 18.00 жағдай бойынша барлығы 3 кандидат тіркелді: өзін-өзі ұсынған, 1968 жылы туылған, қазақ, Қызылорда облысының  мәдениет және спорт басқармасының басшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұратын Руслан Рустемов, өзін-өзі ұсынған, 1957 жылы туылған, қазақ, «Қызылорда сушар» өндірістік учаскесінің басшысы, «AMANAT» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұратын Жорабек Ибрагимович Нурымбетов, өзін-өзі ұсынған, 1978 жылы туылған, қазақ, Қызылорда қаласының әкімі, «AMANAT» партиясының мүшесі, Қызылорда қаласында тұратын Асылбек Өмірбекұлы Шаменов.

Облыстық сайлау комиссиясының кандидаттар тіркелгеннен кейін Мемлекеттік кірістер департаментіне активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеруге жолдаған сұрау салуларына 3 кандидаттың мәліметтерінде ауытқушылықтың болмауы туралы жауап келді.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

кандидаттардың 3 ерлер;

кәсіп түрі бойынша: 1 әкім, 1 мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері, сонымен бір уақытта мәслихаттың депутаты, 1 мемлекеттік қызметші;

мамандықтары бойынша: 1-инженер, 1 туризм саласының маманы,                     1 оқытушы. Бұл ретте 1 кандидаттың бірнеше мамандығы бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 54 жас.

 

2022 жылғы 24 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстық сайлау комиссиясына  өтініш, шағым түскен жоқ.

Тіркелген кандидаттардың таңдаушылармен кездесу кестесі жасалды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Дата публикации
26 декабря 2022
Дата обновления
26 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Баспасөз релиздері
21 октября 2026
Қызылорда облыстық мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Ақпарат
21 октября 2026
Қызылорда облысының 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы