"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 5) тармақшасына, 31-бабына сәйкес және Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 желтоқсандағы хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Руслан Рустемовтің сенім білдірген адамы Сұлтанбек Тәуіпбайұлы Тәуіпбаевты тіркеу туралы шешімнің күші жойылсын.
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Руслан Рустемовтің сенім білдірген адамы ретінде Биғали Әбдікерұлы Қаюпов тіркелсін.
- Сенім білдірілген адамға тиісті куәлік берілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Руслан Рустемовке, Сұлтанбек Тәуіпбайұлы Тәуіпбаевке жіберлісін және Облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылсын.
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 25 желтоқсан,
№ОСК-437