«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 5-тармағына, 73-бабы 6-тармағы 3) тармақшасының 1- бөлігіне сәйкес және Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы хаттамасын негізге алып, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын.
2) Осы қаулы Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовқа, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жіберілсін және Облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы,
2022 жылғы 24 желтоқсан
№ОСК-435