«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 72-бабына, 73-бабының 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Наурызбай Сейткалиевич Байкадамовты қолдап таңдаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы хаттамасы кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының төрағасы Г.Баймурзаев
Қызылорда облыстық
сайлау комиссиясының хатшысы А.Сырлыбаева
Қызылорда қаласы
2022 жылғы 23 желтоқсан
№ОСК-433